Без рубрики

Мектеп бітіргендеріне 35 жыл толған мектеп түлектерімен кездесу

Ақтөбе облысы  Қобда ауданы
Қобда қазақ орта мектебі Омарова А.К

Өтетін күні:  19.05.2012жыл

Өтетін орны:  Қобда қазақ орта мектебі

Көрнекілігі:  шарлар, жалаушалар, көрмелер,

Жауаптылар:техникалық құрылғылар, экран, проектор -Тлеумаганбетова Г

Салтанат залын мерекеге сай безендіру — Тлеумаганбетова Г,Науфалова  А,Хобдабаев Ә

Түлектерге арналған  бағдарлама   жасау —  Баекова Н

Слайд-шоу жасау-  Омарова Ә

Календарь жасау-  Омарова Ә

Сценари  құру — Омарова Ә, Калиева Қ

Көрме дайындау , стенд жасау-   Альмуханова  Г, Нуга Ж

Жүргізушілер:  Орынбасаров Берік

Мухетанова  Жұлдыз

Мектептің кіре беріс алаңында 11-сынып оқушылары екі қатарға тұрып қарсы алады.                             ( қолдарында шар, гүлдер болуы тиіс)

 

І бөлім   Түлектер  есік алдына келіп  тұрған  мезгілде  жүргізушілер  сөздерін бастап кетеді.

 

І жүргізуші:

Бойларында жігер күші тасыған

Кездері жоқ қиындықтан жасыған.

Түлектерім келе жатыр сап түзеп

Арналсыншы оларға бүгін сый- құрмет

 

ІІ жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді қарсы алайық қол соға.

 

І  жүргізуші:  Бұлар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін, біздің ардақты аға-апаларымыз.

 

ІІ     жүргізуші:

Тірлік осы-атады жаңа таңдар,

Жаңа таңдар-алмасқан алақандар….

Өмір деген биікке дара самғап

Азамат боп  оралған аға -апалар!

 

 

І жүргізуші:

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Мектептің 35  жыл өткен  түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық

 

 

ІІ жүргізуші

 

Сыңғырла   күміс қоңырау.

Шуақты күн астында,

Мектепті еске ал осынау

Жүректер құшақ ашсын да.

Гүлдерге толы омырау

Қағылмақ  сізге  қоңырау

 

  Екі оқушы  қоңырау соғып   түлектердің алдынан шығады

 

Түлектерге дейін барып  қастарында тұрып қоңырау соғады, түлектер  қоңыраудың соңынан еріп мектептің алдына келеді.

 11-сынып оқушылары жиналып  түлектермен бірге суреттке түседі.

 

  (түлектер келе жатқанда  «мектеппен қоштасу әні)  орындалады.

 

Береке мен бірліктің басын құрап,

Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ,

Бітіргелі мектепті  35 жыл,

Сағынысып кездесу – асыл мұрат,- деп  мектеппен сағыныса қауышқан  түлектерді қошеметпен  алтын ұя мектебімізге шақырамыз.

 

 

ІІ бөлім

 

  Осы кезде «Кластастар» әні орындалып тұрады

  Жүргізушілер : Мейрам Гүлдаурен

 

Түлектер  ішке кірген  кезде  қолдарына папка мен  бейджик  беріледі. Тіркелген  түлектер  жүргізушінің  жетегімен  жоғары көтеріледі.   ІІ қабаттағы көрмені аралайды.  Химия кабинетіне  кіреді  (жауапты Жумагелдиева  Нұржанат) География  кабинетіне кіреді (жауапты  Еншібай Ақгүл)  информатика кабинетіне  кіреді  (жауапты Баекова Н)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ бөлім  Салтанат залы

 

1-жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп

Түлектерді қарсы алайық қол соға

 

2-жүргізуші:

Тірлік осы атады жаңа таңдар

Жаңа таңдар алмасқан алақандар

Өмір деген биікке дара самғап

Азамат боп оралған аға-апалар

 

1-жүргізуші:

Ұпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Мектептің 35 жыл өткен түлектерін

Құрметпен қол соғып қарсы алайық

 

2- жүргізуші:

Қуаныш бүгін мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Мектепке келген сағынып

Біздерден сізге мың салем

 

І жүргізуші   Құрметті  мектебіміздің түлектері, құрметті қонақтар сіздерге арналып мектебіміздің әнұраны шырқалады.

 

Хор:  мектеп Әнұраны

 

1-жүргізуші

Құрдастар, сыныптастар, парталастар

Шәкірттер, бір кездегі балғын жастар

35 жыл өтті мектеп бітіргелі

Бастарын қосқалы отыр бүгін достар

 

 

2-жүргізуші:

Береке мен бірліктің басын құрап

Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ

Бітіргелі мектепті 35 жыл

Сағынысып кездесу – асыл-мұрат.

 

І жүргізуші      Бүгін   біздің ортамызда  мектебімізді  1977  жылы  бітірген   бүгінде   мектеп бітіргендеріне  35 жыл толып отырған  мектеп түлектері мен  арнаулы  қонақтарымыз отыр. Олар  Ауданымыздың әкімі  Жүсібалиев  Асқар Қазиханұлы, аудандық маслихат хатшысы  Исмаганбетова Любовь Қабылғожақызы, аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы  Шабарова Роза Қаратайқызы, ардагер ұстаздар.

 

1-жүргізуші

Ерте солған өмір гүлі бақтағы

Оларды іздеп ортамыздан таппадық

Үнсіздікпен тұрып еске алайық

Арамыздан ерте кеткен достарды- дегендей бүгінгі қуанышты сәтте бола алмай өмірден озған аға-апаларымыз бен ұстаздарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

 

2-жүргізуші:

Рахмет

 

 

1-жүргізуші:

Мектеп, мектеп менің жарқын көңілім

Мектеп, мектеп шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп ана болып көріндің

 

2-жүргізуші

Бойларында жігер күші тасыған

Кездері жоқ қиындықтан жасыған

Түлектерім келіп отыр бой түзеп

Арналсыншы оларға бүгін сый-құрмет.

 

1-жүргізуші

 «Назерке» бишілер тобының  биі

 

2-жүргізуші:

Ақыл-білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп көктедім

Сенсің өмір мектебім

Ыстық мектеп партасы

Оқулығы, картасы

Мұнша қызық болғаны

Мұғалімнің арқасы

Алғыстарым көп менің

Асыл ана мектебім-деп салтанатты жиынның алғашқы сөз кезегі мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бисенова Дариға Орынбайқызына беріледі.

 

Ән …………………………………………………………

 

1-жүрг

Тарқалмасын қызықтың шағы қызған

Жана берсін бақ артып бағыңыздан

Құрметпенен ұсындық сізге сөзді

Ақтарылып көріңіз ағыңыздан-деп құттықтау сөз кезегін ауданымыздың әкімі Жүсібалиев Асқар Қазиханұлына беріледі.

 

Ән…………………………………………………

 

2-жүр

Ажырамай халықтан бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз

 

1-жүр

Сөз кезегі аудандық маслихат хатшысы Исмағанбетова Любовь Қабылқожақызына беріледі

 

Би………………………………………

 

2-жүргізуші

Мектебімнің қиынына күйгені

Табыстарға мәз-мейрам боп жүргені

Сіздер үшін күйінгені-күлгені

Сөздер айтар бастайтындай ілгері –деп сөз кезегі аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Шабарова Роза Қаратайқызына беріледі.

 

 Ән——————————————————-

 

1-жүргізуші

Ізгілік пен парасаттың жолдарын

Аралатқан ғалымдардың мол бағын

Көрген сайын жанарыңнан оқимын

Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы үн

 

2-жүргізуші

Бүгінгі салтанатты жиынға түлектеріміздің ұстаздары

1.Құлжанова Шұға апай,

2.Алдиярова Ғалия апай,

3.Тлегенова Розалия апай

4.Несіп апай

Замиха апай

Сөз кезегі өздеріңізде

 

І жүргізуші:

 

Өтті бізден балалық

Өтті бізден шалалық

Тезге салды ұстаздар

Текті мінез-даналық

Ұсынғалы адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға тілейміз

Бақыт, табыс,амандық

 

ІІ жүргізуші  ардагер ұстаздарымыздың құрметіне   Ұстазым әні

 

 

І жүргізуші:

 

Балапандай бауыр басқан ұяда,

Бірге өскен мектебін жан қия ма?

Жолдама алып, болашаққа өзіңнен

Білім іздеп самғап ек әр қияға

 

І жүргізуші

 

Бірге жүрді,10 жыл, бірге ойнады,

Бірге оқыды 10 жыл, бірге ойлады

Қас қақанша    отыз бес жыл өтіпті,

Кластастар кездесуді ойлады

 

ІІ жүргізуші

.

Береке мен бірліктің басын құрап,

Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ,

Бітіргелі мектепті  отыз бес жыл,

Сағынысып кездесу – асыл мұрат,

Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең, құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін   дей отырып, бүгінгі  түлектер кездесуіне келген арнайы қонақтар, мектептің 1977 жылғы түлектеріне сөз кезегін береміз.

 

Сіздерге арнап —————————————————————————————————

 

І жүргізуші

Қабыл етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім,

 

ІІ жүргізуші

 

Мектебіміздің  үздік  түлегі  Орынбасаров Берікке  беріледі.

 

Сенен ыстық алтын ұя таппадым

Өзінде өтті балғын бала шақтарым

Сағынышпен келіп тұрмыз  біз бүгін,

Бетке алған соң балалақтың бақтарын

Мерекеде басты қостық бәріміз

Жарасады әніміз бен сәніміз

Әуенімен тербелейік вальстің

Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.

 

 

Мектеп вальсі

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.