Без рубрики

бастауыш

Қызылорда облысы  Байқоныр қаласы
Ю.А.Гагарин атындағы
жалпы білім беретін №8 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Бегалиева РабиғаӨтешқызы
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Сөйлемнің негізгі мүшесі болатын баяндауыш туралы өткен сабақта алған білімдерін кеңейту, сұрақ қоя білуге, сөйлем ішінде оны ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.
Тәрбиелік: Тәуелсіз еліміздің білімді, таланты азаматы болуға, талпынуға жетелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 20 жылдық тәуелсіздік белгісі, өлең авторы Қ.Жомартбаев суреті, сызбалар, мультимедиа.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
20 жылдық тойымыз құтты болсын
Көңіліміз шаттықпен нұрға толсын
Өміріміз баянды баққа бөленіп,
Мектебіміз шәкіртке, гүлге тостын.
Мұғалімнің сөзі: мектебімізде Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына байданысты түрлі іс – шаралар жүріп жатыр. Әрқайсысымыз кітапханаға кітап өткіздік. Осы мерекеге бізде өз үлесімізді жақсы оқуымызбен көрсетіп жүрміз.
ІІ. Ендеше білім деңгейімізді көрсете отырып, тақтадағы құпияны ашайық. Құпия сырға жауап берген бала күн шапағына ие болады.
– Қазақстан қандай ел?
– Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? (1991)
– Алғашқы қазақ ғарышкері ғарышқа қашан ұшты? (1991)
– Қазақстанда қандай халықтар тұрады?
– Бұл ненің белгісі? 20 жылдық тәуелсіздігіміздің белгісі.
– Дұрыс, 20 жылдық мерекеге алғашқы білімімізді көрсетейік.
а) Үйге берілген топтық тапсырмалардың нәтижесін тексерейік.
– Топтық тапсырмалар.
1. Отан туралы мақал -мәтел жазып, бастауыш, баяндауышын табу.
2. Жануарлардың дыбысталуын жазу.
3. Тұрақты сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрау.
Түнде көзім ілінбеді. Мына мысықтан үрейім ұшты. Інісі тіл қатпады.
Досының сөзіне Дәурен құлақ аспады.
– 4-жаттығу, 4 сөйлемді 4 оқушыға оқытып талдату.
Ойын «Сөз қуаласпақ». Мақсаты: бастауыш пен баяндауыш туралы алған білімдерін кеңейту. Шарты: 1-ші оқушы бастауышын, 2-ші оқушы баяндауышын айтып сөйлемді аяқтайды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
– Бүгінгі, кешегі баяндауыш туралы алған білімімізді толықтырамыз.
а) Көркем жазу.
Дд – қандай дыбыс, неше элементтен тұрады, сөздің қандай буындарында келеді? Жазылу ережесіне тоқталу. Дұрыс отырып, әдемі, көркем жазуын қадағалау.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
1. Берілгенін оқыту.
2. Авторына тоқталу. Жомартбаев Қайыр – (1884 – 1937) Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Жазушы, драматург, ақын.
3. Өлеңді оқыту.
4. Талдау. Сендерге осындай бала ұнай ма? Ендеше бүгінгі сабағымыздың тағы бір ерекшелігі оқушы бойында кездесетін жақсы және жаман қасиеттері туралы айтамыз. «Жалқаулық» жаман қасиет ендеше оны қызыл алаңшаға орналастырайық.
5. Жаттығуды дәптерге және тақтаға орындату.

V. Шығармашылық тапсырма. Ал енді балалар, сендердің ой өрістерің қандай екен, бір сәт ақын болып көрейік, мына өлең жолының соңғы сөзі баяндауыштың қызметін атқаруы тиіс.

Сабақтан біз … .
Жаман бала … .
Жақсылармен … ,
Айтқан серттен … .
Үлкендерді … ,
Айтқандарын … .
2-жаттығу. Берілген суреттерге сөйлем құрату. Ауызша. Бұлар нелер?
Бастауыш баяндауыш қатыстырып сөйлем құрату. Талдау.

Еңбекқор, шыншыл, сыпайы, тіл алғыш
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемді аяқтау. Талдау. Балат қандай бала? Болат – ұқыпты бала. Көк алаңшаға орналастыру. Жаттығуды 2 топқа бөліп орындату.

VІ. Сергіту сәті.

Таңертең мен тұрдым.
Беті–қолды жудым.
Жаттығуды жасап,
Таңғы асты іштім.
Кітабымды алып,
Оқып және жаздым.
Құралдарды түгелдеп
Мектебіме бардым.

VІІ. Өзіндік жұмыс. 4-жаттығу.
– Жаңылтпаш деген не? – Жаңылтпаш – тез айтылатын жылдам сөз? Шапшаң сөз. Оны балалардың тілін жаттықтыру үшін айтқызады.
1. Іштей оқыту.
2. Дауыстап оқыту.
3. Талдау. Гүлзар – гүл егетін жер.
4. Жатқа жазу. Гауһар – еңбекқор
5. Жұпта тексеру.
6. Жұпта бағалау. Көк алаңша

VІІІ. Үйге тапсырма.
5-жаттығу Бастауыш пен баяндауышты ғана теріп жазу. (ереже жаттау)

ІХ. Бекіту
Баяндауышщ
Пысықтауыш
Толықтауыш
Сөйлем мүшелері
Анықтауыш
Тұраусыз мүше
Бастауыш
Тұраулы мүше
Сызба арқылы.

 

 

 

 
Х. Қорыту.
Тәуелсіз еліміздің болашақ иегері сендерсіңдер. Егерде сендер мына жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңірсеңдер болашақта білімді жас, білікті маман, ұлтжанды азамат болу сендерге тікелей байланысты.

ІХ. Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.