Без рубрики

бастауыш

Қызылорда облысы  Байқоныр қаласы
Ю.А.Гагарин атындағы
жалпы білім беретін №8 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
БегалиеваРабиғаӨтешқызы

Сабақтың тақырыбы: Бүлдірген тере барғанда.

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып, көктемгі табиғат құбылыстары, жайлаудағы адамдардың өмірі туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Болжау, қиялмен шарықтау сезімдерін ояту.

Тәрбиелігі: Өзара сыйластық сезімдерін тудыру, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, эмоциялық әсер ала білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, Топтастыру, Эксперт, Болжау стратегиясы, Авторға хат, Тілші-оқырман.

Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті, жайлау суреті,Абай Құнанбаевтың портреті, «Абай жолы» романы, «Домино» ойыны, сөздік жұмыстар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Үй тапсырмасын сұрау.

Әбділда Тәжібаевтың «Жарық түнде жайлауда» өлеңі.

топ. 1.Мәнерлеп оқу.
2.Мазмұндау.
3.Авторды зерттеу.
2- топ 1. Мәнерлеп оқу.
2. жайлауды сипаттау.
3 – топ. 1. Мәнерлеп оқу.
2. «Алтыбақан» ойынын түсіндіру.
Ерте кезде ата-бабаларымыз қыста қыстауда тіршілік етсе, көктем шыға, жазға қарай жайлауға көшкен. Жайлауда балалар жақсы көріп, теріп жейтін, бүлдірген өседі.
Жаңа сабақ. Мұхтар Әуезовтың әңгімесінен үзінді «Бүлдірген тере барғанда»
Автор туралы мағлұмат беру.
«Абай жолы» романынан үзінді екенін айтып өту.
Ой қозғау. «Бүлдірген» деген сөзді қалай түсінеміз? Ойымызға не келеді?
Әңгімені үш топқа бөліп оқыту.
Әр топ өздері оқыған бөлімге ат қояды. Бір-біріне түсіндіріп береді. Эксперт ортаға шығып, өзі оқыған бөлімін мазмұндайды.
Балалардың бүлдірген теруге баруы.
Асау ақ тай.
Жайлауға көшкен ауылдың жылқылары.
Тізбектей оқу (2 сөйлемнен).
«Тілші -оқырман» әдісі.
Сұрақ-жауап.
Тауып оқу.
Оспанның тайға қарсы қолданған айла-тәсілін суреттеген жерді оқу.
«Қан сорпа» деген сөз тіркесін басқа сөзбен айтып көр.
— Әңгімеде кімнің бала кезі туралы айтылған?
-Абай Құнанбаевтың

Ақын
-Абай кім? Аудармашы
Сазгер
Ескерткіш
Біздің қаламызда ақынға арналған нелер бар? Көше
Мектеп
— Бір өлеңін айтқызу немесе тыңдау.
«Домино» ойыны бойынша – (МОТ әдісі)
Әңгіме мазмұнынан үзінді оқылып, құрастырылады.
І топ ІІ топ ІІІ топ
2 сөйлем 2 сөйлем 2 сөйлем
-Не үйрендік, не білдік?
-Әңгіме қалай аяқталса деп ойлайсың?
(оқушылардың ойын тыңдау)
Салыстыру кестесін толтыру.

Салыстыру кестесі
Әңгіменің тақырыбы
Авторы
Оқиға орны
Кейіпкерлер
Әңгімедегі негізгі ой
Қандай ой түйдің?

Үйге тапсырма : Мазмұндау.

І. Авторға хат.
ІІ. Бүлдіргеннің пайдасы
ІІІ. «Асау тай» туралы әңгіме құрастыру, сурет салу.
Сабақты қорыту. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.