Тәрбие сағатының тақырыбы:Менің Қазақстаным
Мақсаты:
а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға,елжандылыққа, әсемдікке,жауапкершілікке тәрбиелеу.Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, проэктор, компьютер,үнтаспа, кітаптар көрмесі.
Жүру барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі
3.Жүргізушілерге сөз беріледі
(сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)
І-Жүргізуші:Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел!сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан!Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке –менің елім- келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!
ІІ-Жүргізуші:Жасыл шүйгін,кең жайлау,асау өзен,асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар,ерке жел.Жанға сая панамыз-Қазақстан көркем жер!
І-Жүргізуші:бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме.Қазақстан-бүгін міне,жеке отау салтанаты жарасқан!Бір отбасы,бір туысқан бір-біріне қарасқан!Тәуелсіздік асқарынан барласаң,бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!
ІІ-Жүргізуші:Қазақстан бүгін міне ,достық туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар,бір кісідей маңдай трін төккен жер!
І-Жүргізуші:Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке, байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты,ағайынды адамдай,ұғасқан көңіл тым қатты!
ІІ- Жүргізуші:Бүгін міне,өркендеуге өнеркәсіп,шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде.Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға.Самға,самға өс,өркенде,жайна елім,аршында!
І-Жүргізуші: Бүгін міне,қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді,қош айтысты сан ғасырлық шерімен!
ІІ- Жүргізуші: Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңышұғыла шашты,ел мерейін асырды,егеменді ел түрлендірді,нұрландырды ғасырды!
(Аккулиев Әділбек пен Керімқұлова Айжанның орындауында
«Менің елім» әні орындалды.Сөзі Н.Назарбаевтікі,әні Б.Тілеухановтікі)
І-Жүргізуші: 1990 жыл…
24 сәуірде Қазақ ССР-інің ХІІ шақырылған Жоғары Кеңесінің
І сессиясында Н.Ә.Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.
25 қазан. «Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді.Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа,алғаш рет ҚазССР-інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік құқықтық нормаларын бекітті.
ІІ- Жүргізуші: 1991 жыл…
1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті.Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды.Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып,өз басшысын сайлады.
Оқушы: Елің үшін қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
Аяздарға тоңдырмай аялай біл.
Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзіңді жарылқап,тау шыңдасын.
Баста бізді бақытқа,көзіңдегі
Елге деген мейірім таусылмасын!
І-Жүргізуші: 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті Н.Ә.Назарбаев біздің мемілекетімізге Қазақстан Республика атауын беру туралы заңға қол қойды.Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдірді.
(Ақеркенің орындауында «Қазақстан –қасиетті Отаным»әні орындалды.)
ІІ-Жүргізуші: 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.Бұл заңды көп күткенді.Енді Республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет құдыретін заңды тұрғыда рәсімдеді (отырғандар шапалақ ұрады).
І-Жүргізуші: Мерейім- нұрлана бер, азат Күнім
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемде қазақ бүгін.
Құттысың тәуелсіздік- киелі күн!
Құт күшім –егемендік иелігім,
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
Бақытым –еркіндік боп үйілер күн.
(Бақыттың орындауында «егемен елім-ай».Әні К.Дүйсекеевтікі,
сөзі Б.Батырбекқызынікі )
ІІ-Жүргізуші: 1992 жылдың 4 маусымы.Қазақстан тарихында ұмытылмас тарихи күн: Бұл күні Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі өз жұмысын талқылаудан бастады.Ежелден бейбітшілік,біртұтастық, сабырлылық және амандықтың белгісі –байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба үшін мейірімділік,ізгілік белгісі- алтын түс таңдап алынды.
Оқушы І : Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын,еркін Қазақ!»-деп шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.
Оқушы ІІ : Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Оқушы І : Ал самға әлем екзіп,Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы-шаңырағым.
Оқушы ІІ : Көк байрақ, көгерт менің көсегемді,
Аспандат атам қазақ Аруағын!
(Сақыш Олжас пен Азамат Шырынның орындауында «Атамекен » әні.
Осы уақытта бейнетаспадан Қазақстанның көрікті жерлері
мен қалалары көрсетіледі.)
І-Жүргізуші: 1992 жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында Алматы қаласында Қазақтардың бірінші дүние жүзілік құрылтайы болып өтті.
Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкіл дүние жүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды.
Құрылтайға Түркия, Иран, Монғолия ,АҚШ ,Қытай, Германия, Англия сияқты 30-дан астам елден барлығы 700-ден астам делегаттар келді.Бұл конгресті өткізу қазақ халқының өзіндік санасының дамуы үшін маңызы зор, мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті.
ІІ-Жүргізуші: 1993 жыл.28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан республикасының алғашқы Конституциясы туралы» заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы-Қазақстан өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық.Ол біздің республикада жаңа үлгідегі қоғамның орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті.
І- Жүргізуші: 15 қараша Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы – теңге енгізілді.
(Ерболат Аманжан мен Асас Бақыттың орындауында ән «Өз елім».)
ІІ- Жүргізуші: 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы ел тәуелсіздігінің 17 жылдығын салтанатты түрде атап өтті.
Мерейім- нұрлана бер, азат Күнім
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемде қазақ бүгін.
Кең далам , көл-дариям,сеңгір тауым,
Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын.
Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
Байладым тәуелсіздік -өмір бауын!
(Сағи Дананың орындауында «Қазақ биі»)
І-Жүргізуші:1997…Жаппай қуғын-сүргін құрбандары еске алу жылы!Миллиондардың жанындағы жарақатқа шипа болып,әділетке сенімді күшейтті.Озбыр билік пен тоталитарлық саяси жүйенің табиғатын мықтап танытып,демократиялық құндылықтардың маңызын жете түсінуге және қастерлей білуге көмектесті.
(Жолдыбек Жандарбек Құрманғазының күйі «Сарыарқа»)
ІІ-Жүргізуші: 1998 жыл… халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақытты көмескілеп келген ұлттық тарихымыздың жай –жапсарына жан-жақты көз салғызды.сол арқылы адамзат дамуының бағыт-бағдарын терең пайымдап ,бүгінгі күрделі дүниедегі өз орнымызды дөп басып, өз аяң жөніндегі байыпты бағамдай білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан астанаға көшірілді.
І-Жүргізуші: Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі –Астана қаласы!
Тақырыбы: «Ізгілік өзіңнен басталады»
Мақсаты: Оқушыларға қоғамымызғв саналы еңбек ету үшін тәрбиенәң
қажеттілігін түсіндіру.Өз бойларындағы жақсы қасиеттерді
таныту,балалардың жүрегіне ізгілік ұялату,өз ой-пікірлерін
ашық айтып,өзгелермен бөлісу.
Әдісі: Тренинг
Көрнекілігі: Плакаттар,видео кассета,мультимедиялық проектор,
компьютер,экран,«Жүректен жүрекке»жәшігі,
шарлар,гүлдер,сызбалар;
Жүрісі: Ұйымдастыру
Мұғалім: Қайырлы күн!Мен сіздермен кездесуімді мәңгі ескірмейтін
баянды бақыт туралы әңгімемен бастағым келіп тұр.
(баяу музыка)
Жер шарының бір түкпірінде Бақыт атты бір қыз өмір сүріпті.Дос-құрбысыз өмір сүру оны жалықтырыпты.Бір күні ол жүз жасаған ақсақалды қартқа жолығып:
— Ата,Алла сыйлаған тәтті өмірде сыр бөлісер адал дос іздеймін.Әрі ақылды,әрі мұңдас дос тауып беруге көмектесіңізші,-депті.
Қарт ұзақ ойланды да былай деді:
-Ертең арайлап атқан таңмен,шөп басындағы шық кеппей тұрып,маған кел.
Таңның атуын асыға күткен Бақыт ертесіне уәделескен жерге жетті.
Келсе алдында ғажайып бес ару күтіп тұр екен.Сұлулығы бірінен бірі асады.
-Міне,таңдап ал,-депті қарт.
Бес ару Бақытқа өздерін былай таныстырыпты.
(Экранға мультимедиялық проектор арқылы қыздардың суреті шығады)
-Шаттық
-Табыс
-Сұлу
-Қайғы
-Мейірім
— Бәрі де керемет екен,-деген Бақыт тосылып қалды.
-Қайсысын таңдарымды біле алмай тұрмын.
-Таңдау өзіңде,-деп жауап береді дана қарт.-Олардың бәрі сұлу.Өмір атты ұзақ жолда олардың бәрімен де кездесесің,әрі дос та боласың.Ал,қазір сен осылардың біреуін таңдауың керек.Ол сенің өмірлік досың болады.
Қыздардың қасына жақын келген Бақыт олардың көзіне тіке қарады да,ойланып қалды.
? Сен Бақыттың орнында болсаң кімді таңдар едің?Бұл сұрақ-ортақ сұрақ.Қане,өз ойымызды қағазға түсірейік.
? Неге?
(Балалар жауабын айтты)
-Жақсы.Бұл сіздердің ой-пікірлеріңіз.Ал,Бақыт кімді таңдады екен деп ойлап отырңан боларсыздар.Бұл ой мені де мазалап тұр.
-Бақыт болса,Мейірім атты қызға қол созыпты.
-Бақыт неге Мейірімді таңдады екен,осыған ой шақырып көрелік.
(Оқушы жұмысы)
-Сіздердің айтқандарыңызға мен де қосылам.Өйткені қазіргі қоғамдағы адамдардың достығы,бірлігі,бір ауыздылығы сіздер айтқандай өзекті мәселе.
Қоғамда өмір сүрген адамдардың барлығы да бақыт,сыйластық бірлік,мейірім болған жағдайда біз өмірімізді ізгілікке толтыра аламыз.
Ал,енді осы ізгілік деген сөзді қалай түсінеміз.Қане айтылған ойларымызды ортағы салып көрейік.Жер бетіндегі тіршілік жылудан,күннің нұрынан таралған дейміз, олай болса ізгілікті біз күн шапағымен салыстыра аламыз.Сіздердің жауаптарыңызды күн шапағымен бейнелейік.
Өте жақсы. Ал, енді өзге сыныптағы құрбыларыңыз былай деп сыр шертті, тыңдап көрейік.
Видео сюжет: «Балалықтан болашаққа»
Міне балалар өздеріңіз секілді замандастарыңыз осылай ой толғады.
Демек біздің қоғамымызда ізгілік атты адами қасиетке орын бар екен.
Сіздер осы балаларға қандай ізгі тілек тілер едіңіздер, соны алдарыңыздағы параққа жазып , мына тұрған «Жүректен жүрекке» атты жәшікке салсаңыздар
(Балалалар жұмысы)
Рахмет балалар сіздердің жүректеріңізден шыққан жылы лебізді , суытпай замандастарыңызға жеткізуге сөз беремін.
Ойын: «Бұл-біз».
Қоғамды адам билейтін заман. Тәуелсіз елдің тірегі сіздердің қолдарыңызда. Адам өзінің болмысын, ниетімен, сенім сезімімен, ойлауымен әр алуан. «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар» дейді қазақ.
Сіздер өз бойларыңызды қандай адами ізгі қасиеттер бар деп ойлайсыздар, сол сөзді мына шарға жазыңыздар.
Міне қандай ғажап көрініс құрдық.
-Бұл не?
-Бұл шарлар
-Бұл кім?
-Бұл біздер.Бұл біздің сынып
Иә, бұл –сіздер. Бұл-қоғам байлығы, яғни байлығымыз толыққанды, дені сау, бақытты балалықпен өмір сүрген адамзат.
-Осындай жақсы қасиеттердің бойларыңыздан табылуы ата-анамен бірге мектеп-ана, ұстаз ана, сынып жетекшілеріңіздің де үлесі бар ғой деп ойлаймын. Осы байлығымызды уысымыздан шығарып алмай тұрып, сынып жетекшілеріңізге табыс еткім келеді.
-«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген осындай болашақ елдің ұландарын тәрбиелеуде сіздің еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін.
Міне бұл арқылы біздің бүгінгі кештен түйген түйініміз- біз өз бойымыздағы адами құнды қасиетті таптық. Үлкен елдің ізгі жүректі кішкентай азаматы екенімізді дәлелдедік.
Менімен бірге жұмыс жасаған шәкірттерім сіздерге рахмет, назар қойып тыңдаған көрермен сізге рахмет.