Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кенті
№85 орта мектеп Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Мырзалиев Кенжебек
Тақырыбы: Білім мұхитына саяхат
Мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын,ізденуін арттыру.Өткен сабақтарын жинақтау және топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
- 6а сыныбы «Атмосфера»тобы.
- 6б сыныбы «Гидросфера»тобы.
- 6в сыныбы «Биосфера»тобы.
Әр топта 2ер бала, 2қыз бала болуға тиіс.
Бір келкі формалары болуы керек.
Сайыстың бағдарламасы:
- Таныстыру
- Сұрақ – жауап
- Үй тапсырмасы
- Капитандар сайысы
Армысыздар құрметті қауым . География пәнінен «Білім мұхитына саяхат » атты білім сайысына қош келдіңіздер!
Сайыс барысы:
І. Таныстыру.
Шарты: Эмблема, топ, ұранды таныстыру қажет
ІІ. Сұрақ-жауап.
Шарты: Тақтада 12-ұяшық болады. Әр топ кезек – кезек ұяшықты таңдайды. Сұраққа жауап бере алмаса, қарсы топтар жауап беруге болады.
Сұрақтар:
1) Тегі итальяндық Америка деп аталатын материкті ашқан саяхатшы ?
Жауап: Х.Колумб.
2) М.Бехайм жасаған аспап?
Жауап: Глобус.
3) Қазақтың тұңғыш географ-ғалымы?
Жауап: Ш.Уәлиханов.
4) Жер күнді орбита бойынша қанша уақытта айналып бір рет айналып шығады?
Жауап: 365 күн 6 сағат.
5) Португалиялық теңізші,жер шарын тұңғыш рет айналып шықты және жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді?
Жауап: Фернан Магеллан.
6) Жер сілкіну жиі қайталанатынып тұратын аймақтар қалай аталады?
Жауап: Сейсмикалық аймақтар.
7) Мұхит деңгейінен есептелінетін биіктік қалай аталады?
Жауап: Абсолют биіктік.
8) Жер экваторының ұзындығы қанша?
Жауап: 40 000 км.
9)Португалия саяхатшысы Африканы айнала Үндістанға теңіз жолын ашты?
Жауап: Васко да Гама.
10)Жер өз білігінен қанша уақытта бір рет айналып шығады?.
Жауап: Бір тәулікте.
11)Жер қыртысы мен ядросының арасындағы қабат?
Жауап: Мантия.
12)Мұиттар мен теңіздердің жеке бөліктерін бір- бірімен қосатын құрлықаралық жіңішке су алабы?
Жауап: Бұғаз.
2.Үй тапсырмасы:Әр топтың атына байланысты сұрақтар.
Атмосфера тобына:
1) Атмосфера құрамы?
Жауап: Азот 78%.Оттегі21%.
2)Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы?
Жауап:Атмосфералық қысым.
3)Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы не деп аталады?
Жауап:Жел.
4)Атмосфералық қысым қандай құралмен өлшенеді?
Жауап:Барометр.
5)Пайда болатын ендіктеріне қарай әрбір жарты шарда 4 түрлі ауа массалары аталады.Оларды ата?
Жауап:1.Арктикалық ауа,2.Қоңыржай ендік ауа,3.Тропиктік ауа,4.Экваторлық ауа.
6)Жер шарында кейбір аймақтарындатұрақты түрде жергілікті желдер соғып тұрады.Олардың ішінде негізгілері қалай аталады?
Жауап:Муссон және Бриз.
7)Сынап бағанасының 760мм биіктігіне тең қысым қандай қысым?
Жауап:Қалыпты атмосфералық қысым.
8)Ауа райының белгілі бір жерге сипатты,көп жылдық орташа жай-күйі қалай аталады?
Жауап:Климат.
Гидросфера тобына:
1)Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл Жер бетінің қанша бөлігі тиеді?
Жауап:3/4 бөлігі немесе 361 млн.км2 тиеді.
2)Судың тұздылығын немен өлшейміз?
Жауап:Промилле.
3)Мұхиттағы ең терең шұңғыма?
Жауап:Мариан.
4)Су астындағы өте қатты жер сілкінуден немесе жанартаулар атқылауынан туатын толқындар?
Жауап:Цунами.
5)Мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде бір бағытта ауысуы қалай аталады?
Жауап:Мұхит ағыстары.
6)Өзеннің ағып шығатын жері қалай аталады?
Жауап:Бастауы.
7)Жер шарындағы ең биік сарқыраманы ата?
Жауап:Анхель сарқырамасы 1054м.
8)Мұхит суы қанша жылда жаңарады? Жауап:2500 жылда.
Биосфера тобына:
1)Тірі организмдердің басты ерекшелігі?
Жауап:Көбейгіштігі.
2)Грекше биоценоз сөзінің қазақша мағынасы?
Жауап:Био-тіршілік,ценоз-ортақ.
3)Тірі организмдер Жердің қандай қабықтарында шоғырланған?
Жауап:Атмосфера төменгі,литосфераның беткі,гидросфера және биосферада?
4)Күн энергиясының бөлінуімен жүретін құбылыс(процесс) Жауап:Фотосинтез.
5)Тірі(органикалық) және өлі(бейорганикалық) табиғаттың өзара әрекеттесуінің нәтижесіндепайда болатын ерекше табиғи дене?
Жауап:Топырақ.
6)Биоценоздардың географиялық таралу заңдылықтарын қандай ғылым зерттейді? Жауап:Биогеография ғылымы. 7)Ғалымдар қазіргі кезде атмосферадағы бар оттегі қорын жасыл өсімдіктер қанша жылда бөліп шығарады деп есептеген? Жауап:10 000 жылда. 8)Біздің планетамыз өзінің даму тарихында қанша және қандай кезеңдерден өткен. Жауап:Тіршілікке дейінгі және тіршілік шыққаннан кейінгі екі кезең. 4.Капитандар сайысы. Әр топ өзінің дайындап келген жұмбақтарын жасырады. Ең көп жұмбақ шешкен капитан жеңіске жетеді.