Без рубрики

«Алтынсың ғой анашым» атты ертеңгілігінің бағдарламасы

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы,№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы

«Алтынсың ғой анашым» атты ертеңгілігінің бағдарламасы

Құрметті асыл аналар, қыз қызғалдақты қадірлі апайлар!!
Қар асытынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, аналар мерекесіде келіп жетті. Бәйшешек соншалықты нәзіктігісіне қарамастан, қалың қардың астынан бұршік жарады. Біздің асыл аналарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын. «Алтынсың ғой Агашым» атты ертеңгілігімізді бастау үшін балабақша меңгерушісі Ұлжамал апайға сөз береміз.
Хор « Анаға салем»
Гүлкөктем:
Көктемкелді жарқырап,
Мәз боламыз жадырап.
Наурыз айы береке,
Құтты болсын мереке.
Радамир:
Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қыздың бақ әжем,
Ертегі айтып бер десем.
Айтып берер тағы әжем.

Мерей.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп.
Түнде бесік таянған.

Ақнұр.
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз.
Ана сүтімен тарайды.
Біздің туған тіліміз.

Қарақат:
Мамабыз бен әжеміз
Ұл қыздарын өсірген
Еш жатып, ерте тұрсада
Шаршағанды білмеген.
Қабағын бірде түймеген.
Ашуды да білмеген
Біз бақытты баламыз.

Хор: «Ақ мамам»

Гүлназ:
Ана деген асыл жан
Жақсы көрем анамды.
Сипағаны басымнан
Мәңгіесімде қалады.

Нұрдаулет:
Ана қымбат бұл өмірде
Бесігімді тербеткен.
Ана қымбат әрқашанда
Біздер үшін тер төккен.

Ардақ:
Менің мамам ақ мамам
Жақсы көрем шаттанам.
Тәрбиелеп мені өсірген,
Менің мамам жақсы мамам

Аружан:
Анашым менің анашым,
Қайда барсаң пасың.
Құлыным деп аймалап,
Келсең қарсы аласың.

Сымбат:
Мейрірімді сымбатты,
Қадірменді қымбатты.
Ең жақыны балаға
Кім десеңде? Ол ана

Хор: «Туған күніңмен»

Мағжан:
Ақ сүт берген анашым,
Қайталанбас дарасың.
Тең келер саған жан бар ма?
Маған қымбат анашым.

Дамир:
Ана біздің гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Балаңызды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Мирас:
Айналайын анашым,
Мәпеледің өсірдің.
Мен өзіңе қарызбын.
Сыйлаймын гүлін өмірдің.

ән: «Айгөлек» орындайтын Қарақат Б
би : Вальс — бір топ бишілер
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» орындайтын Радамира
ән: «Достық жыры» орындайтындар Мағжан, Сымбат, Нұрдаулет, Гүлкөктем.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.