География пәнінен қолданбалы курстың бағдарламасы (жаратылыстану-ғылыми пәндерінің саласы)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
География пәнінен қолданбалы курстың бағдарламасы
(жаратылыстану-ғылыми пәндерінің саласы)
Тақырыбы: «Елтану»
Сыныбы: 11
Мамандығы: «География»
(мамандық атауы)
Оқыту түрі: Күндізгі
Барлық сағат саны: __34_аптасына 1 рет
2012 жыл
Байқауға қатысушының инновациялық тәжірибесі туралы ақпараттық карта
Қабдол Гүлшарида Аманғалиқызы Жалпы мәлімет
Жұмыс орны
Пәні
Еңбек өтілі
Қызылқоға ауданы Жаңашаруа қазақ орта мектебі
География
пәні мұғалімі
10 жыл
Қолданбалы курс тақырыбы: “Елтану”
Құрастырушы: Қызылқоға ауданындағы Жаңашаруа қазақ орта мектебінің
география пәні мұғалімі Қабдол Гүлшарида
Бағыты: Жаратылыстану- математика бағыты
Курстың білім беру мазмұны құрылымындағы орны: “Дүние жүзі экономикалық географиясының жалпы сипаттамасы” тарауының бір бөлімі.
Түсінік хат
Еліміздің келешегі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде дамыту мен тәрбиелеуде,олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда,шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеуде,ғылыми географиялық таным негізінде дүниедегі өз орнын анықтауда,география пәні үлкен рөл атқарады.
“География” оқу пәнінің мазмұнын жаратылыстану-ғылыми жүйелер, олардың өзара әрекеттесуі, табиғат құбылыстарын зерттеудің жаратылыстану-ғылыми дүниетанымы мазмұндық желілері құрайды. Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпаққа жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәні үлкен рөл атқарады. ХХІ ғасыр-білімді шәкірттердің ғасыры. Озық ойлы шәкірттің бойына білім нәрін қазіргі талап тұрғысынан бере білу-ұстаз еңбегінің басты нәтижесі. Қай қоғамда болмасын адамзат баласының басты міндеттерінің бірі-ақылды, салалы, еңбексүйгіш тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа сапалы білім беру, саналы тәрбие берудің тиімді жолдары сан алуан. Жер бетіндегі барша халық ұрпағының адал, ержүрек, қайырымды, ар-ұяты мол елжанды азамат болғанын қалайды.
Пән бойынша оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіріп, теориялық ұғымдарды практикалық тұрғыда жүйелі ұштастыру нәтижесінде іскерлік, біліктілігін арттыру. Соның ішінде: Биылғы оқу жылында бағдарлы оқыту бойынша жаратылыстану-математика бағыт таңдап алынды. Бұл курста тарихи-географиялық аймақтар мен жеке елдерге елтану бағытында сипаттама беріледі. Оқушылар әлемдік өзгерістер мен құбылыстардың кеңістікте көрініс табуын танып біледі. Адамзат өмір сүріп отырған әлем өзара тығыз байланысты,әрі өзара тәуелді.Біз бәріміз бір планетада қатарласа тіршілік етеміз,ал бұл планетамызды бөлшектеп танып-білу өте-мөте қиын.Міне,сондықтан бұл “Елтану” курсында бүкіл дүние жүзі елдері жайлы әңгіме ететін боламыз.Кіріктірілген кешенді курстарды қалыптастыру,елтану материалдарын енгізу,мазмұнды ізгілендіру және әлеуметтендіру ұстанымдарын пайдалану,аймақтық және жергілікті материалдарды енгізу,оқушылардың біліктілігін көтеру,яғни олардың өмірлік компотенциясын қалыптастыру бағдарлы мектептегі география пәнінің ғылыми-теориялық жаңалықтарына жатады. Оқушылардың осы курс бойынша географияға қатысты ақпараттарды өз бетімен «тауып алуы» үшін оларды арнаулы және жалпы ғылыми жүйелілікке бағыттау.
Мақсаты:
“Елтану”курсы- оқушыларға географиялық білім беру, бүкіл әлемнің аумақтық ерекшеліктері туралы бастапқы нақты білім беру,бұлардың біртұтастығын түсіндіру және осының негізінде басқа шетелдермен жеке аймақтарға деген танымдық қызығушылығын тудыру,кәсіби бағдар беру.Қазақстандағы дүние жүзі георграфиясының ажырамас бір бөлігі ретінде бірлікте әрі салыстыра оқыту.Оқушыларды статистикалық, картографиялық деректерді, Интернет жүйесі ақпаратын өз бетімен өңдеуге үйрету.Жалпы дүниені тұтас түрде көре білуге,басқа халықтардың тарихы мен мәдениетіне,өзіндін ерекшелігіне құрметпен қарай білуге тәрбиелеу. Теориялық алған білімдерін практикалық түрде дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
-Елдердің табиғат жағдайларымен табиғат ресурстарын шаруашылық тұрғыдан бағалауға;
-Халықтардың тарихи-этнографиялық,қоғамдық және әлеуметтік,экономикалық мәселелерді оқып үйренуді қалыптастыру;
-Оқушыларға дүниежүзі елдерінің халқын олардың салт-дәстүрлерін,дінін,мәдениетінен кеңірек оқытып үйрету;
-Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы,табиғат ресурстары мен халықтар туралы,шаруашылығы және өның ғылыми-техникалық жағдайындағы даму беталыстары жайында түсінік беру;
-Түрлі тақырыптық карталармен жұмыс істей білуі;
-Сұрақтарға толық жауап беріп, тапсырмаларды ынта қоя орындауларын қадағалау;
-Курс бойынша алған білімін ғылыми зерттеушілік жұмысқа бағыттау;
-Географиялық мәдениеті мен білімін жетілдіруді қалыптастыру;
-Оқушыларды еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие беру;
-Әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту.
Өзектілігі:Дүние жүзі елдеріне қатысты өзекті мәселелерді зерттеуде оқушылардың практикалық іс-әрекет дағдыларын дамыту.
Проблема:Дүние жүзі елдеріндегі аймақтық және глобальды мәселелердің түпкілікті шешімін таппауы;экологиялық жағдайдың қауіпті құбылысқа айналуы;елдер арасында өзара интеграцияланған экономиканың толық дамымауы;елдердің географиялық тұрғыдан дамуы жонінде толық ақпараттың тапшылығы.
Бағдарланған мамандықтар: тарих, әдебиет, химия және биология, география,математика,экономика,т.б.
Пәнаралық байланыс: Экономикалық география, биология, тарих, әдебиет, химия, география,экономика, дінтану, т.б.
Бағдарламаны жүргізу формалары: Реферат, сынақ, тест, лекция.
Бағдарламаны аяқтау формалары: Тест, сарамандық жұмыстар
Ғылыми болжам:Бұл бағдарлама, оқушылардың 6-10 сыныптарда жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білумен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.
Дүние жүзі елдері географиясының ғылыми мәселелеріне талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеуге болар еді.
«Елтану» курсын оқыту ұстанымдары:
1. Ғылымилық
2. Байланыстылық
3. Қызығушылық
4. Үздіксіздік
5. Өлкелік-аймақтық ұстаным
6. Кіріктіру ұстанымы
Таңдау курсын жүргізуде қолданатын инновациялық технологиялар:
1.Модульдік оқыту технологиясы.
2.«Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу» стратегиялары
3.Интерактивті технологиялар
4.«Ғылыми жобалау әдістемесі» бағдарламалары
5.Дебат технологиялары
Курстың зерттеу әдістері:
1.Әлеуметтік: талдау, синтез, қорыту, абстракция.
2.Проблемалық әдістер: мәселені талдау, болжам жасау, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтау, болуы ықтимал нәтижені алдын-ала болжау, күтілген нәтижені бақыланған құбылыспен салыстыру.
Нәтижесі: реферат қорғау, ғылыми жобалар жарысы, «Кім білгір» білгірлер сайысы, пәндік олимпиадалар.
«Елтану» курсының жылдық жоспары
(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Р/С Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уақыты Ұйымдастыру формасы
1 Кіріспе сабақ: «Қолданбалы курс бағдарламасы-Елтану» 1 Өтілетін тақырыптарға жалпы шолу жасау
2 Біріккен Ұлттар Ұйымы 1
Топпен жұмыс
3 Германия 1
Шығармашылықпен жұмыс
4 Франция 1
Ойын
5 Италия 1
Сайыс
6 Испания 1
Картамен жұмыс
7 Еуропаның ұсақ мемлекеттері 1 Кескін картамен жұмыс
8 Тест жұмысы 1
Алған білім-білік дағдыны жүйелеп қорытындылау
9 Азия елдері 1 Сызба-нұсқа дайындау
10 Жапония 1 Ойын
11 Қытай 1 Семинар
12 Монғолия 1 Топпен жұмыс
13 Оңтүстік Шығыс Азия елдері 1 Шығармашылық жұмыс
14 Үндістан 1 Ойын
15 Иран 1 Реферат қорғау
16 Ауғанстан 1 Картамен жұмыс
17 Түркия 1 Сайыс
18 Орталық-Азия елдері 1 Баяндама дайындау
19 Шанхай ынтымақтастық ұйымы 1 Семинар
20 Тест жұмысы 1 Сынақ
21 Орталық Америка елдері. Панама. 1 Кескін картаға елдерді түсіру
22 Гондурас. Сальвадор 1 Тест
23 Оңтүстік Америка елдері. Эквадор 1 Семинар сабақ
24 Перу. Чили 1 Ойын
25 Солтүстік Америка елдері 1 Дебат
26 АҚШ 1 Пікірталас
27 Канада 1 Пресс-конференция
28 Практикалық жұмыс 1 Сарамандық жұмыс
29 Африка елдері 1 Ойын сабақ
30 Солтүстік Африка елдері 1 Семинар
31 Альжир. Египет. Марокко 1 Дебат
32 Практикалық жұмыс 1 Сарамандық жұмыс
33 Әлемдік экономикалық бәсекелестік және Қазақстан. 1 Конференция
34 Қорытынды. Тест жұмысы 1 Алған білім-білік дағдыны жүйелеп қорытындылау
Оқушылардың «Елтану» курсы бойынша алған білімді меңгеруін
Оқушылардың оқу процесіндегі іс-әрекетті төрт деңгейлі таксономиялық модель арқылы анықталады:
-бірінші деңгей (төменгі деңгей 1-3 балл);
-екінші деңгей (орта деңгей 4-6 балл);
-үшінші деңгей (жеткілікті деңгей 7-9 балл);
-төртінші деңгей (жоғарғы деңгей 10-12 балл).
Оқушылардың сұрақтарға берілген жауаптары 12 балдық шкала бойынша бағаланып, пайыздық қатынастары шығарылады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1.Түрлі географиялық картадан түрлі елдердің тарихи-географиялық орындарын, онымен шектесетін мемлекеттер шекараларын, әлеуметтік-экономикалық,қоғамдық-саяси құрылымдарындағы өзгерістерді анықтай алады.
2.Өзіне берілген тапсырма бойынша архив орындарында түрлі құжаттармен, кітапханадағы каталог-карточкалармен, мұражайдағы мұрағаттармен өздігінше жұмыс істеп, оның нәтижесін практикада пайдалана алады.
3.Мерзімді баспасөз материалымен үнемі, әрі жүйелі жұмыс істейді, одан жинақталған мәліметтерді күнделікті оқу үрдісінде пайдаланады.
4.Монографиялармен жұмыс жүргізіп, өздігінше конспект, тезис, реферат дайындайды.
5. Әлеуметтік-экономикалық география туралы түрлі көзқарастарға өз пікірін білдіреді, оны дәлелдейді, пікірталасқа қатысады.
6.Қазіргі қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық,экологиялық проблемаларды талдауға, салыстыруға, себеп-салдарын анықтауға, географиялық білімдерін еркін қолдана алады.
7.Мақсат қоя біледі, жоба құру. Болжам жасау сияқты шығармашылық іздену әдістемесін меңгереді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Әлемдік география кітабы. Дорлинг Киндерсли баспасы. Лондон. 1996 ж орысша аудармасы.
- География және табиғат журналы №3 2003 ж, №1,3,5,6 2004 ж, №3,5,6 2005 ж, №3 2006ж.
3.Дүниежүзінің экономикалық-әлеуметтік географиясы 10-сынып В. П. Максаковский. Алматы, 2004 ж - Қазақ энциклопедиясы. Алматы, 2001 ж.
- ҚР энциклопедиялық анықтама. Алматы, 2001 ж.
