Филология

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ІС –ТӘЖІРИБЕМДЕ

Қамбарова Сағира Лаубайқызы
Қазалы ауданы,Қазалы ауылы,
№ 100 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ІС –ТӘЖІРИБЕМДЕ
Қазіргі кезде біздің білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұныны жаңарып, жаңа қөзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
-Білім беру мазмұны жаңа прогрессивтік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен баи түсуде;
-ақпараттың дәстүрлі әдістері ауызша және жазбаша,телефон және радио байланыс
Қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
-баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына , азамат, тұлға
ретінде қалыптасуна көңіл бөлінуде;
-мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
-қоғамдық біліммен пара –пар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына
және ғылымның рөліне мән берілуде;
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына арналған жолдауында:
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік , денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр.
Олар қазақ, орыс,ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» -деп көрсетілгендей –ақ,ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән.[1]
Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі болашағы-бүгінгі мектеп оқушылары.
Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту- бүгінгі өзекті мәселесі.
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді.
Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың
Мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Сонымен қатар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктеін де пайдалана алатын болады.
Бұлардың барлығы,сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттемелердің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.
«Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізге құрылуына тірелді. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуіне болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт»-деді ұлы ақын –педагог М.Жұмабаев. [2]
Сондықтан мектеп –мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның білім беру саласына сұраныстарын қанағаттандыратын қоғамдық мемлекеттік жүйе.Өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесінің дене және жан сұлулығының интеллектуалды әлеуетінің қамын ойлау-тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселенің бірі. «Білім беру заңымызда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың интеллектуалдық дамуы,психологиялық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып,халықтың барлық деңгейіндегі білімге қол жеткізді;…білім берудің зайырлы сипаты;… білім ізгілікті және дамытушы сипаты делінген [3]
XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде –білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту. Тұжырымдамасында қазіргі мектептер:практикалық мектепте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;қоғамның инновациялық білім –іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға , оқу ісін дамытуға бағытталған.
«Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты тереңірек ашуға, оларға бағыт –бағдар беріп, әсер етуге , оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аударамын. Сыни тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге жылуын күшейтеді. Оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмектеседі. Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни қөзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу-әр ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім. Ең бастысы -өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйыға отыратын оқушылар да аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады. «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасының маған берген нәтижесі-өз әдіс-тәсілдерімнің дүниеге келуі.
Осы әдіс-тәсілдерімді сабақта қолдану барысында жеткен нәтижелерім туралы айтып,ой бөліссем деп едім.
10-сыныпта «Абайдың табиғат лирикасы» бойынша өткізген сабағымда «Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй»деп айтқандай, Абай әніне құлақ түрсек, «Желсіз түнде жарық ай» әнінің шығу тарихын тереңірек үңіліп, зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап еттім. Сыныпта өте зерек оқушы Әйгерімге ұнап, әннің шығу тарихын зерттеп, әнді нақышына келтіріп орындады. әнді Әйгерім ерекше сезіммен айтты. Сабақта әнді үнтаспадан айтқаннан гөрі тірі дауыспен айтқызу оқушыларға ерекше әсер етеді деп ойлаймын. Бұл оқушыны сергітеді, әрі әсемдікке тәрбиелейді. Мен бұл тәсілді «Әуезбен әсерлеу» деп атадым.
«Ой түйіндеу» стратегиясы.10-сыныпта Абай қара сөздерін өткенде «Он жетінші» сөзін зерттеу жұмысы тапсырылды. Топта бір оқушы –Ақыл, екіншісі –Жүрек, үшіншісі-Қайрат, төртіншісі-Ғылым болды. Бұл оқушылар өз кейіпкерлерінің сөздерін талдай келе соңында ой түйіндейді. Ғылымның айтқан ой түйіндеуі мынадай: «Әр адам қай уақытта болмасын өз жүрегіне бағынуы керек. Жүрек әмірі тек жақсы игілікті істерге ғана бағытталуы керек. Мен жүректің айтқан сөзін таңдадым.»
Бұл әдіс-тәсілдегі негізгі мақсат –ой қарапайым жалпақ тілмен шұбарланбай, ең негізгі дәл, ойлы, көркем сөзбен берілуі керек. Бұл оқушылардысөзді орынды пайдалануға және шешендікке баулиды.
«Тумалы бейне» стратегиясы Мен 2002-2009 жылдар аралығында «Жас талап» үйірмесін жүргіздім. Үйірмеге дарынды шығармашылықпен айналысатын оқушылар қатысты. Олардың шығармалары республикалық «Асыл сөз», Қазақстан мұғалімі» газеті «Балдәурен» бетіне және облыстық «Халық», аудандық «Қазалы айғағы»газетіне жарияланды.2008 жылы бітіруші түлек қазіргі таңда облыс көлеміне танымал жас ақын Ұлықбек Тәңірбергенов.
«Сөздер сөйлейді» стратегиясы. Оқушылар өз өлеңдерін, әңгімелерін оқып, көріністерін көрсетіп болғаннан кейін, тақтаға «Ақын, жазушы, драматург» сөздерін жазып, өмірмен байланыстыра сөйлеуді талап етемін.
Оқушылардың ойларынан үзінді. Ақын –нәзік жан. Ол поэзия патшалығының алыбы, біртуар халық перзенті.
Жазушы-көп оқыған, көп тоқыған, ой-өрісі дамыған адам. Өмірде болған өз қиялындағы оқиғаны жазады.
Драматург –қиял әлемі жақын, ашық сезімдерге бай, тәжірибелі адам. Қағаз бетіндегі сөздерге жан беріп, оны қимылмен көрсете алады.
Міне, осылайша кез-келген сабақта белгілі сөздерді алып, «сөйлетсеңіз» шәкіртіңіз «ой түбінде жатқан сөздерін» жарыққа шығарады.
Бұл тәсілдің ерекшелігі: оқушылар әр сөзге анықтама береді, оның мағынасына мән беріп, сипаттама жасайды.
«Түйінді сөздер» стратегиясы. Бұл ситуацияны ой-толғаныс сатысында қолданған қолайлы. Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға «Сабағымыздың негізгі түйіні болатын сөздерді атаңдар.» деп тапсырма беріледі. Мысалы: туған жер, Отан, махаббат, достық, т.б. Алдымен бұл сөздерді «Топтастыру» әдісі бойынша сипаттап жазады.
іңкәр сезім ләззатты ғашықтық туған жер атамекен бесігі

жылы жүрек өмір негізі негізгі ордаң тарихың

  • Екі оқушы жұмысынан мысал.1–оқушы. Махаббат- іңкәр сезім, ләззатты ғашықтық, жылы жүрек, өмір негізі.
    2-оқушы. Отан- туған жер, атамекен бесігі, негізгі ордаң, тарихың.
    Бұл тәсілдің ерекшелігі- оқушылардың ойларын жинақтап, түйінді сөздерден нақыл сөздер құрауында. Нақыл сөздер құрау оларды сөз шеберлігіне үйретеді, тіл дамыту, сөз саптау дағдыларын арттыруға көмектеседі.
    «Сұхбат алу» стратегиясы. Сабақты қорытындылауға өте қолайлы. Әр сыныптан сұхбат алатын оқушы сайланады. Ол сабақ соңында оқушыларға сұрақ қойып, жауап алады.
  • Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыз?
  • Кейіпкер орнында болсаңыз не істер едіңіз?
    Бұл тәсілдің ерекшелігі: оқушы болсын, ұстаз болсын сабақ туралы пікірлерін ашық айтады, ұсыныс, тілектерін білдіреді, сабақты қорытындылайды.
    Еркін ой « стратегиясы. 5–сыныпта М.Мақатаевтың «Фантазия» өлеңін оқып, талдап болғаннан кейін, тақтаға төмендегідей тапсырмалар ілдім.
    Сөздердің орналасу ретін түсіндірдім.Жердің төрт бұрышы болады, сол жүйемен мына сөздер орналасқан. Ең негізгі нүкте –Адамзат.
    Осы шеңберге қарап отырып, өлең туралы еркін ой жаздырдым.
    Адамзаттың өмірі- ертегі. Ертегіден ғаламат туылады. Ғаламат адам өміріндегі қиын, күрделі жағдайлар. Адам өмір бойы қиялдап өмір сүреді. Ал, ақиқат –бүгінгі күннің оқиғасы. (Амангелді Назерке.)
    Адамзат өмірі ертегіден тұрады.Ертегілерден ғаламат жасалған. Бұл ғаламат адамзаттың қиялымен жасалады. Адамзат қиялдаған ғаламат ақиқатқа келеді. Адамзат қиялдаған ойдың барлығы ақиқатқа тоқталса, біз өзіміздің қиялымызды ақиқатқа келтіре аламыз. Оның бәрі адамзат қиялында. (Асқарқызы Перизат)
    Байқап отырсақ, оқушылар өлеңдегі негізгі ойды бере білген. Бұл ойдың шығуына негіз болған нәрсе тақтада жазылған бес сөз емес пе? Олай болса, оқушының ойына түрткі болатын сөздерді іріктеп, олардың сызбасын дұрыс жасау керек. Сонда оқушылар ойы да дұрыс беріледі. Бұл әдіс-тәсілді қолданудағы негізгі мақсат-шығармада берілген сөздер арқылы негізгі ойды беру. Бұл стратегия оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға әсер етеді, жүйелі ой теруге баулиды. Бұл стратегияларды сабақта қолданып, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде қай стратегияны қолдану жолдарын, тапсырманы дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыруы тиіс. Тапсырманы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай нақты беруге тырысу керек. Әр стратегияға уақыт өлшеніп берілуі тиіс. Жүйелі, толық жауап алу үшін оқушыларға нақты уақыт беріп, қысқа әрі нұсқа сөйлеуге немесе жазуға, өз ойларын ашық, еркін беруді талап ету керек. Оқушылардың арасында бас кезде сәл қиналып, ойларын жинақттай алмай, біраз әбігерге түсетіндері де бар. Жаттыға келе кейін үйреніп, бұл стратегияларды тез меңгеріп алады.
    Өмірдегі бағыттың да, іс-әрекеттің де – бәрі де өз бойына үңілуден басталады, айқындалады. Сондықтан оқушының өзін-өзі тануына, танытуына ықпал еттім.
    Оқушының бойындағы бар күшін мақсатты іске жұмылдыру үшін әрекеттендіруде жаңа идеялар туды. Сократ: « Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама,одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсірту—мұғалімнің жұмысы»,-деп ұстаздың негізгі бақылаушылық рөлін белгілеп береді.[4] Осыған байланысты мұғалім ретінде неге, қандай нәтижеге жетелеп, өздігінен қорытынды шығара білуге нұсқаушы, бағыттаушы болуды басшылыққа алдым. Бұл бағытта алдын-ала тапсырма беру арқылы оқушының өздігінен ізденуін қалыптастыру—басты шарт.
    Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану –оқытудың шығармашылық сипатын күшейтуде маңызы ерекше. Бұл үрдіс оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, икем дағдыларын қалыптастырады. Ең бастысы жекелей, топта,сыныпта оқушылардың білім деңгейлерін көтеруге ретімен қолданылған тәсілдердің қай-қайсысы болмасын сабақтың сапасын арттыруға үлесі зор. Жаңа білімді қабылдау,бекіту,іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда сын тұрғысынан ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибеден өткіздім.
    Біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүріп отырмыз. Бір елде жаңалық ашылса, басқа жерде оны дер кезінде тез үйреніп үлгеруде біздің міндетіміз— дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Олай етпесек көштен қаламыз. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда.
    Инновациялық білім –іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет пәндердің мазмұнын тереңдетуге, ұстаздың кәсіптік шеберлігін арттыруға , оқу ісін дамытуға бағытталған.
    XXI ғасыр –қатаң бәсеке ғасыры . Елбасымыз халыққа арналған жолдауында: «Білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға осы заманғы басқарушылырсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» — деген болатын.
    Қашан да білімді ұрпақ-болашағымыздың кепілі.
    Егеменді еліміздің тағдыры-жас ұрпақтың қолында болса, ұрпақтың тағдыры-бүгінгі ұстаздардың қолында.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.