Без рубрики

Информатика

Тақырыбы: Файлдарды, каталогтарды , жою және қалпына   келтіру.

Мақсаты:

Білімділік:.Оқушыларға файлдарды, каталогтарды , жою және қалпына   келтіру жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық: Ой — өрісін және жан – жақтылыққа дамыту

Тәрбиелік:Зейінділікке, іздемпаздылыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың типі : Жаңа сабақты түсіндіру

Пәнаралық байланыс : программалау негіздірі

Көрнектілігі: оқулық,компьютер.

 

Сабақтың  барысы.

 

І.  Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау

1)   Дискідегі файлдарды екінші бір дискіге жылжы

тып,орнын ауыстыру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз ?

2)   Алмастыру Буфері арқылы мәліметтердің көшірмесін алу қалай жүргізіледі ?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Каталогті немесе файлды дискіден жою

2.Файлды қалпына келтіру.

  1. Каталогтарды немесе файлдарды дискіде жою тек Сілтеу терезесінде емес, кез келген ашық түрдегі бумада, іске қосылып тұрған қолданбалы программада жүргізіле береді.

Сонымен файлдар мен каталогтарды жою үшін:

—        терезелердің бірінен соң каталогты немесе файлды таңдау керек .

—        Delete  пернесін басу қажет немесе Файл  Жою командасын орындау қажет.

—        Сұхбаттасу терезесінде жою әрекеттерін орындалатындығын тағы растау керек.

Мәліметтерді жоюды қолданбалы программамен жұмыс

істеу барысында файлдарды ашу, сақтау кездерінде орындауға болады, ол үшін де жойылатын файлдарды ерекшелеп алып, Delete пернесін басса болғаны.

  1. Жойылған мәліметті қайта қалпына келтіру мүмкіндігі

бар, өйткені жойылған файлдар толық жойылмай, уақытша Қоржынға салынады.

Қоржын бөлек программа рөлін атқарады, ол жойылған информация туралы мәліметті есте сақтап, олардың үстіне басқа ешнәрсе жазылмайды.

Қоржыннан қайта шығарып алып, бастапқы қалпына келтіре аласыңдар. Ол үшін қоржын ішіндегі керекті файлды тауып алып, қалпына келтіру ісін орындай саласыз.

Кейбір мәліметтерді бірден қоржынға салмай жою қажет болса, оларды белгілеп болған соң  shift+Del пернелерін басу керек.

ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау.

  1. . Файлдар мен каталогтарды жою үшін үшін қандай әрекеттерді орындаймыз ?
  2. Жойылған мәліметті қайта қалпына келтіру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз ?

V. Үйге тапсырма: 139-141 бет

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.