Математика
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.1 слайд
Сабақтың мақсаты: 2 слайд
- Көбейту мен бөлудің күрделірек жағдайларына байланысты білімді тиянақтау
-
Ауызша және жылдам есептеу дағдыларын дамыту
-
Алғырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақтың барысы:
Ұйымдыстыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық. Өлең шумағын айтқызу. 3 слайд
Кел, балалар, келіңдер,
Математиканы көріңдер.
Кәне, қарап шығыңдар,
Білім барда оқу бар.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 4 слайд
№4 195 бет.
33681:96=350 (қ.81) 240734:34=7080 (қ.14) 1162:165=7 (қ.7) 87399:215=406 (қ.109)
3. Ой қозғау: Математикалық диктант. 5 слайд
v Сыныпта 28 оқушы бар. Оның төрттен бір бөлігі спортпен айналысады. Қанша оқушы спортпен айналысады? 6 слайд
v Екінші кластың 62 бірлігінен және бірінші кластың 70 бірлігінен тұратын сан. 7 слайд
v Тік төртбұрышты параллепипедтің өлшемдері 10 м, 5 м және 2 м. Оның көлемін тап. 8 слайд
v Ауданы 81 см2 шаршының қабырғасын тап. 9 слайд
v Альбом 60 теңге, кітап одан 4 есе қымбат тұрады. Сатып алуға екеуіне қанша ақша жұмсалды? 10 слайд
4. Топқа бөлу: 11 слайд
3 планеталардың аты жазылған карточкалар жатады. Соны оқушылар таңдап 3топқа бөлінеді.
І топ: Шолпан планетасы
ІІ топ: Марс планетасы
ІІІ топ: Нептун планетасы
Жерді қоршаған бүкіл дүние –Әлем немесе Ғарыш деп аталады. 12 слайд
Ғарыш суреті. 13 слайд
-Жерге ең жақын жұлдыз қайсы?
-Күн.
-Оның төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді.
ПЛАНЕТА-грекше адасушы жұлдыз деген сөз. 14 слайд
– Ендеше , балалар біз адаспай планеталар тапсырмаларын өтілген тақырыптарды тиянақтай отырып, мүлтіксіз дұрыс орындап ғарышқа самғауға мүмкіндік аламыз!
Меркурий планетасының тапсырмасы: 15 слайд
Оқулықпен жұмыс: №1 Бөлуді орында және тексер:
І топ-Шолпан планетасы ІІ топ-Марс планетасы ІІІ-Нептун планетасы
І баған ІІ баған ІІІ баған
2176:32=68 7872:123=64 123728:703=176
14112:28= 504 71400:204=350 17150:175=98
Сатурн тапсырмасы: 16,17,18 слайд
Есепті шығар:
І топ Шолпан планетасы ІІ топ-Марс планетасы ІІІ-Нептун планетасы
І баған ІІ баған ІІІ баған
№5 №6 а) №6 ә)
1 л сүт-300 г с. і 1 к.- 4 кг 40 дән- 5 г
1 сиыр-12 л сүт ? к.-3 т ? дән-100 г
10 сиыр-? Г с. І Ш: 3000 кг: 4 кг=750 к Ш:40:5=8г /1 дән/
Ш: 12 л •10=120л Ж: 750 кірпіш 8 г•100 г=800 дән
120 л•300 г=36000г=36 кг Ж: 800 дән
Ж: 36 кг
СЕРГІТУ СӘТІ: 19 слайд
Көкте самғар- қырандармыз,
Жерде жортқан- құлан да біз,
Жарыстарда-намысты алға,
Ту ғып ұстар ұландармыз! /іс-қимылмен көрсету/
Жер планетасының тапсырмасы: «Кім жылдам?» ойынын ойнау.20 слайд
Тік төртбұрыш пішінді алаңның ұзындығы 125 м, ауданы 105000 м2. Осы алаңның периметрін тап.
а-125 м
S-105000 м2
P-?
105000 м2:125 м=840 м
Р=(125 м+840 м)•2=1930 м
Юпитер планетасының тапсырмасы: Теңдеуді шешу. 21 слайд
І топ Шолпан планетасы ІІ топ-Марс планетасы ІІІ-Нептун планетасы
І баған ІІ баған ІІІ баған
а:35=245 8:х=24:6 86:43=а:1
а=245•35 8:х=4 2=а:1
а=8587 х=8:4 а=2:1
8587:35=245 х=2 а=2
245=245 8:2=24:6 86:43=2:1
4=4 2=2
Сатурн планетасының тапсырмасы: 22,23,24,25 слайд
Математикалық қызықты тапсырмалыр.
1.Үйдің 6-қабатына дейінгі баспалдақ 2-қабатқа дейінгі баспалдақтан неше есе ұзын? (3 есе)
- Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінденеше май шам қалды? (5)
3.21-ғасырдағы қай жыл оңнан солға, солдан оңға қарай оқысаң да бірдей сан болады?
(2002, 2112, 2222, 2332, 2442, 2552, 2662, 2772, 2882, 2992)
- Қағазды 4-ке бүктеп, ортасынан кессе неше бөлік болады? (3 бөлік)
26 слайд
–Сонымен балалар, біз планеталардың тапсырмасын орындап шықтық! Ғарышқа ұшып, ғарышты зерттеу үшін балалар әлі де көп оқып тоқуымыз керек.
Қорытынды: 27 слайд
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімнен аспанға жол салынар.
Бірақ бүгінгі жетістіктеің үщін сендерге арналған планеталардың сыйы бар!
/Әр топқа планетаның түсіне байланысты шар беріп, шардың ішіне жұлдыздар салынған. Әр топтың топбасшысы шарды жарады. Шардың ішінен жұлдыздар шығады/
-Міне балалар сендердің де жолдарың осы жұлдыздардай жарық, жарқын болсын! Орталарыңда болашақта Тоқтар, Талғат ағаларың сияқты ғарышкер болып, ғарышты зерттеуге ат салысасыңдар деген үміттеміз!
Үйге тапсырма: 28 слайд
№3 Қалдықпен бөлуді орындау.
Бағалау: 29 слайд
Жүйрік екен аты….
Аяңдамай желеді
«5» қоямын оған мен
Бірінші орында келеді.
Білмей қалған жерлерін
… мықтап миға тоқиды
Бұгін «4»-ке оқыса
Ертең «5»-ке оқиды.
Есептегеніне . ….
Көңіліміз толмады.
Білімін көрсете алмады.
«3» қоямын оған мен.
Сабақ аяқталды! 30 слайд
