Ұлы Абай
Абай
Абайменен мақтаным.
Шәкәріммен шаттанам.
Ұлыларды ұлықтап,
Жүректен жыр ақтарам.
Абай Құнанбай баласы,
Қазағымның данасы.
Зере, Айғыз, Ұлжандар,
Күллі жұрттың анасы.
Абайды мақтан тұтамын.
Ақыннан көп қой ұққаным.
Мәңгіге есте қалсын деп.
Іштегі сырды ақтардым.
Серікболатов Жасұлан
Астана қаласы №24 мектеп, 6-сынып
