Эстафеталық жарыс
Тақырыбы : Шынықсаң, шымыр боларсың! Эстафета
Мақсаты :
- Әр түрлі спорттық ойындарды үйрету. Ұқыптылыққа, шапшаң болуға, әдептілікке тәрбиелеу. Оқушылардың шапшаңдылығын, ойын дамыту.
Көрнекілігі: доп, секірме, обруч, қап т.б
Сабақтың әдісі : жарыс сабақ.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, құралдарын түгендеу. Сапқа тұрғызу. 5 топты бір – бірімен таныстырып, ойын шартын айту.
Кіріспе.
– Бүгін біз «Шынықсан шымыр боларсың» атты ойынын ойнаймыз.
Бұл ойынға 5 топ қатысады. 5 топ бір – бірімен өзара жарысады. Ойын бес бөлімнен тұрады.
- Белгіленген жерге дейін жүгіріп бару.
- қапшықпен секіру
- секіртпемен секіру
- темірмен айналып жүгіру
- допты жерге ұрып жүгіру
Ойын шарты түсінікті болса,ойынымызды бастаймыз!.
Негізгі бөлімі:
І. Әр топтан кезек – кезек бір – бірден шығып отырады. Өзіне кезек келгенше күту керек.
I Белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, жүгіріп келу.
II қапшықпен секіріп бару.
III темірмен айналып барып, жүгіріп келу.
IV секіртпемен секіру.
V допты жерге ұрып жүгіру.
ІІ. Ойын соңына дейін оқушылардың ойыны қадағаланып, ескеріліп отырады. Бірінші келген топқа жетондар беріліп отырады.
Қорытынды:
Оқушыларды осы эстафеталық ойында белсенділіктерін жақсы танытқандарын айтып, естірту, сонымен қатар жеңімпазды анықтау. Яғни жиналған жетондарды санап, жеңімпаз топты мадақтау.
