Кемербаева Гүлнұр
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың патша үкіметіне және Ортаазиялық хандықтарға қарсы көтерілістері.
Сабақтың мақсаттары:
- Білімдік: Тақырып бойынша оқушылар мәлімет алады, білімдерін бекітеді.
-
Дамытушылық: Оқушылардың материалды тұжырымдап аяқтап, жүйелі ойлау, өздігінен жұмыс істеу білу дағдыларын дамытады.
-
Тәрбиелік: Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ету
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивтік тақта, Жанқожа, Есет батыр суреттері. Карта. Схема. Кесте «Дұрыс – бұрыс» ойыны, «Сиқырлы сандықша» (сұрақтарымен).
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Ой қозғау, іздену, мәселені шешу.
Сабақтың әдісі: «Ойталқы», топтық жұмыс
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша әдісті қолдану
тақырыпқа байланысты тірек сигналдары,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
I. Қызығушылықты ояту. /2 минут/
Ой қозғап, әсер ету кезеңі. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Алдымызда қандай мереке жақындап келеді? Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер? Тәуелсіздік үшін болған көтерілістер туралы не білессіздер?
Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа сабаққа көшу
— Отаршылдық езгіге қарсы қандай көтерілістерді білесіздер?
Оташылдыққа қарсы көтерілістер жайлы білімімізді «Дұрыс – бұрыс» ойыны арқылы тексерейік.
/7 минут/
Оқиғаның дұрыс, бұрыстығын анықтандар |
||
дұрыс |
бұрыс |
|
1.Қазақтардың Е. Пугачев соғысына қатысу себебі –жерін қайтарып алу | ++ | |
2.Бұл көтеріліске қатысқан қазақ сұлтаны- Нұралы | Досалы | + |
3.Сырым батыр көтерілісі -10 жылға созылды | 14 жыл | + |
4.Сырым батырдың руы — байбақты | + | |
5. 1Павелдің бұйрығымен Ішкі орда 1827 жылы құрылды | 1801 | |
6.1797 жылы Айшуақ хан сайланды | + | |
7.Бөкей ордасы Есіл мен тобыл аралығында болды | Еділ-Жайық | + |
8.Ішкі ордада көтерілісті Кенесары бастады | Исатай мен Махамбет | + |
9.Исатай көтерілісі Ақбұлақ шайқасында жеңілді | + | |
10. 1842-47 ж ж Бөкей ордасында көтерілісті басқарған-Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы | + | |
10.Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған-Амангелді батыр | Иман | + |
11.Кенесары хандық соты енгізді | + | |
12.Кенесары көтерілісі 1937-47 жылдары болды | 1837-47 | + |
13.Кенесары 1841 жылы хан болып сайланды | + | |
14.Кенесары қозғалысына 1844 жылы қарсы шыққан сұлтан-кіші жүз сұлтаны — Жантөреұлы | + | |
15.Кенесары сауда және аң шаруашылығына көп көңіл бөлді | егіншілік | + |
Өткен тақырыпты жинақтай келе, жаңа сабаққа көшу
Ендеше, балалар, біз бүгінгі сабағымызда отаршылдық езгіге қарсы көтеріліс басшылары Жанқожа және Есет батыр жайлы болады. Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың патша үкіметіне және Ортаазиялық хандықтарға қарсы көтерілістері. Мақсаты: Көтерілістің себептерін, барысын, нәтижесін, тарихи маңызын ашып көрсету, алған білімді бекіту
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ресей әскері Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік — Шығыс арқылы ілгері жылжи түсуі, жерді тартып алуы, шектен тыс озбырлығы, Хиуа, Қоқан хандықтарының үнемі шабуылы қазақтардың көтеріліске шығуына себеп болды. Осындай көтерілістерге халықтың қалың бұхарасын бастап шыққан батырлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы еді.
II.Мағынаны ажырату.
Білімді кеңейту, тақырыпты ашу /20 минут/
Әрекеттік кезені.
Тақырыпты топқа бөліп зерттеу тапсырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.
1- тапсырма.
- Мәтінмен жұмыс. Топ тапсырмалары
Осы берілген тапсырмалар бойынша тақырыпты ашыңыздар
1-топ: Сыр өңірі қазақтарының Орта Азия мемлекетіне қарсы күреске шығуының себептері неде деп ойлайсыңдар?
2- топ: Жанқожаның Хиуа, Қоқандықтарға қарсы күреске шығуының себебі неде?
3-топ: Сыр бойы қазақтарының патша үкіметіне қарсы күреске шығу себептері қандай?
4-топ: Жанқожа, Есет батырлардың патша үкіметіне қарсы күресі туралы әңгімелеңдер. Есет батырдың, Жанқожа батырдың образына кіре отырып, сол уақыттағы жағдайды ойнаңыздар?
5- топ: Халық көтерілістерінің жеңілу себептері мен салдарлары, тарихи маңызы
Оқулықтың берілген тақырыбын оқып, материалдың ең негізгісін түйіндеп жұмыс дәптеріне жазады және әр топ өз жобаларын қорғайды. /Қорғауға әр топқа 4 минут уақыт беріледі. Қорғау көрнекілік, схема, слайд ретінде болуы мүмкін/
Мұғалім толықтырады
III. Ойтолғаныс. Білімді толықтыру, ортаға салу.
/Әр топқа-2 минут/
«Сиқырлы қобдиша» ойыны. Проблемалы сұрақтарға жауап беру.
Қобдишадан әр топ басшылары сұрақтарды алып, 1 минуттан кейін жауап береді /Өз тобымен ақылдасуына болады/
1. Топқа тапсырма:
Датамен жұмыс. Тақтаға даталарды жазу және қысқаша қандай оқиға болғанын айту.
3. ТОПҚА ТАПСЫРМА:
Картамен жұмыс.
1. Көтеріліс аудандарын көрсету
- Орта Азия мемлекеттерінің шекараларын көрсету, астаналарын жазу, жаулап алған уақыттарын жазу
Райым бекінісінің құрылған уақытын жазу
3. 4 — ТОПҚА ТАПСЫРМА:
Венн диаграммасы.
Салыстырмалы талдау кестесін ватман қағазға толтыру.
Топтан 2 оқушы шығып айту. Жанқожа батыр көтерлісімен Есет батыр көтерілісін салыстыру. /Берілетін уақыт 2- минут/.
ТОПҚА ТАПСЫРМА:
1. Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістерінің жеңілу себептері неде деп ойлайсыңдар? Қандай салдары болды?
Сіздің ойыңызша көтерілістердің жеңуі мүмкін бе еді? Мүмкін еді деген көзқарасты ұстансаңыз өз пікіріңізді дәлелдеңіз
2. Көтеріліс түбі жеңіліске ұшыраушы еді деген көзқарасын ұстанатындар өз пікірін дәлелдеу
Ұқсас белгілері | Ерекше белгілері | |
Көтерілістің алғы-шарттары | ||
Көтерілістің мақсаты, сипаты, қозғаушы күші | ||
Көтерілістің барысы | ||
Көтерілістің жеңілуі мен маңызы | ||
-Оқыта үйрету ойыны «Даналық ағаш» /4 минут/
Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақтан біз не білдік? Сабақтағы ең негізгі мәселе не деп ойлайсыз? Неліктен олай ойлайсыз? Негізгі мәселені бір сөзбен айқындап, сол сөзді тақтаға жазу. Осы сұрақтар төңірегінде әр оқушы бір сөйлеммен өз пікірін жапсырма қағазға жазып, даналық ағашына барып іледі
Бағалау парағына баға қою.
Үй тапсырмасы:
1. Жанқожа, Есет батыр туралы қосымша мәліметтер жазып келу.
Құжат материалын талдау.