Без рубрики

Қазан төңкерісі мен Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

Гульнур Кемербаева

Сабақтың тақырыбы: Қазан төңкерісі мен Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
Сабақтың мақсаты:
 Қазан төңкерісі қарсаңындағы Қазақстандағы ахуал.Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер алып келген Кеңес үкіметімен,оның саясатымен және қиыншылықтырымен таныстыру.
Міндеттері:
 1. білімділік: Оқушыларға Уақытша үкімет беделінің төмендеуі және ұлттық мемлекет құру идеясының жандануы туралы мағұлматтарды түсіндіру; 2.дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып,танымдық белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдысын қалыптастыру;

3.Тәрбиелік: Оқушыларды патриотизмге, Отаншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кеңестік Қазақстан картасы,ұлт қайраткерлерінің портреттері, электронды оқулық.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Картамен,слайдпен ,өздік жұмысы.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география

Сабақтың барысы :     I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.

II.  Үйтапсырмасынтексеру.                                                                                                 Сұрақ- жауап. Жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.

Тестпен жұмыс (компьютерде орындап,бағалайды)

 

III . Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

  1. Қазақ халқының Уақытша үкіметке көзқарасының өзгеру себептері неде ?
  2. Түркістан халықтарының тұтастық  идеясы іске асты ма ?

  3. Алашорда үкіметінің негізгі мақсаты қандай еді ?

  4. Алаш қайраткерлерімен Лениннің арасындағы келісімдер іске асты ма ?

Кіріспе сөз:                                                                                                                                                                Уақытша үкіметтің халыққа нақты кепіл болатындай құқықтар бере алмауы жалпыұлттық дағдарыстың пісіп- жетілгенін анықтап берді. Халық контрревалюцияшыл соғысқұмарлар диктатурасы мен пролетариат диктатурасының бірін таңдауға тиіс болды.Осындай жағдайда Қазан төңкерісі жүзеге асырылды.

 

Ойды дамыту :

—     Кеңес үкіметінің жүргізген саясатының алғашқы шаралары;

—   Жер-жерде кеңес үкіметінің орнауы;

—   Контрреволюциялық күштермен Алаш үкіметінің бірігу себептері;

—   Қазақстандағы ұлт мәселесі,осы жөніндегі ұлт қайраткерлерінің көзқарасы

«Саяси фактор» , «Әлеуметтік- экономикалық фактор»тақырыпшасын оқимыз.

Анимацияны ашып  1. «Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау ерекшеліктері»

3 . «Қазан төңкерісі қарсаңы мен кезеңіндегі Қазақстандағы саяси партиялар мен олардың ағымдары» көріністерімен танысамыз.

«Тарихи тұлғалар» бөлімінде қазақ зиялыларының өмірдерегімен танысамыз.

Оқулық мәтінін ,электронды оқулықты пайдаланып сұрақтарға жауап беріңдер.

 

Шағын топ жұмысы :

1 деңгей    1.  Түркістан Автономиясының төрағасы кім ?

2.  Алашорда Кеңесінің төрағасы кім ?

3.  1917-1918 жылдар аралығында «Алаш» партиясы қанша дауыс жинады?

4.   Кеңес өкіметі  қандай бірінші декрет шығарды ?

5.   Қазақ халқының тағдыры үшін оның рөлі қандай болды?

2 деңгей    1.  Қазақстандағы  саяси партияларды  анықта.

  1. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда өткен Жалпықазақ съезінде Қазақ автономиясы

туралы қандай қаулы қабылданды ?

  1. Алашорда большевиктерге қарсы күштермен бірігу себептерін анықта

3 деңгей      1.  Торғай облыстық съезінде қабылданған қарар жөнінде не білесің ?

2.  Ұлт аралық қайшылықтарды жою бағытында  жүргізілген шараларды атаңдар

Сергіту сәті.

Қазақстанда осы кезеңде болған оқиғалардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлары бар. Электронды оқулықтан мәдени фактормен танысамыз.

Қазақстанда болған саяси жағдайлар қазақ әдебиеті саласында да жаңа кезең алып келді.

Оқушылардың дайындап келген шығармашылық жұмыстары ( слайдпен жұмыс)

1 оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы ( 1873 – 1937 )  – ағартушы,қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының негізін салушылардың бірі, «Қазақ » газетінің редакторы, аса көрнекті лингвист- ғалым, әдебиеттанушы,аудармашы.

Қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданындағы Сарытүбек елді мекенінде дүниеге келген

1886-1891 жылдары Торғайдағы екі сыныптық орыс- қазақ училищесінде оқиды. 1891- 1895 жылдары

Орынбор  мұғалімдер мектебінде оқып, бастауыш училищенің оқытушысы болып шығады.

1919 жылдан Қазревком мүшесі.1920-1921 жылдары Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, Халық ағарту  комиссары болды.  Қазақ тілінің «Тіл құралы» атты тұңғыш оқулығын жазды. Ұлт ұстазы  жазықсыздан- жазықсыз ату жазасына кесіліп, 1937 жылы  8 желтоқсанда қызыл қырғынның  құрбанына айналды.Халқы өзінің  рухани көсемінен  осылайша мәңгіге айырылды.

2 оқушы: Әлихан Бөкейханов ( 1870 – 1937) – қоғам қайраткері, ғалым, «Алаш» паритясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің  төрағасы.

Жезқазған облысының қазіргі Ақтоғай ауданында туған. 1894 жылы Санкт- Петербург орман институтын  орман шаруашылығының экономисі мамандығы бойынша бітірген. 1896 – 1901 жылдары Ф.А.Щербинаның басшылығымен қазақ халқының жерін, табиғатын,мәдениетін,тұрмысы мен шаруашылығын зерттеу жөніндегі экспедицияның құрамында жұмыс істеді. 1905 жылы қазақ конституциялық – демократиялық партиясын ұйымдастырды. Мемлекеттік 1 думаның депутаты.Мемлекеттік  думаның мұсылман фракциясы бюросының мүшесі. «Қазақ» газетінің  редакторы. Ақпан  революциясынан кейін  Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрамына енді, Торғай облыстық комиссары болып тағайындалды. 1917 жылы кадет партиясының бағдарламалық қағидаларымен келіспейтіндігін білдіріп, өзінің партиядан шығатындығын жариялады.

1919 жылы БОАК бұрынғы алашордашыларға рақымшылық жасағаннан кейін баспа жұмысымен айналысты, содан соң Мәскеуге жер аударылып, онда Отанынан оқшауландырып, үнемі құпия бақылауда болды. 1922.1926,1937 жылдарда жазалау шараларына ұшырады.

3 оқушы: Мұстафа Шоқай (1890 – 1941) – мұсылман халықтарының саяси өрлеуінде елеулі роль атқарды.Ресейдің қарамағындағы Түркістан  автономиясын жақтады.

Ақмешітте (қазіргі Қызылорда)  ақсүйек  отбасында  туған. Нағашылары жағынан  Хиуаның хан әулетімен  қатынасы болған.   Мектепте мұсылманша  білім алып, Ташкент гимназиясын, Санкт- Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Орыс,ағылшын,француз, поляк, түрік тілдерін еркін меңгерген.   Ақпан революциясына дейін Мемлекеттік думаның  мұсылман фракциясында  Түркістан істері бойынша  хатшы болды

.Эмиграцияда жүріп Кеңестерге қарсы идеялық күресін жалғастырды, «Жаңа Түркістан»    «Жас Түркістан » журналдарын шығарды. 1940 жылы Берлинде «Үлкен Түркістан легионын » құруға ұсыныс алды. 1941 жылы Берлинде беймәлім жағдайда қайтыс болды.

IY.  Бекіту .  1. Тестпен жұмыс ( компьютерде орындап,бағалайды)

1.Кеңес үкіметінің қандай саясат бағдарламасын жариялауы төңкерістің тез арада жеңіске жетуінде шешуші роль атқарды ?

а) ұлт саясаты               ә) экономикалық саясат

б) әлеуметтік саясат     в) әскери коммунизм саясаты

  1. Қазақстанның қай облыстарында Кеңес үкіметі бейбіт жолмен орнады?

а) оңтүстік және батыс           ә) батыс және шығыс

б) оңтүстік және солтүстік     в) солтүстік және шығыс

3.Қай жерлерде Кеңес үкіметі қарулы күшпен орнады?

а) Орынбор, Жетісу, Ақмола          ә) Верный, Семей, Орал

б) Семей, Орынбор,Әулиеата         в) Орынбор, Семей, Верный

  1. «Алаш» партиясы қай жылы құрылды ?

а) 1903 ж.            ә) 1905 ж.

б) 1916 ж.            в) 1917 ж.

5.1917 жылы  Ақмолада қандай жастар ұйымы құрылды ?

а)  «Жас қазақ»         ә) «Қазақ жастарының революциялық ұйымы»

б) «Қазақ мұсылмандар ұйымы»     в) «Жас алаш»

  1. Қазақстанда Кеңес өкіметі ең бірінші қай қалада орнады?

а) Верныйда           ә) Перовскіде

б) Черняевте           в) Қазалыда

  1. Бүкілтүркістандық төтенше сьездің шешімімен қандай мемлекет құрылды?

а) Алашорда           ә) Бұхар Республикасы

б) Түркістан автономиясы       в) Қазақ Республикасы

  1. Түркістан автономиясының тұңғыш төрағасы әрі ішкі істер министрі кім болды ?

а) М.Тынышбаев      ә) М.Шоқай

б) А.Байтұрсынов     в) Ә.бөкейханов

  1. Алашорда үкіметінің  алғашқы  төрағасы кім болды ?

а) М.Шоқай               ә)  М.Тынышбаев

б) Ә.Бөкейханов       в)  А.Байтұрсынов

  1. «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы қай газетке жарияланды ?

а)  «Айқап»                 ә) «Свободная речь»

б)  «Қазақ»                   в) «Правда

  1. Кескін картаға Кеңес үкіметі  орнаған қалаларды белгілеңдер.

3.Оқулықтан Семей өңірі туралы мәліметтерді жинақтаңдар.

( «Семей қаласы» презентациясы )

Қорытындылау.

Ұлттық рух пен тәуелсіздік идеясының жалғастығы бүгінгі біздің Тәуелсіз Отанымыз

Қазақстан Республикасының құрылуы, өркендеп дамуы.

( «Тәуелсіз Қазақстан хроникасы» электронды оқулықтан

Бағалау . Үйге тапсырма : 4,5 тақырыпты оқу. Жұмыс дәптерін толтыру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.