Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
№2 мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі
Ахметова Сарыалтын Жадырасынқызы
Мақсаты:
1) Ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру
2) Өз елін сүюге, батырларын мақтан етуге тәрбиелеу
3) Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту
Өту барысы:
1) Ұйымдастыру
2) Ауызша журнал
3) Құрметті оқырман Сіздерге «Математика және ерлік» атты ауызша журналымызды ұсынамыз.
Ауызша журнал 6 беттен тұрады.
1-бет «Сен білесің бе»? «Әділ іс үшін жан пида»
2-бет «Ғажайып сөз жұмбақ»
3-бет «Ғажайып диаграмма»
4-бет «Сандар сөйлейді»
5-бет «Ер есімі-ел есінде»
6-бет «Кім алғыр»
1- бет Сен білесің бе?
Біздің заманымыздың тарихы ұлы оқиғасы- Ұлы Отандық соғыстағы Жеңіспен араға жарты ғасырдан астам уақыт түсіп отыр. Ол бізге 1945 жылдың 9-мамырында келіп бір мың төрт жүз он сегіз күннен кейін алғаш рет елге, біздің Отанымызға тыныштық орнады.
Ақтөбеде 1941 жылдың маусым айында өткен қаһарлы күндерді архив құжаттары былайша баяндайды…
22-маусым. Ақтөбе қаласында кешкі сағат 8-де 20 мыңнан астам адам өатысқан жалпықалалық митинг болды. Митинг облыстың барлық аудандарында да болып өтті. Соғыстың алғашқы күнінің өзінде Ақтөбеде 300-ден астам майданға баруды талап еткен арыздар берді.
24-маусым. Ақтөбе қаласында 1200-ден астам қатысқан әйелдер жиналысында: «… ерлеріміздің орнына өзіміз жұмыс істейміз, біздің ержүрек Қызыл Армияға жан-жақты көмек көрсетіп, қажет болса жанымызды пида етеміз» деген айқын мәлімдеме жасалды.
3-тамыз. Облыстық партия комитеті мен облыстық атқару комитеті «Эвакогоспитальдерді қалыптастыру мен материалдық жағынан қамтемелеу туралы» қаулы алды. Облыста 1700 кереуеттік төрт эвакогоспиталь орналастыру жөнінде шешім қабылдады. Госпитальдар Ақтөбе, Шалқар, Алға қалаларында орналастырылды.
7-қазан Ақтөбе қаласының партактиві жалпыға бірдей әскери оқудың жайын талқылады. Облыста әскери оқуға 7000 адам тартылғандығы, оның 870-атқыштар, 300— қолпулеметшілері, 80 мергендер, 300 станокті пулеметшілер, 80 танк ататындар және басқа да әскери мамандықтарға даярланып жатқандығы атап өтілді.
14-қараша. Облыстық партия комитетінің бюро мәжілісінде Москвадан эвакуацияланған рентген заводын орналастыру мәселесі қаралды. Ақтөбе жабдықтарымен бірге 150 маман жұмысшы, инженер-техник қызметкерлер келді.
15- желтоқсан. Ақтөбе қаласына В.П. Чкалов атындағы Борисоглеб Қызыл Тулы ұшқыштар мектебі орналасты…
Сөйтіп, бүкіл 1941 жыл мен соғыстың одан кейінгі 1418 күндері Жеңіс келгенше ақтөбеліктердің еңбек істеріне, барлық халық шаруашылығын әскери ыңғайға қарай құруға, Ақтөбе өміріндегі басқа да маңызды оқиғаларға толы болды…
Осы тарихи оқиғалар Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің құжаттарында былай баяндалады:
1945 жылдың 12-мамыры. Ертеңгі сағат 8-де облыс орталығы үйінде Жеңістің салтанатты салютін әйгілеп заводтардың, деполардың, шеберханалардың, парвоздардың қуатты үндері тұрып алды. Ертеңгі сағат 9-да Ленин атындағы темір жол клубында жалпықалалық митинг болды. Құттықтау сөздерді, алғыс айту сөздері естіліп тұрды.
2- бет Ғажайып сөз жұмбақ
1 | ||||||||||||||
2 | ||||||||||||||
3 | ||||||||||||||
4 | ||||||||||||||
5 | ||||||||||||||
6 | ||||||||||||||
7 | ||||||||||||||
8 | ||||||||||||||
9 | ||||||||||||||
10 | ||||||||||||||
11 |
- -тан кіші бұрыш (сүйір)
-
1 нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура (бұрыш)
-
3 санының 3,6,9,12 нелері болып табылады (бөлгіш)
-
Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер ( перпендикуляр)
-
Екі санның бөліндісі басқаша қалай айтылады ( қатынас)
-
Екі нүктемен шектелген түзу бөлігі ( кесінді)
-
немесе 0,5 сандарды қандай сан (бөлшек)
-
+, — нелер (таңба)
9. Қиылыспайтын түзулер ( параллель)
- Айнымалысы бар теңдік ( теңдеу)
Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш (квадрат)
Белгіленген жерден біздің ауданның батырының аты-жөні шығады.
Үргенішбаев Ідіріс 1912 жылы Шалқар ауданының Талдықұм ауылында туды.
1943 жылдың қазан айы. Гитлершілерді Батысқа қарай қуып салған кеңес әскерлері Днепрдің жағасына жеткен. Енді оны кешіп өту қажет болды. Сонда суға түсірілген қайықтардың бірінде бөлім парторыгы Үргенішбаевта бар еді. Немістердің тоғызыншы, оныншы шабуылдарына тойтарыс жасалды. Осы ұрыста біздің жерлесіміз Ідіріс Үргенішбаевта қаза тапты.
3 –бет «Ғажайып диаграмма»
Шалқар ауданы бойынша барлығы 7853 адам әскери комисариатқа шақырылды. Диаграммаға қарап аман есен елге оралған жауынгерлердің санын тап.
4-бет «Сандар сөйлейді»
Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандықтар партизан отрядтарының құрамында болып, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.
Жанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96 638 қазақстандық жауынгерлер бірнеше дүркіннен орден және медальдармен наградтталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.
Соғыстың 4 жылы ішінде Қазақстан мемлекетке 482,8 мың тонна астық, 217,6 мың тонна картоп, 143,2 мың тонна көкөніс, 1193,2 мың тонна қант қызылшасын, 155,3 мың тонна мақта тапсырды. Сондай-ақ Қазақстан еңбекшілері майданға 25 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 миллиард сомнан астам қаражат берді.
5-бет «Ер есімі — ел есінде»
Ұсынылып отырған тылсымсанның құпиясын ашқанда, 17 батырдың аты-жөні шығады.
Және батырлар туралы не білетіндеріңізді қағазға түсіріп көріңіздер. Бұл сендердің сол сұрапыл жылдардағы еліміз бастан кешкен қым-қиғаш ауырпалық- қиындықтарға тағы бір шолу жасауларыңа жәрдемші болар деген ойдамыз.
5-бет «Ер есімі — ел есінде»
Ұсынылып отырған тылсымсанның құпиясын ашқанда, 17 батырдың аты-жөні шығады.Және батырлар туралы не білетіндеріңізді қағазға түсіріп көріңіздер. Бұл сендердің сол сұрапыл жылдардағы еліміз бастан кешкен қым-қиғаш ауырпалық- қиындықтарға тағы бір шолу жасауларыңа жәрдемші болар деген ойдамыз.
|
6-бет «Кім алғыр»
1-тапсырма
Мына суреттегі тор көздерді цифрлармен толтыру керек. Сонда барып сол цифрлардың тігінен көлденеңінен және көлбеуінің қосындылары бір ғана цифр болады. Ол 65. Қандай цифрлар жазар едіңіз?
2-тапсырма
АБ5Б+ 65АВАЕ Қосындыдан шыққан сан туралы не білесің?( 1418 соғыстың болған күні мен біткен күні аралығы
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген
Жөргегімде таныстым мың тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен күн тірілген
Т.Молдағалиев айтқандай соғыс елімізді шарпымасын.
Журналды әзірлеп ұсынушы 7 сынып оқушылары
Пән мұғалімі С.Ахметова