Қазақстан Республикасы

Қонысбаева Мейрамгул Аралбайқызы

Сабақтың тақырыбы:   Қазақстан Республикасы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздері, тудың  шығу тарихы  туралы түсінік беру, меңгерту;

Міндеті: Білімділік: Мемлекетіміздің жағдайы мен мәселелері туралы мәлімет беру;

Дамытушылық: Балалардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорлары мен тілдерін байыту;

Тәрбиелік:  Балаларды елін, жерін , Отанын қорғауға, қадірлеп,қастерлей білуге баулу, тәрбиелеу;

Түрі: Ауызша сабақ-2 (БжС)

Сабақтың құрылымы:

1.ЖСҚ(жалпы сөздік қор)-5 минут.Соңғы екі тақырып бойынша балалар білетін сөздерін дәптерлеріне жазады.

2.Жаңа сөздер – тақтаға тақырыпқа байланысты 7 жаңа сөз жазылады.Балалар 30 секунд ішінде естеріне сақтап, 1 минут ішінде дәптерлеріне жазып шығулары керек.

3.Мәтінмен жұмыс-6 минут. Балалар мәтінді өздері оқып, танысады.Кейін оларға мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

4.СТО(сын тұрғысынан ойлау сұрақтары)- мәтін бойынша балаларға сұрақтар қойылады, олар толық жауап берулері керек.  

5.ҚҚС (қарама-қарсы сұрақтар) – мәтін бойынша балалар қарама-қарсы сұрақты өздері дайындайды жіне І  нұсқа ІІ нұсқаға ІІ  нұсқа І нұсқаға сұрақтар қояды. Балалар «иә»  немесе «жоқ» деп жауап берулері керек.

6.ТСҚ(тақырыптық сөздік қор)–  5минут.Жаңа өтілген тақырып бойынша  дәптерлеріне сөздер жазады.      

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: 1.Сәлемдесу

2.Сабақ мақсатын хабарлау.

   Сабақтың құрылымы:

1.ЖСҚ(жалпы сөздік қор)-5 минут.Соңғы екі тақырып бойынша балалар білетін сөздерін дәптерлеріне жазады.

2.  7 кілт сөз

1.Отан

2.Ту

3.қыран

4.ортақ

5.киелі

6.мемлекеттік

7.рәміз

3.Мәтінмен жұмыс-6 минут. Балалар мәтінді өздері оқып, танысады.Кейін оларға мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

4.СТО(сын тұрғысынан ойлау сұрақтары)

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңыз

3.Рәміздерді қай жылы бекітті?

4.Тудың авторы кім?

5.Туда нелер бейнеленген?

6.Тудағы күн нені білдіреді?

7.Тудағы қыран құс нені білдіреді?

8.Елтаңбаның авторы кімдер?

9.Жұлдыз  қай рәмізде бейнеленген?

10.Ою-өрнек қай рәмізде бейнеленген?

11.Қ.Р-ның ұлттық валютасы? (теңге)

12.Тудағы ою-өрнек нені білдіреді?

13.Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

14.Тудың түсі қандай?

15.Қ.Р-ның мемлекеттік тілі?

5.ҚҚС (қарама-қарсы сұрақтар)

6.ТСҚ(тақырыптық сөздік қор)–  5минут.Жаңа өтілген тақырып бойынша  дәптерлеріне сөздер жазады.   

Үйге тапсырма: Қ.Р-сы деген тақырыпқа диалог құрастыру

Бағалау:    Балаларды бағалау

 Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы мемлекет. Еліміз 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін алды.1992 жылы мемлекеттік рәміздерді қабылдады.Олар мемлекеттік елтаңба, әнұран, ту. Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов.Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек.Сондықтан да елтаңбаның дәл ортасында шаңырақ бейнеленген.Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген.Жылқы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған.Пырақ- мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін бейне.Шаңырақ- біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменге жағында «Қазақстан» деген жазу бар.Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі 1992 жылы Мемлекеттік туды бекітті.Ту неліктен көк түсті?Оның себебі,бүкіл дүниеге көк жүзі , аспан әлемі ортақ.Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінбейді.үнде бәрімізге ортақ.Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгедң.Ал, қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран құс сияқты биікте болсын деген ниетпен салынған.Ал, әнұранның авторлары Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов және қазіргі тәуелсіз кезеңге лайықтап өңдеген Нұрсұлтан Назарбаев.Жаңа әнұран 2006 жылы қабылданды.Әнұран халықты еркіндік пен елдікке, тірлік пен бірлікке шақырады. Қазақстан Республикасында тұратын әрбір азамат еліміздің әнұранын жатқа білуі тиіс.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше