Без рубрики

Жастық пен ғасыр індеттері /конференциялық кеш/

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы
Қауылжыр ауылы ГКС-12 орта мектебі
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы

Мақсаты: оқушыларға темекі ,арақ,есірткі,СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін,оның зиянды жақтарын түсіндіру,ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту,зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру,сана-сезімдерін дамыта түсу.Жүргізуші:-Қош келдіңіздер,бүгінгі кешке жиналған қауым!Сіз бен біз бүгін 8-10 сынып оқушыларының арасында өткелі отырған  «Жастық пен ғасыр індеттері» атты кешке жиналып отырмыз. Бұл кештің мақсаты- темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресуге шақыру.
Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін біз сынып оқушыларының арасында отырған  «Жастық пен ғасыр індеттері» тақырыбында кеш өткізгелі отырмыз. Осы кешке шақырылған қонақтарды таныстырып өтейік:

  1. Ауылымыздың бас дәрігері-Құттыбаева Маржан.
  2. Мектеп медбикесі-Балқыбаева Жұмагүл.
  3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Дүйісмағанбетова Дәметкен.
  4. Мектебіміздің спорт инстукторы- Иманбаев Айдос.

Алдымен «Ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік. Оқушыларда қандай жауап болады екен.
СПИД деген не? –Туралина Құндыз.
Нашақорлық деген не? -Аманбай Зухра.
Шылымқорлық деген не? – Жұмамұрат Ақбота.
Маскүнемдік деген не? -Нұржүсіпова Әлима.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызға  шылым шегушілерге ымырасыз баруға шақырамын» -деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.
Ғасыр індеттері туралы өлең жолдары.

  1. « Шылымның адам өміріне зияны»- Ахмет Әсел.
    Бұл отырған шылымқор, сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды, «тартпа» деген тіліңді.

Қой десең де қоймайды, көк түтінге тоймайды,

Сора-сора уыты өн бойына жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды,

Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.
2.     «Арақ –ардан бездірер» -Усманов Әлібай.

Әй,адамзат неге жүрсің серіксіз?

Тоқта!Тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай,

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:

Табысы мен атақ-даңқы,қолы жеткен мансабы,

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.

Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,

Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын.

 

Тамырына құрт түсті де тектінің

Шерлі ғасыр шерменде боп,шекті мұң

Арақ сасып,шарап мүңкіп,сыра аңқып

Заман дерті санамызға септі уын.

Ішімдікті дастарханның сәні ғып

Аяқ асты тапталды ғой ар-үміт.

Жуып-шайдық ісі ғой деп ақаңның

Жатқандарды ақыл-естен жаңылтып.

Арақ алмап, сыра жалмап жер үстін

Күйін кештік күлде қалған кебістің.

Қоғамымның жүрегі айнып,лоқсиды

Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?

 

Тоңсаң мені іш,жылынасың,

Қайғырғанда іш, пәлеге ұрынасың!

Ұялшақсың ба іш, батыл боласың!

15 тәулік айықтырғышқа қонасың!

 

Ішсең қисандап жүресің,

Ретсіз ыржаңдап күлесін,

Ар-ұяттан айырыласын,

Оны өзің де білесің!

Біле тұра ішесің,

Өз кебініңді өзің пішесің.

Ұрлықты да жасайсың,

Түрмеге де түсесің.

 

Мен болдым ғой жексұрын да, жауыз да,

Арақ өзі құйылмайды ауызға!

Әділеттін айтындаршы, ағайын,

Кім кінәлі, арақ па әлде ауыз ба?

 

Жүргізуші: Осы арақ,шылым туралы қысқаша мәлімет беруге мектептің мейірбикесі Балқыбаева Жұмагүл апайға сөз берсек

  1. 3.     «Нашақор»- Қоянбай Жанат.

Жүз бұрсаң нашақорлыққа,

Жүресің азап-қорлықта.

Шайтанның  жолын оң санап,

Өзіңді досым қор тұтпа

Он екі мүшең сау балаға

Есірткі уға алдана

Өзіңді-өзің құл етер

Жігерсіздікті ар сана.

Жүргізуші:-келесі сөз кезегін ауылымыздың аға дәрігері  Құттыбаева Маржан ханымға береміз.

Келесі ғасыр індеттерінің бірі насыбай мен темекі. Зертханалық тәжірбие ретінде насыбай мен темекінің зиянды екенін мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Төлегенова   Ботагөз    тәжірбие көрсетіп жіберсін.

Теледидардан алынған нашоқор жандардың әңгімесін тыңдайық:

«Менің әке-шешем арақты көп ішетін .Екеуі қоылып ішіп,біздерді ұмытып кететін.Үйдегі бар тәуірін араққа айырбастап ,не сатып жіберер отырады.Бауырларымыздың жағдайлары мені қатты ойландыратын.Кей кезде үйде тіпті қара нанның да болмай қалатын кездері болды.Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгілі ,тіпті кейде үйден безіп кеткім келеді.Сөйтіп жүріп мен жаңа достармен таныстым.Олар маған ақша беріп қамқорлық жасады.Күнде кешкілік ермегіміз анаша шегіп,ән салып,көшедегі жүргіншілерге тиісу болды.Достарым менен анаша тартуымды талап етті,қарызға әбден баттым.Енді мен қарызды қайтару үшін ұрлық жасауға кірістім.Сөйтіп,қылмыс үстінде қолға түсіп,қазір өз жазамды өтеудемін.Енді бостандыққа шықсам,басқа адамдардай жайлы өмір сүріп,жұмыс істеп,бауырларымды асырағым келеді».

-Балалар,енді ойланып көріңдерші,кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?

«Менің отбасым өте ауқатты болды.Әкем үлкен бір фирманың есепшісі еді.Бірақ ,олардың маған қарауға уақыттары болмайтын.Мен қатты жалғызсырай бастадым.Қалтамда ақша болса да ,мен қалай жұмсауды білмедім.Өз үйімде көңіл көтеретін кештердің бірінде бір жаңа достармен таныстым.Анашаның дәмін сол кеште татып,енді соған байланып қалдым.Достарымды күтудемін,қараңғы үйде отыратын болдым.Есімді танып құлап қалғанымды көрген ата-анам дәрігер шақытқанда барып,менің нашақор екенімді білді.Қазір емделу үстіндемін».

Көрініс: «Есірткі есіңді кетірер» қатысушылар:Ақмарал,Нұртілек,Айгерім,Нұрхан,Батырхан,Зухра,Ақбота,Алима.

Жүргізуші: Келесі кезек 6 сынып оқушысы Құрақбаева Ақниеттің орындауында «Не жаман?» термесіне береміз.

Жүргізуші: -Осы кешімізді сұрақтар арқылы өрбітсек:

1.Алғаш шылым шекен адамның белгілері қандай?

2.Шылым шегуді ең алғаш пайдаланған? (Үндістан «Ретум» шөбі)

3.Шылым шегудің өзі жайсыз жағдайға соқтыратын біле тұра адамдар неге шылым шегеді?

4.Қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар?

5.Арақты ішу адамға зиян екенін біле тұра неге араққа құмартады?

6.Ата-ана баласының көзінше арақ ішуі дұрыс па?

7.Таныс баланың күнде ішімдікті қолданбай тұра алмайтынын білсең не істейсің?

8.Достарыңның арақ іш ,ішпесең бізге жолама десе,сенің қайтарар жауабың?

9.Сен ақшадан қысылған сәтте  есірткіні сатсаң,көп ақша береміз десе не істер едің?

Тренинг –ойын «Әріп таңдау»

Шарты:таңдап алынған әріптерге тез арада сол әріптен басталатын сөзбен жауап беру

Сұрақтары:

1.Сенде неше тіс бар?

2.Ертеңгсін жүгіресің бе?

3.Тамақты қай қолыңмен жейсің?

4.Нешінші размер етік киесің?

5.Азиядаға қатыстың ба?

6.Самматте болдың ба?

7.Шылым шегесің ба?

8.Өз құқығыңды білесің ба?

9.Жие ауырасың ба?

10.Ауырғанда қандай ем қолданасың?

11.Тісіңді жие ысасың ба?

12.Соңғы рет айнаға қашане қарадың?

13.Шашыңды кім алады?

14.Мектеп формасын сақтайсың ба?

15.Арақ ішкен адам қандай болады?

16.Наша тауып алсаң не істер едің?

17.Осы кештен не түйдің?

Жүргізуші: -Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақстан 2030 » бағдарламасында «Салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап көрсетіп берді.Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да,тәрбиелі,шыныққан да шымыр,экологиялық сауатты ,ауасы таза көк желекті дамыған елде тұруы керек деген.

Бүгінгі конференциямыздың қорытынды сөз кезегін мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Дүйісмағанбетова Дәметкен апайға береміз.

Жүргізуші:— Адам!

Адам!

Бөлісіп уайымды –

Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір-біріңе болыңдар қайырымды, —

дей отырып, бүгінгі конференциямызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін көптен көп рахмет.

 

 

 

 

«Арақ –ардан бездірер» -Усманов Әлібай.

 

 

Әй,адамзат неге жүрсің серіксіз?

Тоқта!Тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай,

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:

Табысы мен атақ-даңқы,қолы жеткен мансабы,

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.

Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,

Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын.

 

Тамырына құрт түсті де тектінің

Шерлі ғасыр шерменде боп,шекті мұң

Арақ сасып,шарап мүңкіп,сыра аңқып

Заман дерті санамызға септі уын.

Ішімдікті дастарханның сәні ғып

Аяқ асты тапталды ғой ар-үміт.

Жуып-шайдық ісі ғой деп ақаңның

Жатқандарды ақыл-естен жаңылтып.

Арақ алмап, сыра жалмап жер үстін

Күйін кештік күлде қалған кебістің.

Қоғамымның жүрегі айнып,лоқсиды

Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?

 

Тоңсаң мені іш,жылынасың,

Қайғырғанда іш, пәлеге ұрынасың!

Ұялшақсың ба іш, батыл боласың!

15 тәулік айықтырғышқа қонасың!

 

Ішсең қисандап жүресің,

Ретсіз ыржаңдап күлесін,

Ар-ұяттан айырыласын,

Оны өзің де білесің!

Біле тұра ішесің,

Өз кебініңді өзің пішесің.

Ұрлықты да жасайсың,

Түрмеге де түсесің.

 

Мен болдым ғой жексұрын да, жауыз да,

Арақ өзі құйылмайды ауызға!

Әділеттін айтындаршы, ағайын,

Кім кінәлі, арақ па әлде ауыз ба?

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.