Біздің ауыл. Ауыл мекемелері

Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай,білім саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде.Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп,білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде.Жаңа технологияның бірі «Үшөлшемді әдістемелік жүйе(ҮӘЖ)» технологиясы. УӘЖ ПТ авторы,п.ғ.д, профессор Ж.У.Кобдикованың 1-үйренушілік,2-алгоритмдік,3-эвристикалық деңгейін толық меңгеріп,үйлестіруші функциясын орындауға құқылы екендігін растайтын сертификатын алдым. Осы жаңа «Үшөлшемді әдістемелік жүйе ҮӘЖ» технологиясы бойынша дүниетану пәнінен өткізілген «Біздің ауыл. Ауыл мекемелері» тақырыбындағы сабақ жоспарының үлгісін ұсынып отырмын.

Пәні: ДҮНИЕТАНУ

Класс: 1а

Мұғалімі: Нұрмашева Салтанат

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Сабақтың тақырыбы: Біздің ауыл. Ауыл мекемелері.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас сабақ (І кезең – 5 минут; ІІ кезең – 25 минут; ІІІ кезең – 15 минут)

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстырып, ауыл мекемелерінен хабардар ету;
  2. Оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке баулу, өз елінің байлығын дұрыс пайдалануға үйрету;

  3. Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.

Сабақтың мазмұны:

І – ІІІ кезеңдік тапсырмалар (төменде оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар – кілтінде берілген)

Сабақтың әдіс-тәсілі:

І кезеңде: сұрақ – жауап арқылы;

ІІ кезеңде: а) оқулықпен өз бетімен ізденіс әдісі; б) практикада бекіту әдісі;

ІІ кезеңде: үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы

бағалау әдістері.

Көрнекіліктер: І кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушының жеке журналдары;

ІІ кезеңде: а) оқулық, слайдтар, интерактивті тақта;

б) оқулық, жұмыс дәптері;

в) оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.

ІІІ кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары.

Сабақтың өту барысы:

І кезеңде: а) ұйымдастыру;

б) үй тапсырмасын тексеріп, «ашық журналға» белгілеу;

в) «Көпір» тапсырмаларын тексеру;

ІІ кезеңде:

а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға

оқулықтан жауап іздеуі ;

б) интерактивті тақтамен, оқушымен жеке жұмыс;

ІІІ кезеңде:

Дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілеп отырғызу. Үш деңгейді толық орындаған оқушыларға төртінші дейгей тапсырмаларын орындату.

  І кезең. Ұйымдастыру кезеңі
«Көпір» тапсырмасы (Жаңа тақырыпқа қажет болатын өткен материалдардың қайталау тапсырмаларын үйден орындап кел.)

Сұрақтарға жауап бер

1.Мынау не?

Жауабы: Мектеп

2.Мектеп балаларға не береді?

Жауабы: Білім береді

3.Мектеп ісін басқаратын кім?

Жауабы: Директор

4.Оқушыларды кім оқытады?

5.Мектепте жұмыс істейтіндердің бәрін не дейміз?

Жауабы: Бір ұжым

6. Мынау не?

Жауабы: Біздің класс

Жауабы: Мұғалім

7.Сен партада кіммен отырасың?

Жауабы:

 Ән: Мектебім 

ІІ кезең.

Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр.

Теориясы «Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не  істеді? )1.Мынау не?

Жауабы: Ауыл

2.Сендер қайда тұрасыңдар?

Жауабы: Шалқарда, (ауылда)

3.Біздің салып алған жеке неміз бар?

Жауабы: Үйіміз

4.Үй жанындағы бақшаға не егеміз

Жауабы: Сәбіз, қарбыз, қызанақ

5.Шалқарда не бар?

Жауабы: Көл

6.Көлден не аулаймыз?

Жауабы: Балық

7.Ауылда не ұстаймыз?

Жауабы: мал, қой, сиыр, жылқы

  1. Төмендегі суретте көрсетілген мекеменің атын жаз

Жауабы: аурухана, кітапхана, дүкенТеориясы «Түсіну» (неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)Сұраққа жауап бер

1.Ауылда біз неліктен мал ұстаймыз?

Жауабы: Пайдасы көп

Теориясы «Талдау»

(салыстыр, ерекшелігі неде? ең бастысын бөліп шығар.Венн диаграммасын толтыр.

Аурухана                       Ортақ   қасиеті                 Кітапхана

Басты идеясын жаз:

Аурухана мен кітапхана екеуі де – мекеме.Теориясы «Жинақтау»

(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус құрастыр)

Суреттердің бас әріптерінен  сөз  құра.

Жасырынған сөзді тап

Жауабы: ШалқарПрактикасы «Қолдану» (қарапайым тапсырмалар)Өзің білетін жемістердің атын жаз.

Жауабы:  алма, алмұрт …Практикасы «Баға беру»

(сен қалай ойлайсын? Не істер едің?Ауылда адамдар қандай шаруашылықпен айналысады деп ойлайсың?

Менің ойымша, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы

ІІІ кезең.

Деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындап, балл жинаңдар.

1-деңгей (5 балл)

Теориясы «Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не  істеді? )Сұраққа жауап бер

1.Сен қайда тұрасың?

Жауабы: Мен Шалқарда тұрамын

2.Көкөністердің атын жаз.

Жауабы: қарбыз, қияр ..

3.Мынау не?

Жауабы: көлТеориясы «Қолдану»

(ІІ кезеңдегі қолдану үлгісі бойынша)Мақалды толықтыр.

Ауылым – алтын бесік

ІІ деңгей (5 балл+4 балл=12 балл)

Теориясы «Түсіну» (Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)1.Сен қай көшеде тұрасың?

Жауабы: ________________

  1. Не себепті ауыл өте бай?

Себебі, мал, егін шаруашылығы бар

3.Ауырсаң кімге қараласың?

Жауабы: Дәрігерге, себебі ол науқасты емдейдіТеориясы «Талдау» (Салыстыр, ерекшелігі неде?Венн диаграммасын толтыр

Дәрігер                              Ортақ қасиеті                        Мұғалім

Басты идеясын жаз:

Екеуі де  маман иелері.

Практикасы «Қолдану» (өзгертілген жағдайда) Сұраққа жауап бер.

Көлде нелер болады?

Жауабы: Балықтар

 ІІІ деңгей.

(5 балл+4 балл+3 балл=12 балл)

Ы

Қ

Б

Ұ

Қ

Н

З

О

Қ

А

З

Ұ

Л

У

Ы

Л

А

төлі

Теориясы «Жинақтау» (қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, ребус)

Сөзжұмбақты шеш.

төлі

Сен қалай ойлайсын? Өйткені, оны түгелдей дерлік мұз басып жатыр. Сондықтан оны мұз құрсанған материк деп атайды.Практикасы «Баға беру»

(сен қалай ойлайсын? Не істер едің?)Сен басшы болсаң, ауылға не істер едің?

Жауабы: Ауылды көркейтер едім.

Ауылдық жерде тұрсаң, қандай шаруашылықпен айналысар едің?

Жауабы: мал шаруашылығы,егін шаруашылығы

Тақырыбы:Жануарлардың сан алуандығы

Мақсаты:1.Оқушылардың  білімін  арттыра  отырып,жануарлардың көп   түрлілігі  туралы түсінік

қалыптастыру.

2.Жануарлардың топтарға  бөліну ерекшеліктерін  түсіндіре отырып,білімдерін

тереңдету .Логикалық ой-    өрісін  дамыту.

  1. Табиғатты,  жан-жануарларды  қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,ойын ,интерактивті тақта,деректі фильм  көрсету.

Сабақтың  типі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі:Ойын, интерактивті тақта,мултьфильм

Сабақтың  барысы:

І.Танысу тренингі

ІІ.  Үй  тапсырмасы «Өсімдіктердің  сан  алуандығы»

1-слайд   Тест

1.Біздің  елде  өсімдіктердің  қанша  түрі  өседі?

а) 4000   в)5000     с)6000

2.Қарағай қандай  өсімдік  тобына  жатады?

а)қылқан жапырақты  в)бұталар  тобына   с)шөптесін  өсімдіктерге

3.Ағаш  қандай  ағзаға  жатады?

а)өлі      в)  жасанды               с) тірі

4.Құрғақшылыққа  төзімді  өсімдік

а)жантақ,сүттіген  в)қызғалдақ   с) қоңырбас

5.Бидай ,сұлы,  арпа мынылардың  қайсысына  жатады?

а)суыққа  төзімді   в)жылу  сүйгіш  с) жарық  сүйгіш

6.Өсімдіктер  нешеге  бөлінеді?

а)1        в)2               с)3

  1. Ең ұзақ жыл  өмір  сүретін ағаш?

а)қайың       в) бетеге  с)  емен

  1. «Қызыл  кітапқа» қандай  өсімдіктер  енеді?

а)барлық  өсімдіктер  в)көп  өсімдіктер  с)азайып  бара  жатқан өсімдіктер

9.Өсімдік  тіршілігі үшін қандай  жағдайлар  қажет?

а)жылу,су,мұз,жер в) жарық, су, жер  с)жылу,жарық, су,ауа,қорек

10.Өсімдік  топтары  нешеу?

а)  2           в) 3                  с) 4

(Тақтадан тест  жауабы  көрсетіліп,оқушылар өзін-өзі  тексереді.)

2-слайд.Өсімдіктерге   қажетті  заттар.Сызба  арқылы үй  тапсырмасын бекіту.

3-слайд. Сөзжұмбақты  шешу  арқылы жаңа сабақтың  тақырыбын  ашу.

Жаңа  сабақ

   Кіріспе

Өсімдіктер сияқты  жануарлар  да алуан  түрлі  болып  келеді.Жер  бетінде жануарлардың түрлері  өте  көп.Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша олардың  2 млн-дай түрі белгілі  болды. «Жануар» сөзі парсының  «джан-джанвар» деген сөздің екінші  бөлігінен  алынған. «Джан-джанвар»  қазақша  жануар  әлемі,яғни дүние

жүзіндегі тірі мақұлықтар  дегенді  білдіреді.

4-слайд.

Жануарлар мынадай топқа  бөлінеді: құстар,бунақденелілер,қосмекенділер, жорғалаушылар, балықтар,сүтқоректілер

Әр  топқа  жеке-жеке  слайдтар көрсетіліп,ерекшеліктерін түсіндіру

5-слайд.Құстардың  8600 түрі  бар. айырмашылығы  ұшады.

6-слайд. Балықтар.

Балықтардың  20000 түрі  бар.Олардың  айырмашылығы  жүзеді.

7-слайд.Қосмекенділер.

Қосмекенділердің  -4000 түрі  бар.Олардың  айырмашылығы  құрлықта  да,суда  да тіршілік етеді.

8-слайд.Сүтқоректілер.

Сүтқоректілердің -5000  түрі  бар. Олардың айырмашылығы  балаларын  өз  сүтімен  асырайды.

9-слайд.Жорғалаушылар.

Жорғалаушылырдың -8000  түрі  бар.Олардың  айырмашылығы

бауырымен  жорғалайды.

10-слайд.Бунақденелілер.

Жануарлардың  топтарының  ішінде ең  көп  тараған бунақденелілер.Олардың -700000  түрі  бар.

Құстар  мен  балықтар  туралы  деректі  фильм  көрсету.

Оқулықпен  жұмыс

Мәтінді  оқытып, сұрақ –жауап  арқылы  талдау  жасау.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерге  жануарлардың  топтарын  жазғызамын.

Жаңа  сабақты қорытындылау.

11-слайдОйын: «Жануарларды  өз  үйіне  орналастыр»

Оқушылардың  қонақтарға айтар  жақсы  тілектері.

Ризашылық әні

Сөзі мен әнін  жазған: Луиза  Хей

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге

Ризамын қазірге!

Ризамын,ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Үйге  тапсырма

Бағалау

Тақырыбы:Біздің Елбасымыз

Мақсаты: 1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы

Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет

еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;

2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын

сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге

тәрбиелеу;

3.Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін

ояту,құрметтеу.

Көрнекілігі:слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»

Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев

Тұманбай Молдағалиев «Есіл  ер»

1-оқушы:

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың,

Халықпен  бір  ашығасың да,халықпен бірге  тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың.

2-оқушы:

Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар  жыр,

Көкірегіңдекөнермей әлі өткен де  кеткен жылдаржыр,

Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа,

Бақытқа  баста  байтақ  еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.

3-оқушы:

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.

4-оқушы:

Жесірге  пана,қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға,

Саған  сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде…

Ән: «Жан аға»

5-оқушы:

Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.

Бірінші қатарда солдан оңға қарай інісі- Сатыпалды, апасы Әнипа. Екінші қатарда Нұрсұлтан Назарбаев, анасы- Әлжан, әкесі-Әбіш. Үшінші қатарда ағасы- Болат Назарбаев, нағашы апасы.

6-оқушы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.

7-оқушы:

Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

8-оқушы:

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.

9-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

10-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды

11-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.

12-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.

Елтаңба  авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.

13-оқушы:   Шаңырақ –Отан отбасынан  басталады.ортақ шаңырақ  биік ,босаға берік  болсын деген  мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін  дегенді  білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің  шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің  жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырайберсін»деген асыл  арманды арқалап тұр.

14-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында  шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі  бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр. Жалаудың  жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

15-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы,елтаңба,әнұраны бар

Айтындаршы, енді елім кем де неден?

16-оқушы:

1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

                             «Ата Заң»

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.

Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:

“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”

Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,

Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

Ермек Өтетілеуұлы.

17-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

18-оқушы:  1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жанарып қалам,жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Ән: “Астана – бас қала”

19-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жанарды,

“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

(Әнұран айтылады)

20-оқушы: «Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

21-оқушы:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

22-оқушы:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

23-оқушы:  Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Ән: «Елім менің»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Өзін-өзі тану пәні

Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатына орнату, бір-біріне жақсылық

жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық  жасай білуге, ой-өрісі дамыту.

Міндеті:  1. Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал

ету

  1. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа,

жақсылық жасай білуге тәрбиелеу

Барысы:

І.Сәлемдесу

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

ІІ.Шаттық шеңбері

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.

                      Өзіңді тану

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу- өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің – ақыл  айнасы.

Тиеді саған мәні бар

«Өзіңді тану» пайдасы.

ІІІ.Мәтінмен жұмыс.

Жақсылық пен жамандық (ертегі)

1.Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?

  1. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

ІV. «Жақсылық жасай білейік»

Мақал-мәтелдер (жақсылық пен жамандық туралы)

V.Тыныштық сәті.

-Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына, ата-анасына, ұстазына қандай жақсылық тілейтіні туралы ойлайық.  (2-3 сек)

-Балалар, ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-жөнімізді жазып, жақсылықты кімге ойладық, жазайық. Осы ойлаған жақсылығымыз күннің шуағы арқылы сол адамға жетеді.

VІ.Дәйексөз.

-Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, дәптерімізге жазып алайық.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

VІІ. «Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып көр»

«Қарлығаш пен дәуіт» Ітоп

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатт қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. …

«Аю мен тышқан» ІІ топ

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.

Аю шошып оянып, құлағын басып қояды:ъ

-Менің құлағым-сенің інің деп пе едің? – деп ақырады. Өзіңді жақсылап сабайын ба?

-Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.

-«Бармақтай болып, не керегіме жарармын дейсің»,-деп күледі аю. Дегенмен, босатып жібереді.

VІІІ. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.

ІХ.Қорытынды.

Ризашылық әні.

(сөзі мен әнін жазған Луиза Хей)

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге!

Ризамын3, бүгінге!

Ризамын3, қазірге.

Үйге тапсырма.

Тақырыбы:   Біздің  толағайлар

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету,  адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру , денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Лондон олимпиадасының жеңімпаздары  туралы мағлұматтар  беру

Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелік: Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактив такта, суреттер, бейне көрініс,жеңімпаздар  туралы слайдтар

                           Сабақтың барысы:

Денсаулық – зор байлық және  адам  денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек . SHAPE  * MERGEFORMAT Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау!    Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Олай болса бүгін  біз  Лондон олимпиадасының жеңімпаздарына тоқталайық

Лондондағы ХХХ Олимпиада  ойындарының жүлдегерлері.2012 жыл

Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама: 7 алтын,1күміс,5 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте12 орынға шықты және алтын медальдар саны бойынша алғашқы ондыққа кірді.Бұл біздің  еліміздің  мақтанышы.

1-слайд: Александр Винокуров

           Александр Николаевич Винокуров 1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл кентінде туды.

Өзінің кәсіби жолын 1997 жылы «Казино» командасының құрамында бастады.

1998-1999 жылдары «Четыре дня Дюнкерка» және «Дофине либере» көпкүндіктерінде жеңіске жетті.
2000 жылы әйгілі «Дойче телеком» велотобының құрамына өтті, команда кейін атауын «T-мобайл» деп өзгертті. Осы жылы Олимпиада ойындарында топтық тас жол жарысында екінші орынға ие болды.

2003 жылы «Париж-Ницца» жарысында жеңіске жетті. 40 күннен кейін Винокуров «Амстел голд рейс» біркүндігінде жеңіске жетті. Осы жылы Швейцария жарысында және «Тур де Франс» бір кезеңінде жеңіске жетті.

2006 жылы «Вино» маңызды рөл атқарған Liberty Seguros-Würth тарағаннан кейін, оның негізінде «Астана» жаңа командасы құрылды.

Тур де Франс 2011жарысында  Винокуров 9-кезеңде күрделі жарақат алды. Жамбас сүйегі сынған деген диагноз қойылды.

Лондон қаласында 2012 жылы өткен Олимпиада Александр Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелді.

2-слайд:Зульфия Чиншанло

Зульфия Салахаровна Чиншанло 1993 жылы 25 шілдеде Алматы қаласында туды.

2008 года жылдан бері – ҚР ауыр атлетика бойынша ұлттық құрамасының мүшесі.

Гиннестің рекордтар кітабына ауыр атлетика бойынша ең жас жеңімпаз ретінде енгізілді. 53 кг-ге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысады.

Қазақстанның 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары жеңімпазы, сондай-ақ 2010 жылы өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Чиангмэеда 2009 жылы өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында қола медаль алды.

Сингапурде 2010 жылы өткен жасөспірімдердің әлем чемпионатында күміс жүлде алды.

ҚР еңбегі сіңген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

2012 жылғы 29 шілдеде Зульфия Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алтын медаль ұтты, бұл арқылы ол өзінің әлемдік рекордын жақсартты.

3–слайд:Майя Манеза

Майя Салахаровна Манеза 1985 жылғы 1 қарашада Бішкекте туды. Майя ұзақ уақыт бойы Қытайда жаттықты. Қазақстанға ҚР ауыр атлетика бойынша бас жаттықтырушысы Алексей Нидің шақыруы бойынша келді.

63 кг-ге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Екі рет әлем чемпионатында жеңіске жетті  (2009, 2010).

Шынтақ жарақатына байланысты Майя 2008 жылғы Олимпиадаға қатыса алмады.

2011 жылы өткен әлем чемпионатында Майя Манеза күміс медальға ие болып, алтын медаль ресейлік ауыр атлет Светлана Царукаеваға бұйырды.

2012 жылғы Олимпиадада Манеза ресейліктен өз есесін қайтарды.110 кг жұлқа көтерумен және 135 итеруде әлем рекордын орнатып, Қазақстан құрамасының тағы бір алтын медаль сыйлады

4-слайд:Светлана Подобедова .

Светлана Николаевна Подобедова РКФСР Иркутск облысы Зиминск ауданының Зима станциясында туды. Ауыр атлетикамен 11 жастан бері айналысады.

2007 жылдан бері Қазақстанда тұрады және жаттығады.

Светлана Подобедова екі рет Әлем чемпионатында және Еуропа чемпионатында екі рет жеңіске жетті.

2010 жылы Подобедова планетаның үздік штангашысы деп танылды.

Подобедова сондай-ақ Қазақстанның ү дүркін жеңімпазы (2010, 2011 және 2012 жж), Азия жеңімпазы (2009 ж.) және Азия ойындарының (2010 ж.) жеңімпазы, 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.

XXX жазғы Олимпиада ойындарында екісайыс қорытындысы бойынша 291 кг көтеріп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын әкелді.

Подобедова екісайыс қорытындысы бойынша әлем рекордын жаңартты (295 кг).

5–слайд:Илья Ильин

Илья Александрович Ильин. Қызыл Орда қаласында (Қазақстан) 1988 жылғы 24 мамырда туды, қазақстандық ауыр атлет.

2001 жылдың желтоқсан айында өткен Қазақстанның Семей қаласында ауыр атлетика бойынша чемпионатында қызыл Орда қаласының 13 жасар оқушысы Илья Илин арнайы жүлде алды.

2005 жылдың көктемінде өзінің он жеті жасқа толуы кезінде Ильин жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

2005 жылғы 15 қарашада Катар астанасы Дохада 85 кг-ге дейінгі дәрежеде әлем рекордын орнатып, жеңіске жетті, екі қозғалыс қорытындысы бойынша штангашы 386 кг-мен бірінші орынға ие болды, бұл оның тағы бір әлем ректорды еді. Илья 85 кг-ге дейінгі дәрежеде ең жас қатысушы атанды.

2005 жылғы чемпионаттың үздік штангашысы деп танылды.

Илья Қазақстанда әлем біріншіліктерінің бес дүркін және 1998 жылғы олимпиада жеңімпазы Анатолий Храпатыйдан кейін екінші болып табылады, ауыр атлетика бойынша әлем жеңімпазы.

2006 жылғы мамыр айында Қытайда жасөспірімдер арасында әлем жеңімпазы атанды.

Осы жылдың қазан айында Санто-Домингода 94 кг-ге дейін әлем жеңімпазы атанды.

2006 жылдың желтоқсан айында Илья Катарда өткен Азия ойындарында 94 кг салмақта 401 кг (175+226) нәтижемен жеңіске жетті.

2007 жылы Илья Бейжің Олимпиадасына дайындалып, еш жарысқа қатысқан жоқ. Олимпиадада жұлқа көтеруде 180 кг-мен және итеруде 226 кг-мен ол алтын медаль алады.

Бейжің Олимпиадасындағы жеңістен кейін Илья өз жаттығуларына үзіліс жасайды, бұны ол физикалық шаршағандықпен, омыртқа жарақатымен және Ауыр атлетика федерациясымен болған қарқылық кикілжінмен түсіндіреді.

2009 жылы Ильин жаттығуларын қайта бастайды және 2010 жылы Қазақстанның жеңімпазы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады.

Қазақстанның 2011 жылғы жеңімпазы.

2011 жылғы Әлем чемпионатында Парижде жалпы сомасы 407 кг-мен (181+226) әлемнің үш дүркін жеңімпазы атанады.

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 94 кг-ге дейінгі салмақта әлем жеңімпаы атағын тағы бір рет ұтып алды, ол екі дүркін олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық болып табылады.

6-слайд:Ольга Рыпакова

Ольга Сергеевна Рыпакова 1984 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында туды.

2000 жылдан бері  «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы бойынша  олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт  мектебінде» жаттығады.

2006 жылы Қазақ спорт және туризм академиясының олимпиада түрлері факультетін аяқтады.

Ольга XVI Азия ойындарының алтын және күміс жүлдегері; ҚР көпсайыс, көпсайыс түрлері және үш қарғып секіру бойынша көп дүркін жеңімпазы және жүлдегері болды.

2007 жылы Ольга Рыпакова Бүкіл әлемдік универсиадада жеңіске жетті. 2010 жылы үш рет қарғып секіруден әлем жеңімпазы болды.

Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 4-орынға ие болды.

2012 жылы XXX жазғы Олимпиада ойындарында үш рет қарғып секіруден алтын медаль ұтып алды.

7-слайд :Даниял Гаджиев

Гаджиев Даниял Дағыстанда туды. Кизилюрт қаласында № 1 БЖСМ еркін күреспен айналысты.

Бірінші жаттықтырушысы – Н. Б.Курбанов.

2001 жылдан бері Тверь қаласында грек-рим күресімен айналысты.

Ресейдің 23 жасқа дейінгі жастар жеңімпазы.

2011 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді.

Д.Тұрлыханов атындағы спорт мектебінде жаттығады (жаттықтырушысы — Тұрлыханов Марат Болатоұлы).

Азияның лицензияланған Олимпиада турнирінің жеңімпазы.

2012 жылы 2 место на МТ Гран-при «Вэхби Эмре» Гран-при ХТ-да 2 орын (Түркия).

2012 жылы академик М.Сапарбаевты есепке алу ХТ-ның жеңімпазы.

Батыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсетеді, Орал қаласында тұрады.

2012 жылы Лонданда өткен Олимпиаданың қола жүлдегері

8–слайд:Марина Вольнова

Марина Ивановна Вольнова (1989 жылғы 26 шілдеде туды) — Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың қола жүлдегері.

Бокспен 6 жастан бері  айналысады. Астанада Қазақстанның бокс бойынша еңбегі сіңген жаттықтырушысы Маржықпаев Берік Борамбейұлының жетекшілігімен жаттығады.

2012 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2010 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Қазақстанның бокс бойынша төрт дүркін жеңімпазы, Азия-2010 жеңімпазы, 2010 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадаға қатысушы.  Элизабет Андиегоны (Кения) 20:11 есебімен және и Саванна Маршаллды (Ұлыбритания) 16:14 есебімен жеңді, жартылай финалда американдық Кларисса Шилдсқа 15:29 есебімен ұтылды. Нәтижесі – Лондон Олимпиадасында қола медаль алды. 9–слайд:Гузель Манюрова

Манюрова Гюзель Тагировна (1978 жылғы 24 қаңтарда туды, Саранск, Мордова АСКР) – қазақстандық спортшы, 2010 жылғы дейін Ресей атынан өнер көрсетті (еркін күрес).

Ресейдің еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанның Еңбегі сіңген спорт шебері, Афинада өткен Олимпиада ойындарыныың күміс жүлдегері (2004), Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2012).

Саранск қаласында татар отбасында туған, кейін ата-анасымен Мәскеу қаласына көшеді.

2002 жылға дейін айкидомен айналасты, Айкидо Айкикай 3-данына ие. Ресей Айкидо Айкикай вице-президенті.

Еркін күреспен 2002 жылы С.Масьянов пен А.Колывано жаттықтырушыларының жетекшілігімен айналыса бастады.

2004 жылы Еуропа чемпионатының еркін күрес бойынша жеңімпазы және Афинада өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері болды.

2005 және 2007 жылдары  Ресей чемпионатында жеңіске жетті. Бұдан кейін үш жыл қатарынан (2010-2011-2012ж) Азия чемпионатында жеңіске жетті.

2011 жылы Стамбул қаласында өткен әлем чемпионатында бесінші орынға ие болып Лондонда 2012 жылы өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығына ие болады.

Лондон Олимпиадасында қола медальға ие болады.

Саранск қаласында Гюзель Манюрованың сыйлықтары үшін еркін күрес бойынша турнир өткізіліп тұрады.

10- слайд:Иван Дычко

Иван Фёдорович Дычко (1990 жылғы 11 тамызда туды) — қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қазақстанның 2009, 2010, 2011 жылғы бокс жеңімпазы.

2008 жылы жастар арасындағы Әлем чемпионатында 2-орын алды.

2010 ж. — Гуанчжоу қаласында (Қытай) өткен ХVI жылғы бокс бойынша жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

2011 ж. — Баку қаласында (Әзірбайджан) өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері – 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия ұтып алды.

2008, 2009, 2010 жылғы өнер көрсету қорытындылары бойынша Қостанай облысының үздік он спортшысының қатарына енді, 2011 жылы Қостанай облысының ең үздік спортшысы атанды.

Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.

11–слайд:Ақжүрек Танатаров

      Ақжүрек Достықұлы Таңатаров (1986 жылғы 3 қыркүйекте туды) — қазақстандық еркін мәнердегі күрескер, Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Тараз қаласында туған.

Қазақстан Республикасының 4 дүркін жеңімпазы.

Қазақстан Республикасы Кубогының иегері (2011), халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

12–слайд:Әділбек Ниязымбетов

Әділбек Сабитұлы Ниязымбетов (1989 жылғы 19 мамырда туды) — 81 кг-ге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық әуесқой боксшы.

2000 жылдан бері бокспен айналысады. Маңғыстау облысының атынан өнер көрсетеді. Жаттықтырушысы – Жәкиев Марат Исағалиұлы.

2011 ж.Бакуда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері.

13-слайд:Серік Сапиев

        Сапиев Серік Жұманғалиұлы (1983 жылғы 16 қарашада туды) — қазақстандық әуесқой боксшы.

Қазақстанның Қарағанды облысының Абай қаласынды туды, тұрады және жаттығады.

Жаттықтырушысы — Стрельников Александр Владимирович.

Екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007).

Екі дүркін Азия чемпионы (2007, 2009).

Азия ойындарының жеңімпазы (2010).

Бірқатар ірі турнирлерде медальдар мен сыйлықтарға ие болды. Қазақстанның мейлінше атағы көп боксшыларының бірі.

Бейжіңде өткен 2008 жылғы жазғы Олимпиадаға 64 кг-ге дейінгі дәрежеде жартылай финалға өте алмады, бұданкейін салмақты төмендетуін қойып, 69 кг дәрежесіне өтті.

Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиадада жарыс иесі – британдық Фрэдди Эвансты 17-9 есебімен жеңіп 69 кг-ге дәрежеде олимпиада чемпионы болды.

Серік Сапиев Лондон Олимпиадасының қорытындысы бойынша Вэл Баркер кубогына ие болды – бұл сыйлық Олимпиада ойындарында 1936 жылдан бері бүгінгі күнге дейін ең үздік техникаға ие боксшыға беріледі.

Начало формы

Конец формы

«Чемпиондар әні » (бейне көрініс)

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер! Сонымен ден сау болу үшін мына шарттарды орындап жүрейік.
1.Ерте тұру.
2.Орта тазалығын сақта
3.Үнемі денені таза ұстау.
4.Сергек жүру.
5.Артық тамақ ішпеу.
6.Спортпен шұғылдану.
7.Салауатты өмір салтын сақтау.
8.Зиянды нәрселерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз

Қорытынды: Осымен 1-қыркүйек күні өткізілген «Біздің  толағайлар» атты сынып  сағатымыз аяқталды.Біз жеңімпаздарымызды әрқашан мақтан тұтамыз.

Өзін-өзі тану пәні                         

Тақырыбы:Табиғат-денсаулық мекені

Мақсаты:Оқушылардың «табиғат» құндылығы туралы түсінігін дамыту.

  • табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
  • баланың табиғатқа аялы қарым-қатынасын дамыту;

  • табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері: Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық

Табиғат, сен – тіршілік, тұнып тұрған;

Сен – Күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен- көлсің,

Сен- ормансың,

Сен- бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Мәтінмен  жұмыс.

           Өсиет әңгіме

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты.Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық,қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап,оның жолын қайдан табамыз деп,ұзақ кеңесіпті.

Әрі ойланып,бері ойланып,ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін  іздемекші  болады.

Үлкен ұлы денсаулықтың  мекенін табиғаттың «Саялы орманынан»,ортаншы  ұлы денсаулықтыңмекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен,ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.

Ұлдарына риза  болған қария,үш  ұлының да еліне кезек-кезек барып  тұрыпты.

Қария бақытты да баянды,ұзақ ғұмыр  кешіпті.

1.Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан  тауыпты?

2.»Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?

Таза ауа,таза су,пайдалы  тағам,көтеріңкі  көңіл күй, адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Тыныштық сәті.

-Балалар,көзімізді  жұмып табиғат  аясында отырмыз деп елестетейік.(Үнтаспадан тыңдату)

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып.

Дала сұры қашады.

Балаларым, айтыңдаршы.

Бұл қай кезде болады ?

-Енді көзімізді  ашайық.

-Бұл  күз  мезгілі.

Шығырмашылық жұмыс.Суретке  қарап, «Табиғатпен біргеміз» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Дәйексөз.

Бүгінгі  сабағымыздың дәйек сөзін дәптерімізге  жазып  алайық.

«Табиғаттан нәр алған  ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.»

                          Р.Сәтімбекұлы

Жүректен-жүрекке.

-Балалар барлығымыз шаттық  шеңберіне  тұрайық. Табиғат анаға арнап«Табиғат та бір кітап» өлеңін  айтайық.

Тамаша ғой

Бүгін сен

Табиғатқа  жүгінсең.

Құлақ  түріп,

Көз тігіп,

Төңірекке  үңілсең.

Еріп бұлттың  ырқына,

Жоқ  болады бір күн ай…

Табиғат та бір кітап,

Оқи  алсаң,шіркін-ай!

Қорытындылау.

Д.Қонаев 100 жылдығына орай өткізілген тәрбие сағаты

Тақырыбы:Мақтан  тұтар ұлы  тұлға

Мақсаты: Оқушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы мәлімет беру, өмірі, атқарған еңбектері туралы ақпарат беру.

Жоспары:

1.Өмірбаяны

2.Отбасы

3.Мұражайы

4.Көзкөрген замандастарының  естеліктері

1-бөлім  Өмірбаяны

1-оқушы:

Д.А.Қонаев 1912 жылы қаңтардың 12-де Алматы қаласында туды. Еңбек жолын 1936 жылы Мәскеудегі алтын және түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Қоңырат кенішінде бастады. Ол дипломын Қоңырат карьерінің қуаттылығын 90 мың тонна қара мыс беруге жеткізу жөнінде жазып, оны үздік бағамен қорғап шығады.

2-оқушы:

Өзі жұмыс істеген үш жылда бұрғылау станогінің жұмыскерлігінен бастап цех бастығы, рудниктің техника бөлімінің меңгерушісі, бас инженері, директоры болып қызмет атқарды.

3-оқушы:

Сол жылдары Қоңырат құрылысы қарыштап дамыған еді. Д.Қонаевтың өзі тұрған үй, балабақша, аурухана, мәдениет үйі салынды. Осындай қажырлы еңбегі үшін 1938 жылдың шілде айында “Ерекше еңбегі үшін” медалімен   марапатталды.

4-оқушы:

Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел бас­қар­ған кезеңі 1955-1986 жылдары. Осы жылдарда Қазақ­стан­ның экономикасы 7 есе өсіпті. Мың­да­ған елді мекендер пайда болған, 68 жұ­мысшы посел­ке­сі, 43 қала салыныпты. Халықтың саны өсті, ол республика қуа­ты­ның өркендеуіне қол жеткізді.

5-оқушы:

25 қабатты «Қазақ­стан» қонақ үйі, М.Әуезов атындағы академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, жастардың Неке сарайы, Ұлттық кітап­хана, «Арасан» моншасы, жабық Көк­базар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз үйі, Алматы темір жол вокзалдары, әуе­жай ғима­ра­ты, респуб­ли­ка­лық Пионерлер сарайы мен «Медеу» спорт кешені Дінмұхамедтің бастама­шы­лығы арқасында д­ү­ние­ге келген.

6-оқушы:

Заманымыздың заңғар тұлғасы Димаш Ахметұлы Қонаевтың халық үшің, еліміз үшін жасаған еңбегі кезін­де жо­ға­ры бағаланды. Оған КСРО-дай алып державаның ең жоғары – Со­циа­листік Еңбек Ері атағы үш рет берілді, ең жоға­ры ордені – Ленин орденімен 8 рет марапатталды.

2-бөлім Отбасы

Дінмұхамед Қонаев  зайыбы -Зухрамен

7-оқушы:

Сара ҚОНАЕВА, қарындасы:

Біз – Димекең екеуіміз бір әке, бір шешеден тудық. Ол — үйдегі үшінші бала. Үлкеніміз – Әмина деген апамыз. Ол кісі — көтерілісші Айтжан Түркебаевтың жұбайы. Одан кейінгі апамыздың аты – Мәймуна. Камал Қадыржановтың жары. Үшіншісі – Димекең. Димекеңнен кейін Наиза, Набила, Фазила деген апаларымыз болған. Назила мен Фазила оқу оқып жүр­ген жерінен өздері сұранып, соғысқа аттанған. Одан кейінгі — Гаухар, атақты сәулетші Бәсеновтың әйелі. Гаухардан кейін Едіге деген ұл болған екен. Оны әкеміз кішкентай ке­зінде далаға алып шыққанында көлденең жұрттың көзі тиген деседі, сол күні-ақ мұрттай ұшыпты. Шетінеп кеткен. Одан кейін – мен. Димекең екеуіміздің арамыз — он бес жас. Менен кейін Асқар деген ұл, Роза атты сіңлім бар.

8-оқушы:

Кейінде әкем екі рет қатты қуандым дейтін көрінеді. Оның біріншісі — «Димашымның оқуын бітіріп, дипломын алып келгені, — дейді екен, — Ал екінші қуанышым – оның қызметке тұрғаннан кейін «үйленемін» дегені.

Димаш ағам «үйленемін» деген хабарды жеткізгенде – жиырма жеті жаста. Зухра жеңгеміз бізге шешедей болып кетті. Мінезі көркем, ақылға да, парасатқа да бай, әзиз жан еді

9-оқушы:

1990жылы Димекеңе жарты ғасыр жар болған Зухра жеңгеміз дүние салды. Сол жылы мен отбасыммен Димекеңнің шаңырағына көшіп бардым. Сөйтіп үш жыл бойы ол кісімен бірге тұрдым. Бұл үш жыл – Димекеңнің Зухрасынсыз өткен үш жылы еді. Бұл үш жыл – ол кісінің өмірін қорытындылаған, соңғы үш жылы еді.

3-бөлім  Мұражайы

Алматыдағы мұражай үйіндегі  суреттері.

10-оқушы:

Алматы қаласындағы қазақ жұртының зиялы қауым өкілдері тұратын Мұқан Төлебаев көшесінің бойына орналасқан Д.А.Қонаев атындағы мұражай-үйі 2002 жылдың 12 қаңтарында ашылған. Өйткені 12 қаңтар – қазақ халқының біртуар дарынды ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Осы мұражайдың іргетасын қалаушылардың бірі әрі тұңғыш директоры Болысбек Батталхановтың айтуына қарағанда, ең алғаш жеке отау тіккен кезде бұл мұражайда 21-ақ жәдігер болған көрінеді.

11-оқушы:

Қазір олардың саны 2,8 мыңнан асып жығылады. Олардың қатарында Дінмұхаммед Ахметұлының Үкімет тарапынан алған 40-тан астам орден-медальдары – 3 Социалистік Еңбек Ері атағының «Алтын жұлдызы», 8 «Ленин» ордені, Моңғолияның «Сухэбатор» алтын жұлдызы және Чехословакия, Куба, Қытай елдерінің мемлекеттік ордендері, Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде пайдаланған жазу үстелі, қазақтың тұңғыш мүсіншісі Кәкімжан Наурызбаевтың 1952 жылы, яғни ұлы қайраткердің 40 жасында соққан мүсіні, тағы басқа өзі тұтынған заттары бар. Осы жәдігерлердің бәрі құнды әрі бағалы.

12-оқушы:

Мұражайдың Бас қор сақтаушысы Гүлмира Бекмұратованың айтуына қарағанда, Димаш атамыздың 81 қару-жарағы болған екен. Олардың 12-сі – мылтық, 1 «Браунинг» тапаншасы, қалғандары – пышақ, қанжар, семсер, қылыштар. Бұл жәдігерлердің басым көпшілігін шетел мемлекеттерінің басшылары мен еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері сыйға тартқан.

13-оқушы:

Осы жәдігерлердің ішінде Германия, Куба, Югославия, Чехословакия елдерінің басшылары Эрик Хоннекер, Фидель Кастро, Иоссиф Броз Тито, Гусак Густовтардың қос ауызды карабині, Орта Азия Әскери округының сол кездегі қолбасшысы Д.Язовтың 1647 жылы жасалған «Петр» мылтығы және генерал П.Лушевтің 1777 жылы соғылған «Толедо» деп аталатын қынсыз семсері бар. Ал кавказдық қанжардың біріне «Қайғыға емес, сұлулыққа қызмет ет!» деген таңба соғылыпты. Осы қару-жарақтардың ішіндегі ең құнды жәдігерлердің бірі де бірегейі – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Дінмұхаммед Ахметұлының 70 жасқа толуына орай сыйлаған қанжары. Асыл да бағалы тастармен көмкерілген қанжардың бір бетіне «Д.А.К» ал екінші жағына «Н.А.Н» деген белгі салынған. Бұл – «Д.А.Қонаевқа Н.Ә.Назарбаевтан» деген ұғымды білдіреді.

14-оқушы:

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев бала кезінде сыныптас досы, кейінірек белгілі жазушы болған Дмитрий Снегинмен бірге жиі-жиі аңға шыққан көрінеді. Ал Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов және оның орынбасары Сұлтан Жиенбаев, қазақтың көрнекті ақыны Олжас Сүлейменов, жеке дәрігері Ахат Мүліковтермен аңға шығып тұрған. Олардың айтуына қарағанда, Дінмұхаммед Ахметұлы құралайды көзге атқан мерген болған деседі. Ол аңға шығу мерзімін қатаң ұстанып, тек астық жинау науқаны аяқталған кезде ғана өзіне демалыс жариялап, аң-құс атуға уақыт бөлген. Ал басқа кезде мемлекеттік маңызды істермен айналысқан. 1986 жылдың қыркүйек айында соңғы рет аңға шыққан екен, – дейді мұражай қызметкері Гүлмира Бекмұратова.

4-бөлім «Көзкөрген замандастарының  естеліктері»

ҚОНАЕВ ТУРАЛЫ 300 ӨЛЕҢ ЖАЗҒАН АҚЫН

Өтеш ҚЫРҒЫЗБАЙ:«Кемеңгер» атты  кiтабы

«Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген,

Тәнi өлсе де, ұлының жүрегi өлмеген.

Таң нұрына шомылып, күнде азанда,

Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген.

15-оқушы:

Димаш десем, жанарым нұрға толған,

Сауыт кеудем патша өлең, жырға толған.

Димаш десем, самғаған көктi айналып,

Қыран құсым саңқылдап қырға қонған.

Ол кiсiдей менi жұрт түсiнгенде,

Ит жүгiртiп, кiм бассын мысымды елде,

Димаш жайлы жыр жазам, Димаш нұры,

Көкiрегiме сәулесiн түсiргенде»

16-оқушы:

«Қонаевтың зиялы заманында,

Қадау-қадау жайғасқан дала, құмда.

Жұрттың бәрi көгерiп, көктеп өскен,

Дән жинаған бидайдың сабағында», — деп кешегi «қой үстiне бозторғай жұмырт- қалаған» бейбiт заманнан хабар бередi. Ғалымдар жұмыр жердi жайлаған бүкiл елдiң басшыларын компьютерге түсiрiп екшеп, таразылағанда Дiнмұхаммед Ахметұлы Қонаев жетiншi орынды иеленiп, әлемдегi жетi ұлының бiрi атанған.

17-оқушы.

«Үзiлмеген достығы, сәлемдерi,

Басшылар да әрқилы әр елдегi.

Димашқа арнап жыр жаздым жетi шумақ,

Жетiншi ұлы атанған әлемдегi

18-оқушы:

«Жалғанда, мынау жалғанда,

Жұрт түгел жұмақ арманда.

Мұхтардай ұлы тұлғаның,

Жұлдызы биiк жанғанда.

Тұр неге, Дүние тойламай,

Лениндiк сыйлық алғанда?».

19-оқушы:

 «Қазақ қалай күн кешсiн шырайланып,

Үкiметтен қол үзген былай қалып.

Бiрақ елiн жасытпай жебеп әлi,

Димаш рухы аспанда жүр айналып»

20-оқушы: Өмірзақ Сәрсенов:

Мынау Алматы облысында Балқаш деген аудан Iленiң Балқашқа құятын жағын мекендейдi. Димекеңнiң арғы атасы Азнабай осы жердi, Күртi мен Iле өзендерiнiң арасын мекендеген. Мұнда сен айтқан мұнай мен газ, темiр мен көмiр жоқ. Осы ауданда күрiш өсiру жобасын Дiнмұхамед Қонаев жасаттырды. Бұған дейiн күрiш дақылы жер бе­тiнде мұндай солтүстiк белдiкте өсi­рiлмеген. Қонаев ғалымдарға осы Бал­қаш ауданының Бақбақты, Ақдала ай­мақтарында күрiш өсiруге бола­тындығын дәлелдеттiрдi. Содан соң арнайы қаржы бөлiп, күрiш танаптарын жасатты. Iле дариясынан берi қарай ка­налдар қаздырды. Жолдар салды. Жаңа шаруашылықтар ашты. Сөйтiп, мұнда iрi күрiш алқабы пайда болды. Кеңес Одағы осы дақылға деген зәрулiктен құтылды. Жергiлiктi халыққа кәсiп те, нәсiп те келдi. Ауылдар көркейдi. Жұ­мыс орындары ашылды. Қаншама тех­ника келдi. Әрбiр ауылға мәдениет, денсаулық сақтау ошақтары салынды. Жергiлiктi халық осының игiлiгiн әлi көрiп отыр. Бұрынғыдай самолеттер ұшпаса да, басқасын сақтап қалды. Жекешенiң қолына тиген шаруашы­лықтар сол күрiшiн егiп, сатып өз күнiн көрiп отыр. Мұнай мен темiрсiз де тентiреп кеткен жоқ. Осыны Қонаевтың көрегендiгi дер едiм.
21-оқушы:Қасымхан Бегманов :

 «Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр»

Димаш аға аяулы ағатайым,

Сағынды ғой өзен, кел, бала қайың.

Алтын нұрдан жаралған асылым-ай,

Қазағымның өзіндей қарапайым.

Мәңгілікке өтсең де арамыздан,

Шықпай қойдың бір сәт те санамыздан.

Жүріп өткен жолынды ойша шолып,

Сағым жүзген іздедім даламыздан.

Қорытынды:

1993 жылдың 22 тамызында ол дүниеден өткенде, оны­мен қоштасуға келген халықта есеп болмады. Опера театрынан Кең­сай зиратына дейін жолдың екі жағы адамға толып, сүйікті перзентін ақыр­ғы сапарға шығарып салды.
Сірә сияқты адамдарды әсте де өлді деуге бол­майды. Ол артында өлмейтұғын іс қал­дыр­ған тұлға. Ол әрқашан халықпен бірге жасайды. Олардың жадында өмір сүреді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қо­наев өмірден өткен соң, 1994 жылы Д.А.Қонаевты есте қал­ды­ру жөнінде Президент Н.Ә.Назарбаев қол қойған Жар­лық шықты. Соған орай ол жұмыс істе­ген мекемеге, институтқа оның аты бе­ріл­ді. Тек Алматыда ғана емес, рес­пуб­ли­каның жер-жерінде, елді мекендерде де Қонаев атындағы көшелер бар. Тіпті жер-жерлерде оған ескерт­кіш те қойы­лып жатыр.

Осымен Ахметұлы Қонаевтың  100 жылдығына  орай өткізілген «Мақтан  тұтар ұлы  тұлға» атты тәрбие  сағатымыз аяқталды.

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Туған  жер

                      Қ. Мырза Әли

Мақсаты: «Отан», « сүйіспеншілік», « туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

  • Отан, сүйіспеншілік , туған жер туралы түсініктерін кеңейту;
  • туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;

  • туған жерін сүюге , қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап

    Түрі:Жаңа сабақ

    Көрнекілігі: туған жер  туралы  мақал-мәтелдер,Шалқардың  суреттері

    Барысы:

    І.Ұйымдастыру

    ІІ.Үй  тапсырмасы  «Ғасыр  саңлағы»

    1Тізбектей  оқыту

    2.Мазмұнын  сұрау(3-4оқушы)

    3.Сұрақ-жауап арқылы бекіту

    а) Әңгімедегі Тоқтар кім?

    б)Анасы  екеуі  келе  жатып қандай көріністі тамашалады?

    в)Тоқтар  кішкентай  кезінен кім  болуды  армандады?

    г) Тоқтар  қай  жылы  ғарышқа  ұшты?

    д) Тоқтар  туралы  тағы  не білесіңдер? (оқушылар  жауабы )

    (1-слайд)

    Сергіту сәті

    Қуанамын  мен де,

    Қуанасың  сен де,

    Қуанайық достарым

    Арайлап  атқан  күнге!

    Жаңа  сабақ

    Қ.Мырза Әли «Туған  жер»

    Қ.Мырза Әли туралы  мәлімет (2-слайд)

    Aқын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылыҚазақмемлекеттікуниверситетініңфилологияфакультетінтәмамдаған.Еңбекжолынсолкездежаңаданашылғанбалаларжурналы«Балдырғаннан»бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968–1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін ҚазақстанЖазушылародағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. 2011 жылы қайтыс болды

    –          Балалар  сендер  хайуанаттар  бағына барып  көрдіңдер ме?(Оқушылар  жауабы) (3слайд)

    Қайран зыл құмым-а

    Бұл хайуанаттар  бағы.Мұнда Үнді пілінен  бастап  Бетпақдаланың Батбатына  дейін  бар.

    Батбат дегеніміз-кәдімгі кесірткенің  бір түрі.

    Кесіртке,көлбақа,пингвин бала  кездері естеріне  түсіп,көңілдері  құлазып туған  жерлерін

    еске алады.(4-слайд)

    Бұлардың  үшеуінің  де  айтқаны  дұрыс.Өйткені әркімнің туған жері өзіне  ыстық  болып көрінеді.

    -Балалар сендердің  туған  жерлерің қалай  аталады?(оқушылар жауабы  тыңдалады)

    -Шалқар

    -Биыл біз Шалқардың неше  жылдығын  тойлағалы отырмыз?

    -80 жылдық мерекесі  екен.

    Олай  болса  өзіміздің туған  жеріміз  туралы  қысқаша  айтып  өтейік

    Шалқар  Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының орталығы, қала ірі темір жол станциясы. Тарихқа жүгінсек, сонау 1870 жылы Ұлықұмның оңтүстік-батыс беткейіне, Шалқар көлінің жағасына қазақ шаруалары келіп, қоныс тебеді.Олар бұл өңірде мал шаруашылығымен айналысып, алғаш жеркепе үйлер салған. 1901-1903 жылдары осы өлкеде Орынбор-Ташкент темір жолының құрылысы басталып, алғашқы өнеркәсіп орны-Шалқар паравоз депосының іргетасы қаланды. 1932 жылы  Шалқар ауданы болып құрылады. (Шалқардың құмы,көлі,эмблемасын көрсету    5-слайд)

    Балалар үнтаспаға қосылып, «Шалқар вальсі» әнін айтады.

    Әркімге өзінің туып өскен жері, оның сылдырап аққан суы, биік таулары, ағаштары, хош иісті гүлдері де ыстық. Сондықтан әркім өзінің туған жеріне деген махаббатын, Отанына сүйіспеншілігін , мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді. Ақын – жазушыларымыз туған жердің сұлу табиғатын, байлығын жырласа, суретшілеріміз суретін салады.

    Ұлтарақтай  болса да,

    Ата қоныс жер қымбат.

    Ат  төбеліндей  болса да,

    Туып  өскен ел  қымбат.

    Дәптермен жұмыс

    Туған жер  туралы  мақал –мәтелдер жазу.

    Туған  жер-алтын  бесік.

    Туған  елдей ел болмас,туған  жердей  жер  болмас.

    Сөздік  жұмыс

    Жұмақ-рақат орын,пейіш.

    Қорытындылау.

      Бағалау . 

    Үйге тапсырма беру

    Тақырыбы:Өткенді пысықтау

    Мақсаты:а) Оқушылардың өтілген тақырып  бойынша қаншалықты деңгейде меңгергендерін анықтау

    ә) Ойын есептер арқылы ойлау қабілетін, ой-өрісін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, топпен жұмыс жасай алуға дағдыландыру.
    б) Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу, ұқыптылыққа,тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: Қайталау сабақ

    Әдісі:Сұрақ-жауап,ізденіс,өзіндік жұмыстар

    Көрнекілігі:Слайдтар,спортшылар,тапсырмалар

    Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

    Психологиялық дайындық

    Сәлемдесу

    Үлкенге де «Сіз»

    Кішіге де «Сіз»

    Баршаңызға құрметпен,

    Бас иеміз біз.

    ІІ.Үй тапсырмасы тексеру

    Математикалық диктант

    -2 санынан кейінгі сан        (3)

    -4 пен 2-нің қосындысы     (6)

    -5 пен 3-тің айырмасы        (2)

    -Ең кіші бір таңбалы сан    (1)

    -Ең үлкен бір таңбалы сан  (9)

    -10 мен 20ның қосындысы (30)

    Бүгінгі  сабағымыз өткенді пысықтау.

    ІІІ.Мағынаны тану

    -Балалар  сабағымыз күндегіден ерекше болмақ. Олай болса бүгін  біз  Лондон олимпиадасының жеңімпаздарына тоқталайық

    Лондондағы ХХХ Олимпиада  ойындарының жүлдегерлері.2012 жы

    ІV.Спортшыларымыздың тапсырмаларын орындау

    1.Қазақстан қоржынына  бірінші алтын медаль салған Александр Винокуровтың тапсырмасы

    №1 Өрнектерді жаз және мәнін тап:

    40+50

    60

    10+40

    100-80

    30

    10

    –

    –

    70-40

    60-50

    Азайғыш 12 21 85 15
    Азайтқыш 6 20 5 10
    Айырманың мәні

    №2.Кестені  пайдаланып,өрнектерді жаз және мәнін тап.

    қосылғыш 20 50 60 90
    қосылғыш 4 8 2 5
    Қосындының мәні

    3. Майя Манезаның тапсырмасы:

    А)Хайуанаттар бағында пілдерге 15 кг картоп,одан 7 кг кем сәбіз берілді.

    Пілдерге неше килограмм сәбіз берілді?

    Ә) Хайуанаттар бағында пілдерге      сәбіз және 20 кг картоп берілді.

    Пілдерге барлығы неше килограмм көкөніс берілді?

    4.Светлана Подобедованың тапсырмасы:

    Сергіту сәті

    Ән: Көк тудың желбірегені

    5.Илья Ильиннің тапсырмасы.

    №4 фигураларды сипатта:

    І қатар                           ІІ қатар                        ІІІ қатар

    Төртбұрыш                       Үшбұрыш                        Шаршы

    6.Ольга Рыпакованың тапсырмасы:

    №5. Фигуралардың периметрін тап:

    І қатар                           ІІ қатар                       ІІІ қатар

    7.Серік Сәпиевтың тапсырмасы:

    №6.»Кім шапшаң?» ойыны

    3+7+2=12              8+2+3=13                15-5-4=6

    3+7+5=15              6+4+6=16                17-7-8=2

    Спортшыларымыздың бізге әкелген сыйлығы бар екен. Соны тамашалайық.

    Мультфильмнен үзінді тамашалау.

    Қорытындылау.

    Үйге тапсырма беру

    Бағалау

    Ідіріс Үргенішбаевтың туғанына 100 жыл

    Ауыл мұғалімі Ідіріс Үргенішбаевтың өшпес ерлігі

    Мақсаты:Қазақ халқының  аты аңызға айналған  батыры Ідіріс Үргенішбаевтың қайталанбас ер тұлғасы мен қаһармандық ерлігін,мұғалімдік бейнесін жан-жақты ашып көрсету;

    батырдың ерлік істерін  өн бойына сіңіріп,елін,жерін қорғай

    білуге,қаһармандылыққа,ерлікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

    өскелең ұрпақтың бойына еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін құрметін арттыру.

    Көрнекілігі:слайдтар,батырдың портреті,100 жылдыққы арнап шығарылған кітаптар.

    Барысы:

    Жерлес  ақынымыз Зиядин ӘбдуалиевКеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевтың ерлігі туралы  «Өшпеген жалын» дастанынан.

    1. Ауыл мұғалімі
    2. Қаһар  боп соқты қырық бір

    3. Жиырма жыл күтті -Жәмила

    4. Днепр шайқасы

    5. Қуанышты хабар

    Кіріспе

     Мұғалім:Сәлеметсіздер ме,оқушылар және қонақтар!Ат ауыздығынан су ішіп,ер етігімен су кешкен заманда жауға  шығып елін,жерін қорғаған ержүрек,қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші!Осындай батыр болмысты,қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі-Кеңес Одағының батыры өзіміздің жерлесіміз,ауыл мұғалімі Ідіріс Үргенішбаев.

    Ідіріс Үргенішбаев 1912 жылы 16сәуірде  Ақтөбе облысы,Шалқар ауданындағыТалдықұм деген ауылда дүниеге келеді.Әкесінен 5 жасында жетім қалады.Ақтөбе  педагогикалық  учелищесін  бітірген  соң,  туған  ауылында   бастауыш  мектеп

    меңгерушісі  болып  қызмет  атқарып  жүреді.

    “Туған ұлдан не пайда, қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса” деп жауынгер  ақын Махамбет айтқандай, мыңдаған ерлер қатарында І.Үргенішбаев та 1942 жылдың қаңтарында майданға аттанады. Қаламын винтовка мен автоматқа  ауыстырған кешегі ауыл мұғалімінің тар жол, тайғақ кешуде азаматтық тұлғасы тағы бір қырынан жарқырап көрінеді.

    Ідірістен  қалған  жалғыз  баласы  Есенгелді   1942 жылы 28 тамызда  Аяққұмда   дүниеге  келеді.

    Биыл Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаевтың  туғанына 100 жыл толып отыр.Осыған орай «Ауыл мұғалімі Ідіріс Үргенішбаевтың өшпес ерлігі» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

    І бөлім. «Ауыл мұғалімі»

    1-оқушы:

    Жайдары,көркем жаз еді,

    Жайқалтқан майса шалғынын.

    Балақайлармен мәз еді,

    Тізімін алып шәкірттің,

    Тіл тауып,шаруа-халықпен,

    Ұланның бәрін шақыртып,

    Ұстатып бір-бір «Әліппе»

    Іздентіп білім сырларын,

    Ідіріс аға тынбайтын.

    2-оқушы:

    Болашақ үшін бұл дарын

    Болаттай істі шыңдайтын.

    Ағаның жаны ұғатын

    Арманның мың дүрсіл лебін,

    Аялап дәйім тұратын

    Ауылдың бүлдіршіндерін.

    Балақайларды қырандай

    «Қанағаттандырсам» дейтұғын.

    «Сапарға сұңқар ұландар

    Сан аттандырсам дейтұғын»

    3-оқушы:

    Пайымдап отыр Ідіріс,

    Парағын ойдың ақтарып.

    Санада сол бір дүбір іс,

    Сауатын ашқан хат танып.

    Қараңғы еді ел іші,

    Халыққа тағар сын қандай?

    Ескілік дәстүр желісі

    Етектен тартып тұрғандай.

    ІІ бөлім. «Қаһар  боп соқты қырық бір»

    4-оқушы:

    Өмірдің көшін қозғасып,

    Ізгілік жолға бұрып кіл.

    Бесжылдықтардай  тез басып,

    Басталды солжыл-қырық бір.

    5-оқушы:

    Шілдеде соққан ызғардай,

    Шарпыған өрттей тұтқиыл.

    Сумаңдап суық жыландай,

    Сол хабар жетіп шалғайдан:

    «Фашистік орда-ылаң жай,

    Бастады,-деді,-қан майдан»

    «Соғыс!» -деп айтқан суық сөз

    Сіресіп қатқан мұз-қардай.

    6-оқушы:

    «Отанға қауіп туды күн,

    Ерлігің елдің сынайтын»

    «Жүрмейді бізге күш-әмір,

    Қылышпен қанды кезеңген

    Жеңеміз жауды,ісі-әділ,

    Қаһарман елміз ежелден»

    Қанқұйлы жаудың сорына

    Қаһар боп соқты, қырық бір.

    ІІІ бөлім. «Жиырма жыл күтті -Жәмила»

    7-оқушы:

    Қаншама жыл елеңдеп,

    Жеткенде күні Жеңістің

    «Азамат аман келер !»-деп

    Армандай күтті не мүскін.

    Жол қараушы еді балалар,

    Жәудір көздері жаутаңдап

    Оралды қанша ағалар

    Ордасын жаудың  талқандап.

    8-оқушы:

    Қан майданда ар үшін

    Қиылып қыршын армандар.

    Оралмай боздақ-арысы,

    Ойсырап орны қалған бар.

    Солардың бірі-Жәмила

    Сарылған хабар хат күтіп,

    Тіршілік,өмір қамында,

    тағдырын достық пәк тұтып.

    9-оқушы:

    Жанымда жара күйзеліс,

    Дүниені шарлап қиялым

    Таппадым дерек –белгіңді.

    Өзіңнен қалған тұяғың-

    Өсірдім Еснгелдіңді.

    Жетімегің де жетілді,

    Жоғалмайды екен орны бар.

    Жазылмас сырқат секілді.

    10-оқушы:

    Жесірлер-мендей сорлылар,

    Лағынет айтып соғысқа,

    Жанымды жүндей түтейін.

    Арман жоқ тағдыр тоғысса,

    Арысым сені күтейін.

    Үйде бол,мейлі, топқа бар,

    Үндемей тағдыр қарысқан.

    Жиырма жыл өтті,жоқ хабар

    Майданға кеткен арыстан.

    ІV бөлім.«Днепр шайқасы»

    11-оқушы:

    Сүйем жер-Отан сүйікті,

    Сол үшін күрес-мұрат,бақ.

    Қан төгіп алған билікті,

    Қорғап тұр ерлер тұрақтап.

    Сәт емес бекер тарығар,

    Ідіріс ойға шомуда:

    Әз-ана, адал жары бар,

    Сәби бар қалған соңында.

    12-оқушы:

    Аяулы ауыл-аймағы,

    Аманат артқан артында:

    «Алдыңда –ерлік майданы,

    Азамат бол, -деп,- нар тұлға!»

    Табаным бүгін-табаным,

    Төгілсін мейлі, бар қаным.

    Қорғасам Днепр –ананы,

    Қорғалдың сен де Шалқарым!

    13-оқушы:

    «Өз басым құрбан болса да,

    Өткізсем,- дейді полкты»

    Есіңді жойып кеткендей,

    Еселей жауған оқ саны.

    Шалғынға түскен шөптердей,

    Жайрады жаудың тоқсаны,

    Окоптан жауға туралап,

    Оқ атып жатты бір мерген…

    14-оқушы:

    Ұмтылды ол «уралап»

    Өзеннен өтіп үлгерген.

    Қапыда жықты сержантты,

    Қаңғалап жеткен ажал-оқ.

    Артыңда мәңгі ер-даңқы-

    Алаулы маздақ –ғажап от!

    Vбөлім «Қуанышты хабар»

    15-оқушы:

    Кетпей ме қате  жаңылыс,

    Кіналап кімді сөгерсің.

    Алмасып меже-адрес,

    Адасты хабар –көгершін.

    Жетпей ме қырсық сорлыға

    Жалғыз –ақ ағат сөзбенен?

    «Ақтөбе» деудің орнына ,

    Ақмола жаққа меңзеген.

    Бақыттың құсы  жалтарды,

    Бастағы тағдыр бір қыл боп.

    16-оқушы:

    Ауданның аты «Шалқарды»,

    ағаттау жазған «Шырқыл» деп.

    «Тұмалыкөл» деп жазылмай,

    Ауылдық кеңес мекені.

    Адасты хабар қазындай,

    Таппаған түстік –Меккені.

    Анықтап бәрін  болғанша,

    Арада жиырма жыл өтті.

    Ақ кептер келіп  қонғанша,

    Аялап іңкәр тілекті.

    17-оқушы:

    Жоғарғы кеңес Указы-

    Жеңістей қымбат бұл хабар!

    Қуаныш күйі, мың сазы…

    Қаһармандық та мұнда бар.

    Жан-Отан қайдан көрді ұлын,

    Жырлаймын  соңғы шайқасын.

    Жауынгер аға ерлігін

    Жұтшылық содан байқасын.

    Ән: Қаһарман (З.Әбдуалиев,Е.Өтебасов)

    18-оқушы:

    «Жақсының аты өлмейді» демекші,ауданымызда Ідіріс Үргенішбаев атындағы мектеп бар.Батырдың ерлігін насихаттауға арналған ескерткіш,кітаптар жазылып,көшеге батыр атының берілуі де ердің атының ұмытылмайтындығының айғағы.

    19-оқушы:

    Жерлесіміз  Ідіріс  Үргенішбаевты  Кеңес  Одағының  Батыры  атағына

    ұсынған  қағазында  оның  командирі  былай  деп  жазған: «Неміс басқыншыларына  қарсы  біздің   бөлімнің 1943 жылғы

    1қазаннан  5қазанға  дейінгі  шабуыл  жасаған  ұрыстарында , әсіресе, Чернигов  облысы Любеч ауданындағы  Любеч  деген  елді  мекеннің  басына  қарай   Днепрден  өту  кезінде Үргенішбаев  жолдас  өзін  батыл да, қаһарман  жауынгер  етіп  көрсетті».

    1942 жылы 4 қаңтарда Шалқар теміржол станциясынан майданға аттанғанІдіріс Үргенішбаев 1943 жылы 2 қазанда қаза табады.Ол не бары 31 жаста болатын.Батырдың  денесі  Гомель  облысындағы  Днепр  жағалауында  Глушец деген  село  маңындағы  бауырластар  зиратына  жерленеді.

    20-оқушы:

    Батыр ұл есімдері сақталады,

    Жыр болып жүректерде  жатталады.

    Ғасырдан –ғасырларға аңыз етіп

    Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады

    Мұғалім:Осындай ерліктің ерен үлгісін көрсетіп,артына өшпес  із қалдырған ердің ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру- бүгінгі ұрпақтың парызы.Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де,жүз ғасыр өтсе де ел есінде сақталары сөзсіз.Осымен Ідіріс Үргенішбаевтың 100 жылдығына арналған «Ауыл мұғалімі Ідіріс Үргенішбаевтың өшпес ерлігі» атты тәрбие сағаты аяқталды.

    Сабақтың тақырыбы:  Шұғылалы  Шалқар

    Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Шалқар өңірінің тарихы, ондағы

    біртуар перзенттер жайлы  және олардың еңбектерін

    қадірлей білуге үйрету

    2 .Сөздік қорын молайту, тіл мәдениетін,дүниетанымын

    кеңейту.

    3.Оқушыларды елін,жерін,туған өлкесін сүюге,

    ұлтжандылыққа тәрбиелеу

    Сабақтың көрнекілігі: Шалқар энциклопедиясы, туған жер туралы  жазылған кітаптар, Шалқардың суреттері.

    Барысы

    Мұғалім: Шалқар  Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданының орталығы, қала ірі темір жол станциясы. Тарихқа жүгінсек, сонау 1870 жылы Ұлықұмның оңтүстік-батыс беткейіне, Шалқар көлінің жағасына қазақ шаруалары келіп, қоныс тебеді.Олар бұл өңірде мал шаруашылығымен айналысып, алғаш жеркепе үйлер салған. 1901-1903 жылдары осы өлкеде Орынбор-Ташкент темір жолының құрылысы басталып, алғашқы өнеркәсіп орны-Шалқар паравоз депосының іргетасы қаланды.

    Биыл Шалқар ауданына 80 жыл толды. Осы мерекеге арналған «Шұғылалы Шалқар» атты  тәрбие   сағатымызды бастайық.

    1-оқушы:

    Ұлтарақтай болса да,

    Ата қоныс жер қымбат.

    Ат төбесіндей болса да,

    Туып өскен жер қымбат.

    2-оқушы:

    Шалқардың құм деп жерін құмсынбаңыз,

    Құмы-құт, суы-байлық, осында аңыз,

    Еңбекпен бағы жанған, шамы жанған,

    Батырлар,бақыттылар осындамыз.

    (Үмбетбай  Уайдин)

    3-оқушы:

    Уа, Дариға, алтын бесік – туған жер!

    Қадіріңді білмей келсем, кеше гөр!

    Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

    Ақын болмай, тасың болсам егер мен.

    (Қасым Аманжолов )

    4-оқушы:

    Көл Шалқар жас құрақпен көмкерілген,

    Көгіңнен зеңгір аспан  төңкерілген.

    Серідей сегіз аққу-құс төресі,

    Сайрандап бақыт тапқан кең төріңнен.

    (Зиядин Әбдуалиев)

    5-оқушы:Шалқыған Шалқар

    Ағайын, көтерейін жыр мерейін,

    Аманат-сөз қалдырып, үлгерейін.

    Әйгілі тұлғаң болып тумасам да,

    Әйгілеп, Шалқар жайын бір берейін.

    6-оқушы:

    «Шалқар»  деп, жырға қоссам, қала ма екен?!

    Шектінің ел-жұртына дала-мекен.

    Айнадай, аққу қонған, өзен-көлдер,

    Айдынды, алпыс екі салалы екен.

    7-оқушы:

    «Шалқар» деп, жыр шығарсам, шаһар ма екен,

    Қашаннан, қала,дала-қатар мекен.

    Қорғаған Шалқар жерін ата-баба,

    Қаңтардай дұшпанына қаһарлы екен.

    8-оқушы:

    Бұл Шалқар-жазық та екен, қырқа да екен,

    Бәрін де, әнмен, жырмен шырқап өтем.

    Шектінің ел қорғаған батырлары-

    Шетінен Едігенің ұрпағы екен.

    9-оқушы:

    Ұрпақтар сабақтасып-ел өсулі,

    Ұл-қыздың маңдайынан жел есулі.

    Шалқардың тарихтағы бас батыры-

    Бақтыбай – ұран баба, Төлесұлы.

    10-оқушы:

    Бұл Шалқар-құмды мекен, таулы мекен

    Барымта, қарымталы даулы мекен.

    Ақшидің ақ шағылды бұйраттары-

    Арыстан, Көтібардың аулы ма екен?!

    11-оқушы:Есенбай Дүйсенбаев

    Шалқар

    Әліби тұрған штаб-үй,

    Нар мүсін Шалқар.

    Жұбанов  жазған күшті әнім,

    Армысың  Шалқар.

    12-оқушы:

    Мақтауыма сен  қалайда,

    Сыясың,Шалқар.

    Талмайтын қанат талайға

    Ұясың,Шалқар

    13-оқушы:

    Бойыңа ерте бекіген,

    Бұл дарын,Шалқар.

    Талант боп туған  шетінен,

    Ұлдарың,Шалқар

    14-оқушы:

    Елу жылда ел жаңа,

    Деуші еді Шалқар.

    Қайта бір туған кең дала,

    Еңселі Шалқар.

    15-оқушы:

    Сынтастай сырлы таптым ой,

    Сымбаттым Шалқар.

    Аяққұм толы ақтылы қой,

    Қымбат үн –Шалқар.

    16-оқушы:

    Тірлікті аңсап шөлдесең,

    Шипа су-Шалқар.

    Ақынның илан,сен десем,

    Ұйқасы,Шалқар.

    17-оқушы:

    Айғағы соның айнымас,

    Осы өлең Шалқар.

    Көсегең көктеп,жай құлаш,

    Өсе бер,Шалқар.

    18-оқушы:

    Шалқар ауданы Ақтөбе облысының оңтүстігінде Ақтөбе қаласынан 363 шақырым жерде орналасқан.Аудан экологияға қолайсыз. Арал аймағына жатады.Жердің көлемі 61,2 мың шаршы км. яғни облыстағы ең ірі аудан болып табылады. (Шалқар суреттері)

    19-оқушы:

    Топырағы ашық қоңыр, жылжымалы құмды. Өсімдіктен жусан басым. Жануарлар әлемі бай- киік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян. Құстардан-бүркіт, көкқұтан,қасқалдақ,аққу,үйрек, т.б мекендейді.

    (табиғатын, жануарларын, құстарын слайдпен көрсету)

    20-оқушы:

    Тау-кен геофизик инженері, ҚР құрметті геологиялық барлаушысы Е.И.Книжниктің ақпаратына сүйенсек, Шалқар ауданы аумағында көптеген пайдалы қазбалар, кен орындары бар.

    «Шалқар суы» минералды суы Ақтөбе облысында Шалқар минералды кен орнында өндіріледі.

    21-оқушы:

    Ас тұзы:

    Асханалық-емханалық Шалқар минералды сулар, құмды алқаптардағы тұщы ауыз су, термальды сулар.

    Емдік балшықтар:

    Әртүрлі сәндік тастар: жұмырсай яшмасы, Жалғызтау ағашы.

    22-оқушы:

    Шалқардың төл перзенттері:

    Т.Жаманұлы, И.Р.Доценко, Ж.Мекебаев, Л.Мюльгаузен,П.Ознобин, Ы.Карагулин, Ж.Дүйісов, Ж.Бекқұлов, Ж.Таушанов, А.Сүйрамин, А.Невский, Н.Князев, С.Ролдыгин т.б азаматтарымыз төңкерілістеріміздің бел ортасында жүрді.

    1917 жылы Ұлы Қазан төңкерілісі де Шалқар жерін айналып өткен жоқ. Шалқар жерінде ақ гвардияшылармен күресте Ә.Т.Жангелдиннің еңбегі айрықша.

    23-оқушы:

    Қан майданда кешегі ауыл мұғалімі, рота порторігі сержант Ідіріс Үргенішбаев Отан үшін қаза тапты. Днепр бойындағы ерлігі  үлгі өнегесі және көрсеткен инициативасы үшін І.Үргенішбаевқа 1644 жылы 11 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен наградталды.

    Батырдың денесі Ганель облысының Лаев ауданындағы Деракичи деревнясындағы туысқандар биітінде жерленген. Жерлестері оның есімін қастерлеп есте ұстауда. Батырдың ескерткіші қалада орнатылған. Оның есімімен Шалқардағы №40 қазақ орта мектеп, қалалық орталық көше аталады. (Слайдпен батырлар суреті)

    24-оқушы:

    Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Әбдіжәміл Кәрімұлы Нүрпейісов Шалқардағы білімнің қара шаңырағы №1 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін  1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ә.Нүрпейісовтың күрделі туындысы- «Қан мен тер» трилогиясы; «Ымырт» (Ә.Нүрпейісов суреті)

    25-оқушы:

    Шалқар көлі

    Шалқар жоғарғы және төменгі Шалқар көлдерінен тұрады. Жоғарғы Шалқардың суы тұщы 1927 жылы көлдің екі арасына шлюз құрылысы салынды. Көл сыйымдылығы- 28,0 млн текше метр. Жыл сайын көктемде Мұғалжар тауынан Қауылжыр өзені арқылы 10,0 млн текше метр су келіп, көлге құяды. (слайдпен көрсету)

    26-оқушы:

    Елбасы Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша білім шаңырағының бірі – Шалқар қаласындағы №8 орта мектеп. 3 қабатты, 1200 орындық мектеп ғимаратының жалпы аумағы 21056 шаршы метр. Кітапханада 10 мың кітап қоры бар.

    Ауданда жаңа емхана мен аурухана   бой көтерді

    2007 жылы аудандық ауруханадан денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрықтарына сәйкес емхана дербес бөлінді.2007жылдың қазан айында аудандық емхана жаңадан салынған типті екі ғимаратқа көшті; емхана құрамында 12 дәрігерлік амбулаториялар, 12 медициналық пункт қарайды. Халыққа дәрігерлік медициналық көмек көрсетудің деңгейі көтерілді, жаңадан заманға сай медициналық құрал-жабдықтар алынды, тұрғындардың емделуіне, медициналық қызметкерлерге барлық жағдай жасалынған.

    27-оқушы :Аурухана

    2006 жылы Аудандық аурухана ғимараты салынып, аурухана жаңа ғимаратқа көшірілді, бұрынғы аурухана ғимаратына туберкулез ауруларына қарсы жаңадан ашылған 60 койкілік (төсек) аурухана орналасты.

    Тағы бір жаңалығымыз — биыл Шалқар ауданында келіп оқитын балалардың көптігіне байланыст, аудан орталығынан жергілікті әкімшілікпен келісе отырып, жаңа Бәйішев колледжі салынды. Бұл Шалқар мен оған жақын орналасқан аудандардың балалары үшін үлкен қуаныш.

    28-оқушы:Бүгінде қаламызда көптеген жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр.

    М. Шыманұлы мен І. Үргенішбаев көшелерінің қиылысынан 2216,5 шаршы метр жерді алып жатқан ел көңілін қуантар еңселі мешіт бой көтеруде. Бұл мешіт Ділдә Қоқанованың демеушілігімен және қолдауымен бой көтеріп жатыр.

    Бұл жерде 250 орындық мешіт үйі, 30 адамдық медресе, 400 адамдық ас беру орталығы, ер және әйел адамдарға арналған дәрет алатын орын салынуда. Мешіт құрылысын бұрын осындай қасиетті орындарды салып маманданған, қырық адамнан тұратын құрылыс бригадасы сапалы жүргізуде. Имандылыққа бет бұрған, адамгершілікті, адалдықты жанына серік еткен жандар үшін Алланың бұл үйі жамағатқа үлкен қуаныш болды.

    29-оқушы:Шалқар қаласындағы Мырзағұл Шыманұлы көшесінің бойынан салынған Қазанғап атындағы саз мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Бұл жаңа ғимарат та кәсіпорын демеушілігімен жүзеге асып отыр. Оған еліміздегі «Тетис Сервис Қазақстан» компаниясы қаржылай демеушілік жасаса, құрылысын қаламыздағы «Ерзат» өндірістік кооперативі жүргізген. Жалпы аумағы 418 шаршы метр болатын жаңа саз мектебінің ішін компания толықтай жаңа жиһаздармен жабдықтаған.  300 балаға арналған бұл мектепте қазір баян, домбыра, қобыз сыныптары секілді 12 үйірме жұмыс істейді.

    Би:Қара жорға

    Ән: Туған  өлкем

    Қорытынды

    Мағыналы Шалқар деген,ат  қандай,

    Маңғаз  далам мәңгі  шалқып  жатқандай.

    Күннің  көзі Шалқар жақтан шыққандай

    Таңның  өзі Шалқар  жақтан  атқандай .

    Палуан  тұлға, ұлдар  өскен шат  қандай,

    Қыздары  бар,алма  мойын ,ақ  маңдай,

    Жер жаннаты бәлкім,Шалқар  даласы,

    Жанарлардың жауын  алған мақпалдай,- дей  отырып Шалқар ауданының 80  жылдығына  арналған «Шұғылалы Шалқар» атты  тәрбие  сағатымыз  аяқталды.Көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға  көп-көп  рахмет!

    Ән: Шалқар вальсі

    Р Е З Ю М Е

    Аты – жөні:     Нұрмашева Салтанат

     Мекен – жайы:         Ақтөбе облысы

                       Шалқар қаласы

                       Ырзағазы Нұртаев, 14

    Жалпы ақпарат:

    Туған жылы:     22.12.1969

    Ұлты:                қазақ

    Білімі:                жоғары

    Бітірген оқу орны:Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе

    педагогикалық институты

    Жұмыс орны:   “№ 6 орта мектебі” ММ

    Пәні:                   Бастауыш кластың мұғалімі

    Марапат, наградалар:

    СЕРТИФИКАТ,  “Ең үздік класс жетекшісі”,                Ақтөбе қаласы, 2009

    ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, Аудандық маслихат,   Шалқар қаласы, 20.08.2010

    АЛҒЫС ХАТ,     Аудандық білім бөлімі,      Шалқар қаласы , 23.12.2010

    ДИПЛОМ,         Аудандық пән кабинет байқауы,   Шалқар қаласы , 2011

    АЛҒЫС ХАТ,Оқытудың “Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)” педагогикалық технологиясы бойынша,Алматы қ., 11.01.2011

    СЕРТИФИКАТ, Оқытудың “Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)” педагогикалық технологиясының 2- алгоритмдік             

                                   деңгейі,  Алматы  қ., 11.03.2011

    СЕРТИФИКАТ, Оқытудың “Үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ)” педагогикалық технологиясының 3-эвристикалық деңгейі,  Алматы қ., 19.05.2011

    СЕРТИФИКАТ,  “Облыстың үздік мұғалімі”,   Ақтөбе қаласы, 2011 

    ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ,  Бастауыш мектеп журналының белсенді авторы,  Алматы  қ., 17.02.2012

    Құрмет грамотасы,Ақтөбе  облысының  білім департаменті ,Ақтөбе қаласы,2007ж

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше