«Оңға және солға бұрылу жаттығулары»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі
Ахметов Мирас Жадырасынұлы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың денсаулығын жақсарту, дене жаттығуларын дамыту және оңға, солға бұрылу жаттығуларын меңгерту.
Өтілетін орны: Спорт зал.
Құрал-жабдықтар: Төсеніш,ысқырық,уақыт
|
№ |
Сабақтың мазмұны |
Уақыт мөлшері |
Әдістемелік нұсқау |
| І Кіріспе 15 мин | |||
|
1 |
Сапқа тұру; рапорт беру; сәлемдесу; |
1мин |
Бір сызықта тік тұру |
|
2 |
Сабақтың тақырыбын түсіндіру;Сабақтың мақсатын айту; |
1мин |
|
|
3 |
Саптық жаттығулар; |
2мин |
Оңға, солға дұрысбұрылуын қадағалау |
|
4 |
Баяу жүріс; |
30сек |
Аяқ алысын қадағалау; |
|
5 |
Спорттық жүріс; |
30сек |
|
|
6 |
Жүгіріс; |
2мин |
|
|
7 |
Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар:Қолды алдына созып, тізесін қолға тигізіп жүгіру;Қолды артқа жамбасқа қойып, аяқтың өкшесімен тигізіп жүргізу/ аяқты артқа қарай серпілей/;Қолды жоғары көтеріп,оң жағымен секіру;
Қолды жоғары көтеріп, сол жағымен секіру; |
30сек 30сек 30сек 30сек |
Белді тік ұстау,тізені биік көтеруҚолды түзеу ұстау;Қолды жоғары ұстау;
Қолды жоғары ұстау; |
|
8 |
Біріншіден жүріске көшу; |
15сек |
|
|
9 |
Жүру кезінде орындалатын жаттығулар:Аяқтың ұшымен жүру;Өкшемен жүру;Табанның ішкі жағымен жүру;
Табанның сыртқы жағымен жүру; Жартылай отырып; Толық отырып; Толық отырып алдыға секіру; |
15сек 15сек 15сек 15сек 15сек 15сек 15сек |
Қол жоғарыда, қол белде;Қол желкеде;Қол белде;
Қол белде; Қол алдында; Қол жанында; Қол желкеде; |
|
10 |
Жалпы денеге арналған жаттығулар:№1; №2; №3; №4: |
4мин |
Жаттығулардың дұрыс жасауларын қадағалау; |
| ІІ Негізгі бөлім 25 мин | |||
| «Сапқа тұрыңдар!» деген команда естілісімен оқушылар бойына қарай саптағы өз орындарына тез барып тұра қалуы керек. Команда беруші бағыттаушы ретінде саптың орнын көрсетеді.Команда негізінен екі бөлімнен тұрады: біріншісі – дайындық бөлімі, екіншісі – орындау бөлімі. Мысалы, «Оңға бұрыл!», «Солға бұрыл!», «Артқа бұрыл!», деген командалардың «оңға», «солға», «артқа» деген сөздері – дайындық бөлімі де, «бұрыл» сөзі – орындау бөлімі. Команданың дайындық бөлімі созылыңқырап айтылып, орындау бөлімі тез әрі нық айтылады.«Артқа бұрыл!» деген команда беріліп, «бір» дегенде сол аяқтың өкшесі мен оң аяқтың басын бірден артқа бұрып, «екі» дегенде, оң аяқты сол аяқтың жанына әкеліп қою керек.«Адымдап жүру!» деген команда берілгенде, жүруді сол аяқтан бастайды.
|
Мұғалімді тындау
Жаттығуды дұрыс жасау |
||
| ІІІ Қорытында бөлім 5 мин | |||
| 1 | Сапқа тұру |
1мин |
|
| 2 | Сабақты қорытындылау |
3мин |
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау |
| 3 | Оқушыларды бағалау |
1мин |
Оқушыларға баға қою |
