Тәрбие сагаты

Тақырыбы : «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан».

          Мақсаты: -Оқушыларға еліміздің елдігін таныту, мемлекеттік рәміздердің мәнін түсіндіру, құқықтар мен міндеттерін терең түсіндіру.

  • Республикамыздың мемлекеттік нышандарын қаншалықты үйренгенін оның тәрбиелік мәні мен ықпалы жайында айтуға баулу.
  • Елбасымыздың еліміздің болашағы туралы ұсынған жолдауларынан хабардар ету.

          Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап түрінде ой қозғау, интерактивті дамыту әдістерін, аудио және бейне материалдардан қолдану , ББҰ, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиялары.

          Түрі: Ойын.

          Көрнекілігі: ҚР рәміздері.ҚР Ата заң баптарынан үзінділер. Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан. Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 15 жыл .Электронды нұсқалар, шарлар, гүлдер.

Барысы:-Ұйымдастыру. / амандасу, білім күнімен құттықтап, сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталып өту/

Ашылуы:ҚР –ның әнұраны.

Кіріспе сөз: – Қабылданғанына 15 жыл болған Қазақстан Республикасының Ата Заңы бүгінгі күні өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Ата Заңда бекітілген Қазақстан Республикасы Конститутциялық құрылымының негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, ұзақ мерзімді қажеттіліктері мен меншік түрлері осы Конститутция біздің еліміздің дамуының тарихи тенденцияларын ескерген. Еліміздің Консититуциясы – адамның құқықтары, бостандықтары, қадір-қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы болып табылады.

Негізгі Заңның сапасы халықтың жағдайын, құқықтық мәдениетінің деңгейін анықтайды. Конститутцияның демократияшылдығы, қарапайымдылығы оның кемелденуіне байланысты. Бұл екі «діңгек» Қазақстан халқының құқықтық мәдениетінің негізін анықтайды. Барлық Қазақстан халықтарының күнделікті өмір дағдалары және дүниетанымдық көзқарастары ретінде негізгі идеялары – өзара түсіністік, сыйластық, ымырашылдықты іздеу, бейбітшілік келісім. Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ерекше мән беріледі.

Қазақстан Республикасының Конститутциясы- бұл елдің басты саяси-құқықтық құжаты. Сондықтан, саясат пен құқық бір-біріне қарсы келмей бірлікте болуы қажет.

Топқа бөлу.Атын қою.

-Елтаңба туралы не білеміз?

-ҚР Әрұраны жайлы не айтуға болады?

-ҚР-ның Туы жайында мағлұматты кім айтады?

Топтың атын рәміздерге байланысты атау.

1 топ-Ту, 2- топ- Елтаңба, 3-топ- Әнұран.

І.Қызығушылықты ояту.Ортаға сұрақ тастау.

1 топ.Өз Отанды сүю деген не?

2 топ.Туған халқымыздың салт-дәстүрін білесің бе?

3 топ.Достық.Сенімділік.Тұрақтылық.Имандылық.Келісімділік дегенді қалай түсінесің?

ІІ.Мағынаны тану.                              «Топтастыру» стратегиясы.

1 топ. Отан дегенді қалай түсінеміз?

2 топ.  Президент дегенді қлай түсінеміз?

3 топ.  Мектеп дегенді қалай түсінеміз?

-Біздің Отанымыз Қазақстан, оны президент басқарады, мектепте ақысыз білім аламыз./3 топтың  сұрағын байланыстыру/

-Президент туралы тоқталып, Атазаңға көшу..                                                                                                             Еліміздің Конституциясы—адамның құқықтары, бостандықтары, қадір-қасиетінің гуманистік тұрырымдамасы мен қоғамның даму деңгеінің сәйкестігін анықтайтын заң жиынтығының әділеттілігі болып табылады.

Ата Заңымыздың қабылданғанына 15 жыл толуына байланысты дамуының айғағы ретінде баптарға шолу жасайық:

7-бап.

1.Қр-да мемлекеттік тіл—қазақ тілі.

2.Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында  орыс тілі   ресми түрде қазақ тілімен тең  қолданылады.

3.Мемлекет Қазақстан  халқының  тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай  туғызуға  қамқорлық жасайды.

9-бап.

  1. ҚР мемлекеттік рәміздері—Туы,Елтаңбасы және Әнұраны бар.
  2. Оларды сипаттап пайдалану тәртібі конституция заңымен белгіленеді.

10 -бап.

1.Республика азаматын,өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды.

2.Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

18 –бап.

1.Әркімнің жеке өміріне құқығы бар.

2.Отбасының  және жеке құпиясына қол сұғылмауына,өз жеке абыройы мен ар-  намысының қорғалуына  құқығы бар.

26-бап.

1.Қр азаматтары заңды түрде мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

36-бап.

1.ҚР –ның азаматтарының қасиетті борышы менпарызы бұл Отанды қорғау .

37-бап.

1.Қр азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға,тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.

38-бап.

1.ҚР азаматтары табиғатты қорғауға және сақтауға ,байлықтарды ұқыпты қарауға міндетті.

Топтарға сұрақ қою арқылы ойларын нақтылап,тиянақтау.

ІІІ. «Менің ойым».Ой толғаныс.

—-1топ. (Мемлекеттік рәміздерге деген менің көзқарасым.)

—-2топ.(Мемлекет басқарушысы).

—-3топ.(Мен Қазақстан Республикасының азаматы және қорғаушысы).

Елбасы мұраты- ел бақыты. Назарбаев- Ажары асқақ Астана.

Елордамыздың – еліміз үшін  Жаңа әлемдегі  жаңа Қазақстан  атты жолдауы бүгінгі Астанамыздың асқақтауына айғақ секілді. Астана ел кіндігі   Арқа төріне орналасқалы бері еліміздің ірі саяси,э кономикалық, мәдени және ғылыми орталығына айналып, көркейіп, күн сайын өркендеуде.Қаланың ажарын ашып, таңқалдырар зәулім үйлер мен әсем ғимараттар көздің жауын алып, ерекше нұрлануда. Оның айғақтары:ұлтымыз символына айналған Қазақ елі монументі, алып Бәйтерек, Норман Фостердің ұсынысымен хан шатыры, Пирамида , бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы тағы да басқа көз тартар ғажайып ғимараттар қала көркін одан бетер гүлдендіруде.

Қазақстан елінің бас қаласы,

Көрдің  бе мынау тұрған Астананы?

Көркейіп кеткен  көркі,

Қарашы анау кемел саф шаһарды.

Гүлденген ару қала Астананың

Мерейтойы, міне, бүгін басталады.

Ешкім де мұңаймасын, күрсінбесін,

Ешкімнің түйілмесін қас қабағы.

Туған күнің құтты болсын, Астана!

Баса бергін бейбіт жолға, бас қала.

Тілейді халқым адал тілектерін,

Жігерлі жастарың да қосыла деген өлең жолдарын оқи отырып ,  тереңіне үңіле қарап, оған баға беруге болатындығын айтуға болады.

Соңында Астана туралы ойларын айтқызу.

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше