Танысу. «Мемлекеттік рәміздер-халықтың мақтанышы» /Алғашқы сабақ/

Тақырыбы: Танысу. «Мемлекеттік рәміздер-халықтың мақтанышы»  /Алғашқы сабақ/

Мақсаты: Оқушылардың Отанға, өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, саналы, тәрбиелі азамат болып қалыптасуына әсер ету.

Көрнекіліктер: Ту, елтаңба, авторлардың суреттері, буклет.

Кіріспе:

-Бұл біздің білім алатын сыныбымыз! Сыныпта нелер бар?

-Балалар міне тақтада белгілер тұр.

-Балалар, бұл белгілермен сабақта жиі жұмыс жасаймыз.

-Енді балалар танысайық!

-Менің атым Шарипова Гульмира Какешқызы. Кішкентай кезімнен мұғалім болуды армандадым. Міне арманыма жеттім!

-Енді сендердің аттарыңды білеміз. Мен 1-2-3 дегенде барлығың аттарыңды айтасыңдар. Сосын мен тыныш деп белгі көрсетемін. Сонда барлығың тынышталасыңдар.

-Жақсы ма?!

-Қане балалар естілді ме?

-Жоқ.

-Осылай танысуға бола ма?

-Жоқ.

-Қазір балалар тақтаға барлығымыз қараймыз. Тақтада қандай белгілер көріп тұрмыз?

-Дұрыс сендер білмейсіңдер? Мен сендерге қазір айтамын. Сосын біз сол белгілер арқылы танысамыз!

-Бірінші белгі  бір-біріңе аттарыңды, фамиляларыңды нені жақсы көретіндеріңді айтасыңдар.

-Екінші белгі дайын екендеріңді көрсетеді.

-Балалар біз әлі сабақ барысында бұл беглілермен көп танысамыз.

-Сонымен қатар балалар біздің сыныпқа көп қонақтар келеді. Олар сендерге білім алуға көмектеседі.Соның бірі менің кішкентай көмекшім жұмбақшы қоян келді. /Жұмбақтар жасырады/

Жұмбақшы қоян: -Балалар біз қандай елде өмір сүріп жатырмыз?

-Ол елді кім басқарады?

 

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы.

1992 жылы 4 маусымда егемен елімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы қабылданды.2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу әрбір – қазақстандықтардың парызы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің авторларын атаңдар.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары — Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов.

-Жұмбақшы қоян балалар сіздің барлық жұмбағыңызды шешті, сұрақтарыңызға жауап берді.

-Балалар қандай ақылды.

-Балалар, жұмбақшы қоян  түнде сыныпқа келіп, сендерге тілек жазып кетіпті.

-Қане, оқиық.

Құттықтаймын!

Үздік бағағалар, денсаулық, жақсы достар тілеймін.

-Тамаша екен!

-Не айтуымыз керек?

-РАХМЕТ!

-Сабақ аяқталды!

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше