Салауаттану еліне саяхат

Сабақтың тақырыбы:    « Салауаттану еліне саяхат ».

Сабақтың мақсаты:       1.Денсаулық үшін қажетті заттар туралы түсініктерін нығайта отырып, бекіту.

2.Балаларды болашақтың тірегі болатын дені сау жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

3.Ойлау қабілеті мен тілін дамыту.

Көрнекі құралдар:         дәрілік  шөптер,спорттық құрал  жабдықтар,қуыршақ.

Сабақтың барысы:        Балалар  бүгін  сендермен  салауаттану еліне  саяхатқа барамыз. Ол  үшін кемеге  мініп  бару  керек жолымыз  қысқарсын  десеңдер  өлең айтып  барайық.

Міне  салауаттану  еліне  де жеттік.Балалар  қараңдар  мына  жерде  хат  жатыр  оқып  көрейік  кімнен  келді  екен. Хатта  былай  жазылыпты

Құрметті   балалар!

Мен  Салауаттану  ғалымымын  мені  мыстан кемпір  алып  кетті. Егер мыстан   кемпірдің  тапсырмасын  орындамасандар  ол  мені  босатпайды.

–         Балалар  мыстан  кемпірдің  тапсырмасын  орындауымыз  керек.

Біздің  бірінші  аялдамамыз  «Дәрілік  шөптер»  аялдамасы:

Балалар  дәрілік  шөптер  жайында  мағлұмат  береді (жаңғақ,абрикос,көкбасты  өсімдік, қымыздық т.б)

 

1.Өсімдіктердің  қандай  пайдасы  бар?

Балалардың  жауабы: Өсімдік  жер бетіне  көрік береді,адамға  жылу,тағам,

таза ауа және емдік қасиеті бар.

  1. Өсімдіктерді   атап, оларды  қандай  ауруға  пайдаланады  соны  атаңдар?             Балалардың   жауабы:  Дәрілік  шөптер:  жолжелкен, түймедақ,емен,бақ –бақ,

алоэ,өгейшөп, қызылмия.Өсімдіктерді  ішкенде дәрігер  кеңес бергенде  ғана

ішу  керек.

Екінші  аялдамамыз  «Дене  шынықтыру»  аялдамасы

 

Бұл аялдаманың   сұақтары

1.Дене  шынықтыру  сабағы  бізге  не үшін керек?

Балалардың  жауабы: дене  шынықтыру сабағы  дене  бұлшық  еттеріміз

дамиды, денеміз шынығады,бойымыз  өседі.

Денсаулық   ол  күлуің,

Көңілің  күйің жадырай,

Денсаулық  ол  жүруің

Ешбір  жерің  ауырмай.

Ойын:   «Кім  жылдам?»

Ойынның  шарты: Столдың  үстінде  спорттық  ойын  құралдары  жатыр

Балалар  столдағы  қысқы  және  жазғы  ойын  құралдарын  орналастыру керек.

Қысқы  ойын  құралдарына                         Жазға  ойын  құралдарына

Шаңғы                                                                          секіргіш

Коньки                                                                           доп

Шана                                                                              рольик

 

Денсаулық  ол  шыныққан,

Барлық  денең  мүшесі

Денсаулық – ол тыныққан

Жүйке  тамыр жүйкесі.

Барлық  балалар:        «Денсаулық – зор  байлық»

                                         «Дені  саудың  жаны  сау»

 

Әйгілі  ғалым  Амосов  былай  деген:

«Дені сау болу  үшін, қозғалу керек. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы  ғана жетуге болады».

 Үшінші  аялдама  «Тыныс  алу»  аялдамасы

 Бұл аялдаманың  сұрағы:

1.Балалар  адам несіз  демала алмай  өмір сүре алмайды?

Балалардың  жауабы: Ауасыз ешқандай  жанды заттар  өмір сүре алмайды

Мысалы: Адам, жануар,құстар,өсімдіктер ауамен  дем алады.

2.Ауа не арқылы  өтеді?

Балалардың  жауабы: Ауа мұрын арқылы  өтеді  (мұрындарын жауып

көрсету)

  1. Адам мұрынмен  дем  алып қана  қоймай  нені  сезеді?

Балалардың  жауабы: Мұрын иіс сезім мүшесі. Ауаны жұтқан кезде өкпе

қапшық  секілді  кеңейеді,ауаны  шығарғанда  қалпына  келеді.

(тәжирбе жасау  балалардың  қолына  бір-бір шар беріп,оны үрлету үрлеге

Кезде шардың  ішінде ауа пайда болады, ал  шардың ішіндегі ауа босатсақ

шар қалпына  келеді).

 Төртінші  аялдама   «Сезім  мүшесі» аялдамасы

  Бұл аялдаманың  сұрақтары:

1.Балалар  дәмді  біз не арқылы сеземіз?

Балалардың  жауабы: Тілдің  көмегімен біз тамақтың дәмін  ажыратамыз.

  1. Тіл неше бөліктерге бөлінеді?

Балалардың жауабы:  а) Тілдің  ұшы

ә) бүйір жағы

б) Тілдің  артқы жағы

  1.   Тілдің  қандай  қызметтері бар?

Балалардың  жауабы: Тілдің  ұшы тәттіні сезеді, бүйір жағы ащыны сезеді, Сондықтан адамдар тамақты  жатқанда барып

оның  ащы  екенін  сезеді.

  1. Тіл қандай  қызмет атқарады?

Балалардың  жауабы: Тілмен  өлең айтуға,тамақ ішуге,сөйлеуге болады.

Дидактикалық  ойын:  «Дәміне  қарай  сез»

Ойынның  шарты:  Столдың үстінде бал,тұз,лимон тұрады

(ортаға 2-3 балаларды  шақырып,көздерін орамалмен

байлау,балалардың ауыздарына столдың  үстінде тұрған

заттарды  салу, ал балалар солардың  дәмдерін  ажыратып

айта білу).

 

Витаминдер – тірегін,

А,В,С,Д,Е – деп аласың

Жетіспесе  бір оның

Ауырып сен қаласың.

Алуан түрлі азық бар,

Ет, май, сүт пен балықтар

Көкөністер, жемістер

Витаминдер, жемістер.

Барлық  балалар:               Витаминдер  тұрағы

Түрлі тағам  құрамы

Бесінші аялдама  «Тазалық»  аялдамасы

 Мұғалімнің  әңгімесі:  Ертеде бір үйде  бір қожалақ  ұл  өмір сүріпті, ең жек көретін нәрсесі қолын бетін  жуғысы келмейді. Сондықтан  қолын да, аяғында пайда болған микробтар денесіне тарайды. Ауыз  арқылы  ішғе кірген микроп  ұлды ауруға шалдықтырады. Дәрігер ұлды  оның  ауруының  себебін  біліп,  аурудың  не жеңетінін  ғажайып  зат сабын мен су нағыз достар екенін  айтады.(мұғалім қуыршақты шешіндіріп  шомылдырады)

 

Дос бол сабын, сумен сен

Жиі – жиі  жуын сен

Таңертең  де, кешке де,

Жуын күндіз  – түсте де,

Жуын тамақ алдында,

Жуын тамақ соңында,

Жуын ұйықтар кезінде

Жуын  тұрған  мезгілде

Тыйым  сөздер:  Суға түкірме,ағынды суға кір жума,суға дәрет сындырма,

суды бекер ағызба.

Барлық  балалар:                  « Су анасы  – бұлақ»

«Сөз  анасы – құрақ»

Алтыншы  аялдама   «Сөз  жұмбақ»   аялдамасы

 

Сөз  жұмбақтың  сұрағы

1.  Ұлпадай бұлт емес

            2.  Бірден  кейін қандай  сан?

3.  Оқу  құралы

  1.  Өзі  қу  айлакер
  2.  Басында  екі  таяғы бар,

иегінде  сақалы бар

6.  Сынып  мүлкі

 

Қорытынды: Балалар біреудің  тарсылдатып  келе жатқанын  естідіңдер ме?

Мынау  кім екен? Мынау  мыстан кемпір ғой.

Мыстан кемпір:

  •   Балалар, сендер менің берген тапсырмамды барлықтарын

орындадыңдар. Енді мен сендерге  Салауаттану  ғалымын

босатамын.

–         Балалар салауаттану ғалымын мыстан кемпірден

құтқардық!  Енді барлығымыз  кемеге  отырып, мектебімізге

қайтайық! (баяу музыка  ойнап тұрады).

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше