Әліппемен қоштасу мерекесі

1-А сынып оқушыларының «Қош бол, құтты Әліппе!» атты ертеңгілігінің сценарийі

Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда, адасқанда

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда,-деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солды танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйреткен – бұл, қолдарына алғаш рет ұстап, бетін ашып оқыған кітаптары «әліппе» екені бәрімізге мәлім.

Әліппе кітабы білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше, Бүлдіршіндеріміздің және ата-аналарымыздың ұйымдастыруымен өткізгелі отырған  «Қош бол, құтты Әліппе» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Толқимыз, толқып тұрсың баршаңызда

Мұндай күй болған шығар баршаңызда

Қол соғып қошеметтеп ортамызда

1 «А» бүлдіршіндер ортамызда.

Музыка әуенімен 1 «А» сынып ортада.

Би: «Вальс».

 

Мағжан: – Армысыздар құрметті қонақтар!

Диана: – Қымбатты ұстаздар мен  ата-аналар!

Мағжан: – Өнер мен ғылымның, тәрбие мен білімнің ордасына  айналған

Диана: – Жалпы білім беретін №74 орта мектепке

 

Бірге:           – қош келдіңіздер!

 

Диас: –

Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

 

Лаула:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

 

Амирхан:

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

 

Ортаға үлкен әже шығып шашу шашады.

 

Амир:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ бол бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға

 

Баян:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы, тауы , өзені, көлі бар

Қазағымның жерін елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар ері бар

 

Нұрлан:

Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз

 

Тәуелсіз  Қазақстан жасасын! (хормен)

Ән: Атамекен

 

Мағжан:   – Диана,  сен қазақта екі өмірің абат, екі тойың қабат болсын деген сөз барын

білесің бе?

 

Диана:      – Әрине білемін. Және оның қандай  той екенінде білемін. Биыл Тұңғыш президент күнін атап өттік!

 

Мағжан:  – Және де  бүгін біз түңғыш рет қолымызға ұстаған алғаш хат танытып,

сауатымызды ашқан  жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.

 

Диана:  –  Олай болса,  Жалпы білім беретін №74 орта мектебінің 1-А сынып

оқушыларының   « Жол бастаған білімге, қош бол құтты Әліппе»  атты  ертеңгілігімізді бастауға

 

Бірге:  –  рұқсат етіңіздер

 

Мағжан: –  Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесінің тұңғыш президент күнін атап өту бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт

 

Диана: – Осы қуанышымыз құтты,  бақытымыз баянды болсын.

 

Мадина:

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп,не білдік.

Кәне,ортаға салайық!

 

 

Бақтияр: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ.Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан “Әліппені бітірдік”.

 

Бексултан:

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 

Ән: “Мұғалім ол біздің”.

 

Мұғалім:Балалар,енді ортамызға менің де,сендердің де достарың Әліппені шақырайық.

 

Оқушылар:Келіңіз, “Әліппе келіңіз!”

 

Әліппе:

Құттықтаймын,саусыңдар ма.

Бүлдіршіндер,балдырғандар?

Менің атым Әліппе.

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Бауыржан да,Мәлік те.

 

Ералы:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе-ғылым атасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

 

Ән: “Әліппем”хор.

 

Әліппе:Балалар,сендер мені оқып тауыстыңдар,әріптерді жақсы меңгердіңдер.Енді сендер менімен қоштасып,ары қарай білім беретін мына“ана тілі” болады.Оны да жақсы оқыңдар.(Ортаға “Ана тілі”кітабының мұқабасы бейнеленген 1 оқушы шығады.)

 

Оқушылар,хормен: Сәлеметсіз бе? “Ана тілі”

 

Әліппе: Міне,сендерді де таныстырдым,енді сабақтарыңды жақсы оқыңдар.

(1класс оқушылары кезектесіп,Әліппеге арнап тақпақ айтады.)

 

Жансая:

Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том- том болған кітаптың

Басы болған әліппем.

 

 

Нұрдаулет:

Әліппем менің,  әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштың мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әліппем менің, әліппем,

«А» деген бас әріппен

Сөз құрап жаза аламыз

Тақылдап таңба танып мен.

 

Дильназ:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Бестік болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз

Өнер – білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз

 

Султан:

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Ана тілмен достассақ

Әліппемен қоштаспақ.

Өсті білім бойымыз

Құтты болсын тойымыз

 

Айгерим:

Ой білімі жаңғырып

Әліппе деген мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған

Құтты болсын тойымыз

 

Темирлан:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе

Анель:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе

 

 

Мирас:

Әліппе сауытыңмен санамды аштың

Достарыңмен теңдес араластым

Үйреніп әріптер мен әңгімені

Күн сайын алға қарай адам бастым.

 

Лаула:

Таныстырып қырық екі әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіріп мен.

 

Мағжан:

Қимылың әрбір атқан ақтаңындай

Күлкің бар аппақ мөлдір ақ қайыңдай

Биіңмен ортамызды желпіндірші,

Қыздарым ел-жұртыңның мақпалындай

Би « Қазақ биі»

 

Ана тілі: Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын,тек сендер ынта қойып, мені таза ұқыпты оқысаңдар,көп нәрсе үйренесіңдер.

 

Бақтияр:

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен таңымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі-пәнімін,

Ана тілім елдігім,

Ана тілім болмаса.

Бүтінделмес кемдігім.

 

Ана тілі: Қане, балалар сендер ата-аналарыңмен бірге әліппені қалай үйренгендеріңд «Сөз ойла,тез ойла» ойыны арқылы қорытайық!

Ата-аналар ортаға шығады оларға әлемдегі барлық жақсылықтарды естеріңізге түсіріңіздер деп тапсырма беріледі Мыс. Адалдық,мейірімділік,тазалық,қамқорлық т.б.

Оларға қарама-қарсы балалары тұрады. Баласы кез-келген әріпті айтқанда ата-анасы сол әріптен келетін сөзді айту қажет.

Соңында «Білім қуған баламыз» сөйлемі шығады.

-Тамаша! Қандай баламыз!

-Бұған сендердің ата-аналарыңның да қосқан үлесі көп. Ата-анамызға рахмет айтайық.

Хормен: РАХМЕТ!

 

 

 

Мағжан:

Бишілерде өнер көп

Билейді биді мәнерлеп

«Балапан» биін көріңдер

Өнерге баға беріңдер!

 

Би: «Балапан»

 

Әліппе: Балалар мен сендердің білімдеріңді көріп ризамын. Енді мен кетейін. Сау болыңдар!

 

Ұлпан:

Қош бол құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Толқындатып сөйлеттің.

 

Хор:

Қош бол сүйікті Әліппем.

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен.

 

Ән: «Қошақан»

 

Мағжан:  – Бүгінгі той иелеріне жылы лебізін айтып, құттықтау  сөз ата-анаға береміз.  Құттықтау тапсырады. Сөз сөйлейді.

 

Диана:

Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің әр айың

 

Мағжан:

Тойларымыз құтты болсын ата-ана!

Тойларымыз тойға ұласын ағайын!

 

Бірге: Келесі кездескенше сау, саламатта болыңыздар!

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше