Без рубрики

Отбасы жарастығы

Ақтөбе облысы  Шалқар ауданы  Қауылжыр ауылы  ГКС-12 орта мектебі  өзін-өзі тану пәні мұғалімі  Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы

Сабақтың тақырыбы:Отбасы жарастығы
Мақсаты: балалардың «сыйластық», «махаббат » құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік қалыптастыру;
-отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-өзара сыйластыққа тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері:
Дөңгелен тұрайық
Керегені құрайық
Уықтай боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық
-Осы үйдің тіреуі –шаңырақ.Енді осы шаңырақты
неге ұқсатуға болады?
-Құстың ұясына,тақияға,

Осы шаңырақтан үй –отбасы-шағын мемлкет құруға болады екен.
Осы отбасында бар мейірімін төгіп отыратын ,үйдің ұйытқысы кім деп ойлайсындар?
Видеокөрініс: «Ана»
-Алақандарымызды бір-бірімізге жақындатайық.Жылылық сезіле ме?Шыншыр ойыны арқылы сезімдерін білдіру;
Әңгімелесу. Қадір Мырза али : «Биялай мен қолғап»әңгімесі.

Ойын:«Айналайын,толғанайын!» «Жарайсың!Ақылдым менің!Қолғанатым менің,қадамыңнан айналдым.Күлімдеген бота көзіңнен айналдым!Айналайын,құлыным!»
1.Әже даусын салу – әже дыбысын тыңдау
2.Ата дауысын салу –ата дыбысын тыңдау
Сахналау. «Сыйластық»
Ата болып ақыл айтып көріңдер,
Әжеболып ертегі айтып беріңдер.
Әке болып еркелетіп көріңдер,
Ана болып мейірімділік төгіңдер.
Аға болып үлгі көрсет кішіге,
Іні болып көмектес сен ісіне.
Әпке болып мейіріміңмен аяла,
Қарындас боп бауырында саяла. Оқушылар рөлдерге бөлініп көрініс көрсетеді.
Тренинг: «Біздің жанұядағы жақсы адам» .Әртүрлі фигуралар таратылып беріледі.
1.Өзіңнің жанұянда кімдер бар?Сол адамдарды фигураларға бөліп жаз.
2.Осы үйіңіздегі жақсы адам –көк түспен бояу
2.Кішкене кемшілігі бар адамдарды –қызыл түспен боя.

Түйіндеме.-Отбасы бізді неге үйретеді екен?
-Сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді;
-Жақсылыққа жетелейді;
-Еңбектенуге,білім алуға көмектеседі;
-Үлкендерді құрметтеуге,кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді екен.
Мынау біздің отбасымызға арналып жасалған «Сүйіспеншілік гүліміз »болсын.Мұнда әртүрлі түстер берілген.Бұл түстердің әртүрлі қасиеттері бар.
Ақ-адалдық

Қызыл-мейірім

Көк-бейбітшілік

Жасыл-қуаныш
Сары-татулық сыйлайтын түстерден құралған гүл.
-Балалар алдарынызда түрлі-түсті ленталар бар.Соларды ала отырып мына берліген түстердің мағынасына қарай елімізге ,халқымызға ,мына мектебімізге үлкен тілетер тілей отырып шаңыраққұрайық.
Шаттық шеңбері : «Дос болайық бәріміз»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.