Арнаулы пән

Сабақтың тақырыбы:: Анықтама.

Мақсаты:
Білімділік:. Оқушыларға анықтама жазудың негізгі мәтіні , мақсатын, жазылу үлгісімен таныстыру.
Дамытушылық:алған білімін жаттығулар арқылы дамыту
Тәрбиелік:Іздемпаздылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:: Оқулық, үлгі, компьютер, презентация

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру
ІІ.Өткен сабақты қайталау
1. Резолюция дегеніміз не ?
2. Резюме жазудағы мақсатыңыз не ?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Анықтама
2. Құжат мәтіні
3. Анықтаманың қай ұйымға берілгені туралы мәлімет
4. Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет
5. Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтама беруші адамның қолы.

Анықтамаға тиісті деректемелер:ұйымның аталуы, құжаттың аталуы, күні, индексі,шыққан жері, тақырыпша, мәтін , қол қою, мөр.
ІҮ .Практикалық тапсырма:
1. Анықтаманың үлгісін компьютерде жаз.
2.Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыздар.
• Анықтама Лаура Касымованың лицейде оқитыны туралы әлеументтік қамсыздандыру бөліміне тапсыруға керек.
• Анықтама Жанос Оспановтың лицейде оқитыны туралы әскери комиссариатқа керек.
• Анықтама осы мекемеде жұмыс істейтіні туралы Сабитов Калымжанға керек.
3. Қатесін түзетіңіз.
Осы анықтама лицей оқушысы Түкітаева Дианаға берілді. Түкітаева Диана шын мәнінде «Іс жүргізуші және мұрағаттанушы» тобында 1 курста оқиды. Анықтама № 17 кәсіптік лицей берілді.

Оқу ісінің меңгерушісі А.К. Молдакашева

Ү.Жаңа сабақты пысықтау.
1. Анықтама құрылымына қандай мәліметтер кіреді?
2. Анықтаманың негізгі мәтіні не ?

Оқушыларды бағалау
Ү. Үйге тапсырма : Анықтама оқып келу. Бірнеше жағдаяттар жазып келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше