Жаңалықтар

«Зерде» (5,6,7 сыныптар)

КММ«Майемер орта мектебі»

Өткізген:математика пәні мұғалімі Атабаева А.Н.

Майемер ауылы 2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: «Зерде» (5,6,7 сыныптар)

Сайыстын мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; тапқырлыққа, есепқұмарлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру, мектеп пен ата-аналар арасындағы карым-катынасты нығайту.

Көрнекіліктер:карточкалар,шарлар, түрлі-түсті қағаздар,

Ойынға қатысушылар:

І-топ, ІІ-топ:5,6,7- сынып оқушыларынан құралған «Болашақ» тобы және «Бәйтерек» тобы

ІІІ-топ: оқушылардың ата-аналарьшан құралған «Астана» тобы

1 ші. жүргізуші:

Уа халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі жарыс төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

2-ші. жүргізуші:

Шабыт тасып шалқысып

Есеппен ән салысып

Көңілді жарыс жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

Әділ қазылар алқасын сайлап алайық

Шақырамыз, келіңдер жарысуға.

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық , ортамызға.

Ал кәне, кім шығады, сайысуға!

I сайыс. “Келесі…Келесі…Келесі…”

Әр топқа кезекпен сұрақтар койылады. Бір сұрақ бір ұпай.

Бірінші топтың сұрақтары

  1. Қосу амалының нәтижесі қалай аталады? (Қосынды)
  2. 7 · 8 =…(56)
  3. Дөңгелектің ең үлкен хордасы. (Диаметр)
  4. Бір сағатта неше минут. (60)
  5. Кесіндінің ұзындығын өлшейтін аспап. (Сызғыш)
  6. Алманың жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
  7. Ең кіші екі таңбалы сан. (10)
  8. Алымы бөліміне тең бөлшек қалай аталады? (Бұрыс бөлшек)
  9. Жазғы демалыстың үшінші айы? (Тамыз)
  10. Әтеш бір аяғымен түрғанда үш килограмм тартады. Екі аяғымен тұрғанда неше килограмм тартады? (Үш килограмм)

Ата-аналарға сұрақтары

  1. Азайту амалының нәтижесі қалай аталады? (Айырма)
  2. 63 : 7 = …(9)
  3. Не ауыр бір килограмм мақта немесе бір килограмм темір? (Бірдей)
  4. Жазғы демалыс неше күн? (92)
  5. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
  6. Ең кіші жұп сан. (2)
  7. Бір тәулікте неше сағат. (24)
  8. Көп лағы бар ешкінің неше лағы болды? (7)
  9. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

10 Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

Үшінші топтың сұрақтары

  1. Өздеріңіз оқып отырған «Математика» кітабінің авторы? (Алдамұратова)
  2. 7 майшам жанып түр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

  1. 3. Бөлшек сызығының үстіндегі сан қалай аталады? (Алымы)
  1. 1/10 санының кері саны? (10)

  2. Бес жарым таяқтың неше үшы бар?(12)

  3. Жарты түзу. (сәуле)

  4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? (Дұрыс бөлшек)

  5. Тік бұрыштан кіші бүрыш (сүйір)

  6. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

ІО. 225 нешенің квадраты (15)

2-сайыс «Сиқырлы есептер»

  1. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең 5 жылдан кейін олардын жастары бірге алғанда қанша болады? (44)
  2. Аспанда 6 құс ұшып барады, аншы екеуін атып алды. Неше құс қалды? (2 құс қалды, қалғандары ұшып кетті)
  3. Бір жанұядағы 5 баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (6 бала)
  4. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)
  5. “Бақытты сәт”.
  6. Алғашқы көлігің

3-сайыс «Шырпылар елі»

Таяқшаны қозғап тура теңдік шығару керек.

4-сайыс «Қазақ өлшемдері»

1 Халық арасында жылқыға байланысты қандай қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады?

( «ат шаптырым жер», «бие сауым уақыт», «екі елі қазы»)

2 Ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы қандай өлшеміне сәйкес келеді?

(«бармақ»)

3 Сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. .. өлшенген.

(Елі)

Көрерменге

4 Иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі?

(Құлаш)

5-сайыс «Қасиетті сандар»

1 Үш із,Үш мақсат,Үш алыс.

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім.

Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы.

Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту.

2 Төрт тұлға, Төрт құбыла, Төрт күнә.

Төрт тұлға: от, су, жел, жер.

Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік.

Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.

3 Бес қару,Бес өсиет,Бес қатер.

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма.

Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.

6 Жеті жұт Жеті жетім.

Жеті жұт құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба (ауру),осғыс, топан су, зілзала

Жеті жетім:

Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім

6-сайыс «Бәйге»

Әр топ кезекпен сұрақтар койылады. Бір сұрақ бір ұпай.

Бірінші топтың сұрақтары

  1. Теңгенің бөлігі қалай аталады. (Тиын)
  2. 41 ол тақ сан. (иә)
  3. Қосу амалының таңбасы. (+)
  4. Бір жарым балық бір жарым тенге түрады. Бес балық неше тенге түрады? (5 тенге)
  5. Қазақстанның ең жақсы бағасы. (5)
  6. 2-ге кері сан. ()
  7. 17 мен 4-тің қосындысы. (21)
  8. 29 бен 5-тің айырымы. (24)
  9. 9 бен 4-тің көбейтіндісі. (36)
  10. 9, 54-тен неше есе артады? (6 есе)
  11. Қыстың бірінші айы. (Желтоқсан)
  12. Көбейтінді нөлге тең бола ала ма? (иә)
  13. 50-жарымға бөлгенде неше болады? (100)
  14. Кез келген барлық сан қандай үлкен санға қалдықсыз бөлінеді? (Өзі өзіне)

Екінші топтың сұрақтары

  1. Метрдің жүзден бір үлесі. (1 см)
  2. 63 бұл жұп сан. (иә)
  3. Азайту амалының таңбасы. (-)
  4. Кірпіштің салмағы 2 кг. тағыда жарты кірпіш. 4 кірпіштін салмағы қанша? (16 кг)
  5. Қазақстанның ең төмен бағасы. (1)
  6. -ге кері сан. (5)
  7. 21 мен 4-тің қосындысы. (25)
  8. 38 бен 23-тің айырымы. (15)
  9. 6 мен 15-тің көбейтіндісі. (90)
  10. 7, 14-тен неше есе артады? (2 есе)
  11. Жаздың бірінші айы. (Маусым)
  12. Ең кіші натурал саң. (1)
  13. 100- жарымға бөлгенде неше болады? (200)
  14. 20 минут сағаттын қанша үлесі? ()

3- топ

Ата-аналарға сұрақтар

Көрерменмен ойын

1-жүргізуші

Олар жайлы төреші

Көрермендер өздерің

Ақ қарасын айырып

Куә болды көздерің.

2- жүргізуші

Көңіл бөліп бұл жарысқа

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге мың рахмет, мың рахмет.

Ендігі сөзді әділқазы алқасына беріледі.

Марапааттау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.