Жаңалықтар

Математикалық теңізге саяхат

КММ«Майемер орта мектебі»

Өткізген:математика пәні мұғалімі Атабаева А.Н.

Майемер ауылы 2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: «Математикалық теңізге саяхат» (5,6,7 сыныптар)

Мақсаты:

а) Жұмбақтарды тез шешуге, мақал-мәтел, жұмбақтарды математика пәніне де қолдана білуге үйрету. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, Шығармашылыққа, шапшандыққа баулу.

б) Салт-дәстүрді өмірмен байланыстыру. Сөз мәйегін түсіне білуге, өмірде қолдана білуді үйрету.

Көрнекілігі: слайдтар тапсырмаларымен, балықтар,қайықтар, маска,карточклар.

түрлі-түсті шарлар.

Түрі: сыныптан тыс ұйымдастыру шарасы, сайыс

Бүгінгі күн сайыста

Ешкінен сен қалыспа,

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста

деп, «Математикалық теңізге саяхат» атты сайысымызды бастаймыз

Құрметті қауым, біз ойынды бастамас бұрын әзіл-қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Ортада қазылар алқасы

1.

2.

3.

және сайысқа қатысушы топтар 5,6,7-сыныптардан әр топта алты адамнан, 2 құрама топ

Уа, жарандар, жарандар!

Мына бізге қарандар

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында

Ойын-сайысты бастаймыз,

Жас достарым,

Мұны жақсы ұғайық

Математика құрметтеуге ылайық

Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де

Мүмкін емес есептерсіз түсіну,

Есебінде дүние кілті әлі де.

Осы кезде тақтадан теңіз көрінісі көрсетіледі

  1. Бірінші кезең«Теңіз маржандары»
  2. Екінші кезең«Кеме Капитандарының сайысы

3 Көрермендермен ойын «Қайтала»

  1. Төртінші кезең «Балық аулау»
  • Бесінші кезең «Матростар сайысы».

  • Алтыншы кезең «Пираттар жұмбағы».

  • 7.Жетінші кезең «Құпияны тап»

    1. Бірінші кезеңге де кезек келді «Теңіз маржандары» сайысы Осы жерде медузалар сияқты бетке жазылған тапсырма беріледі,жауаптарын сол бетке көрсетеді. Әділқазы тексереді
  • Алманың жартысы неге ұқсас? (екінші жартысына)

  • 2,5таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)

  • 60-ы, 0,6 ға бөлсен қанша шығады? (100)

  • Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса, неше рет өседі? (11 есе)

  • Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)

  • Қосылғыштардың орнын ауыстырсақ

  • 73 343

  • 35 243

  • Күн көзі жылына неше рет шығады? (365)

  • Қандай үш танбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тен? (1,2,3)

  • Көпбұрыш қабырғасының қосындысы? (периметр)

  • Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)

  • Даулет 3 тамыздан 9тамызға дейін іс-сапарда болды, неше күн іс-сапарда болды? 7

  • 14 Латын алфавитіндегі соңғы әріпті ата z

    15 5-ке қарама-қарсы сан 5

    16 Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле

    1. Екінші кезең «Корабль капитандарының сайысы».

    Келесі кезеңде капитандар өздерінің алғырлығын көрсетеді. Олар сандардан тұратын жұмбақтарды шешеді.

    1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты,

    Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (Инелік).

    1. Екі ағайынды,

    Екеуі де бір үйде,

    Бірін бірі көмейді. (көз).

    1. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін. (қолғап)
  • Екі желім-күйдің көрігі, әннің көлігі.(домбыра)

  • Аяғы біреу, қолы жоқ,

  • Шиыр, шиыр жолы көп. (қалам).

    1. Тоғыз белбеу, қос жібек,

    Екі мұрын бір шүмек. (домбыра)

    1. Қарнында бір көлдің балығы бар,

    Немесе жандының алыбы бар.(кит)

    1. Елу түсті, екі қолды. (екі кісілік ара)
  • Жүз төрт түйме, он бір ине (есепшот)

  • Басынба таяғы бар,

  • Төрт аяғы бар,

    Сегіз тұяғы бар,

    Иегенде сақалы бар. (ешкі)

    11.Көк құтанша ақ айдында

    Бір аяқпен ьұрады

    Тұмсығымен ол мұнда

    Шыр айналып шығады (циркуль)

    1. Нүктеден екі сәуледен

    Құрылған айтшы бұл не екен? (Бұрыш)

    Енді жұмбақтар шешіліп бітті, осы жұмбақтар бойынша тапқан жауаптарыңның суретін саламыз, неше жұмбақтың жауабын есіңе сақтап суретін саласың сонша ұпай беріледі

    1. Төртінші кезең «Балық аулау» Аквариумдағы балықтарды аулап, сұрақтарға дұрыс жауап берген топ мүшесі өз тобына ұпай әкеледі Ішінде 1 алтын балық бар оны алған оқушы солай бір баллды иеленеді
  • Планиметриядағы ең негізгі фигура (нүкте)

  • Грек тілінде жер қалай аталады? (гео)

  • Шеңбердің нүктесін оның центрімен қосатын нүкте (нүкте)

  • «Бастаманың» авторы (Евклид)

  • Үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғасынының ортасымен қосатын нүкте(Медиана)

  • Дәлелдеуіді қажет ететін тұжырым (Теорема)

  • 7.у =х 2 функциясының графигі (Парабола)

    1. Үшбұрыштың берілген төбесіндегі бұрышына сыбайлас бұрыш (Сыртықы бұрыш)
  • Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш (Квадрат)

  • 25 (32)

  • Грек тілінде өлшеу қалай аталады? (метрео)

  • Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

  • Ақиқаттығы сөзсіз тұжырым (Аксиома)

  • Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы (периметр)

  • у =х 3функциясының графигі (Кубтық парабола)

  • Дөңгелектегі ең үлкен хорда (диаметр)

  • Бір жағынан шеттелген түзудің бөлігі (Сәуле)

  • Тік бұрышқа қарсы жатқан қабырға(гипотенуза)

  • Тік бұрыштан үлкен, жазық бұрыштан кіші бұрыш (доғал)

  • 3 4 (81)

  • 21 5 үйректің және 2 ақсақ үйректің неше аяғы бар? (14)

    22 1,3,5,7 қандай сан? (жай сан)

    23 Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы (периметр)

    24 алтын балық

    Ал, балалар, балалар

    Мақал –мәтел айтайық.

    Қиындыққа қайыспай

    Асулардан өтейік

    «Матростар сайысы». Сайыс шарты мынандай: Әр топ мүшесі маска киіп алып қайыққа жүзіп барып карточкадағы сұрақтарға жауап береді

    Мақалдар

    1. Ер 1 рет өледі,

    Қорқақ 1000 рет өледі.

    1. 7 рет өлшеп,
    1. рет кес.
    1. 1 кісі қазған құдықтан,
    1. кісі су ішеді.

    4 Ат баспаймын деген жерін үш басады.

    5 Бес саусақ бірдей емес.

    6 Ананды үш рет арқалап апарсан да, қарызын өте алмайсын

    7 Білгенің бір 9, білмегенің 99.

    1. Алтау ала болса,

    Ауыздағы кетеді.

    Төртеу түгел болса,

    Төбедегі келеді.

    9 Екі жақсы қос болмас,

    Екі жаман ДОС болмас.

    10 Бес бармақ жиылса, жұдырық болады..

    11 Дос сегіз болса,

    Дұшпан сегіз.

    12 Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.

    .

    1. «Пираттар жұмбағы». Балалар бізге пират келіп біздің ары қарай жүзер жолды жауып тастапты Пираттың логикалық сұрақтарына жауап берейік

    1-топқа

    Елеуішпен су әкелуге бола ма?

    Жерден көтеру оңай, ал лақтыру қиын

    Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды?

    Қалай 2 литрлік сүтті 1 литрік ыдысқа сыйғызуға болады?

    Македонский заманындағы уақыттың көрсеткңшң немесе өлшеуіші?

    Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкенболса, ең үлкені кім? (Ажар)

    4 ұлда неше саусақ бар? (80)

    Қандай ыдысқа су құйылмайды?

    Қандай пілдің хоботы жоқ (шахмат)

    Не ылғида көбейеді, бірақ ешқашанда азаймайды? (адамның жасы)

    7.Жетінші кезең «Құпиясын тап» Қазынаға тез жетуіміз керек.

    Оқушылар адасқан әріптерді құрастырып математикалық мағынасы бар сөздер құрастырады

    1-топқа

    анс

    узту

    лельпарал

    ларофму

    ұшбыр

    дісіңке

    дарсал

    масиоак

    атпир

    лткі

    2-топқа

    бешеңр

    мегеория

    луеәс

    еңтуде

    . ратквад

    ретеома

    деутең

    диперкупенляр

    атпир

    лткі

    Ең соңғы сөзді дұрыс құрастырсаң сол саған қазынаның қай жерде тұрғанын айтады. Ол құпия сөз «кілт» деген сөз. Ал кілт пиратттың қолында тұрады, осы кілтпен сандықша ашылып ішінен қазына шығады

    Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды

    Ал, қазір әділ қазы сөз алады

    Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,

    Мақтау қағаз сыйлықтарын тапсырады

    Кешті қорытындылау, жеңімпаздарды мараппаттау.

    математика теңізге саяхат.ppt

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.