Без рубрики

§22 Мәдениеттің дамуы: Ғылым мен өнер

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы
№126 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, магистр Қонысов Жәнібек

Күні: 12.12.2011 жыл.  Сыныбы: 9б сынып.
Сабақ тақырыбы: §22 Мәдениеттің дамуы: Ғылым мен өнер.
Сабақ мақсаты:  Соғыстан кейінгі Қазақстанда білім және  ғылымның дамуы, әдебиет пен өнер саласындағы  жетістіктерді ұғындыру.
білімділігі: Қазақстанда мәдени жаңа құбылыстар жайында ғылым мен білімнің дамуында жетістіктермен қатар  түрлі жағымсыз істердің орын алғандығы жөнінде білім-біліктілікті қалыптастыру.
тәрбиелігі: Оқушыларға осы тақырыпты түсіндіре отырып, өз Отанының тарихын білуге еліміздің атақты ер азаматтарын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлтжандылық  қасиетті қалыптастыру.
дамыту: Қазақ мәдениетінің дамуы, қалыптасуы, қоғамдық ғылымдардың даму тенденциялары, жаңа ақын жазушылар  мен ғалымдар  туралы қосымша мәліметтер жинақтау
Сабақ көрнекілігі:    Суреттер, кестелер, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, география, саясаттану.
Сабақ түрі:               Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақ әдісі:                Электронды оқу жүйесі.
Сабақ барысы:       Ұйымдастыру.
«Ойлан да, тап?» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Кесте арқылы өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабаққа байланысты кестені пайдалану.
Бекіту: «Келісемін, келіспеймін».
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сабақ жоспары:
1.    Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
2.    Ғылымның дамуы.
3.    Көркем әдебиеттің дамуы.
4.    Өнер саласындағы жетістіктер.

Үй тапсырмасын сұрау:
«Ойлан да, тап?» ойыны арқылы берілген сұрақтарға жауап беру.
1.    Соғыстан кейінгі жылдарда ауылшаруашылығында не себептен артта қалу байқалды?
2.    Тың игерудің алғашқы табыстары қандай болды?
3.    Тың игерілген облыстарды атап, картадан көрсетіңдер?
4.    Тың игеру республика экономикасына қалай әсер етті?
5.    Республикадағы тың игерудің демографиялық өзгерістерге қандай әсері болды?
6.    Мал шаруашылығын өркендету үшін қандай шаралар іске асырылды?
7.    Әміршіл -әкімшіл басқару жүйесі ҚХР мен Ресей  аумағында тұратын қазақ жұртшылығының өкілдерін Қазақстан тыңына келтіруге неліктен енжар қарады  деп ойлайсыңдар?
8.    Эрозия, гумус сөздеріне түсініктеме бер?
9.    Тың игерудің нәтижесі қандай болды?
10.     Тың игеру кезінде қандай кемшіліктер болды?
11.    Тың игеру кезінде астықтың өзге түрін өсіріп рекорд жасаған кім?
12.    Тың игеру Қазақстаннан бөлек КСРО – ның қай аймақтарында іске асырылды?
13.     Мал шаруашылығын дамыту жоспары қашан қабылданды?
14.     Қазақстанда егіске куш малын пайдалану қай жылдарға дейін іске асырылды?
15.    Тың игеру жылдарында Қазақстан КП Орталық атқару комитетінің I-хатшысы кім еді?
16.    Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қашан қабылданды?

Үй тапсырмасын төмендегі кестелер арқылы қорытындылау:

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысы
(1-кесте).
Басталған жылы    1954 жылы (қаңтар – наурыз пленумы)
Идеяны ұсынушы    Үкімет
Одақ бойынша жыртылатын жер    Солтүстік Кавказ, Орал, Оңтүстік Сібір, Еділ бойы,Қазақстан
Қазақстан бойынша жыртылатын жер    Павлодар, Көкшетау, Торғай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары
Тыңгерлерді материалдық ынталандыру    •    Дүние – мүлкі тегін көшірілді
•    •Отбасы басшысына 500-1000 сом, әр мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек берілдіҮй салу үшін 10 жылға 10000 сом мөлшерінде несие берілді (350/0-ын мемлекет өз қарамағына алды)
•    2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды
Тыңгерлер саны    •    1954-1955 жылдары өнеркәсіпке, көлікке жұмыс істеу үшін 0,5 млн. адам
•    Ақмола облысына 20000 адам
•    Солтүстік Қазақстанға 150000 адам келу керек еді, артығымен 650000 адам келді
•    1954-1962 жылдары жалпы 2млн. адам келді
Жыртылған жер көлемі    •    1954 жылы 6,5 млн.гектар
•    1955 жылы 9,4 млн. Гектар
•    Жалпы 25 млн.гектар
Бөлінген қаржы    •    1954-1959 жылдары 20 млрд.

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің пайдасы мен зияны
(2-кесте).
Пайдасы    •    Ұлттық маман кадрлар көбейді
•    Қалалар мен өнеркәсіп орындары салынды
•    Мәдени ошақтар пайда болды
•    Техниканы меңгеру басталды
•    Халықтар арасында достық қарым – қатынас орнады, басқа ұлттар мәдениетінің жетістіктеріне үйренді
•    Басқа салалардың дамуына әсер етті
•    Одақ бойынша астықты аймаққа айналды
Зияны    •    Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды
•    Қазақ мектептері жабылды
•    Демографиялық күйзеліс басталды
•    Экстенсивті әдіспен жүргізілді
•    Мал шаруашылығының жайылымдық жерлері тарылды
•    Топырақ эрозиясы күшейеді
•    Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туады
•    Пайдакүнемдер көбейді
•    Ғалымдардың  кең көлемде жерді игеру өзін — өзі ақтамайды, табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген ескертулері еленбеді

Жаңа сабақ: §22. Мәдениеттің дамуы: Ғылым мен өнер.
1946 жылы маусымда КСРО ғылым Академиясының қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды. Қазақстанда жаңа ғылым ордасын құруға көмектескендер: С.И.Вавилов, И.П.Бардин, А.М.Панкратова және тағы да басқалар болды.
Академияның тұңғыш президенті болып Қаныш Сәтбаев тағайындалды. (Суреті).

Ұлы Отан соғысынан кейін ашылған жоғарғы оқу орындары:
•    1950 жылы ҚазМУ-де философия факультеті ашылды;
•    1958 жылы Қазақ КСР ҒА-ның Философия және құқық институты құрылды;
•    1961 жылы Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары ашылды.
•    “Партия тарихы” барлық жоғарғы оқу орындарында өтілетін ең негізгі пәнге айналды.

Көркем әдебиетті дамытушылар:
М. Әуезов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев суреттері мен шығармаларының атаулары көрсетіледі.

Соғыстан кейінгі онжылдықта дамыған өнер салалары:
•    Театр;
•    Музыка мәдениеті;
•    Опера және балет өнері;
•    Көркемсурет.
Театр саласындағы жаңа қойылымдар:
•    М. Әуезовтің “Абай” драмасы;
•    Ә. Әбішевтің “Достық пен махаббат” пьесасы;
•    Ш. Хұсайыновтың “Кеше мен бүгін” пьесасы;
•    Ә. Тәжібаевтің “Жалғыш ағаш орман емес” пьесасы.

Актерлар: Қ. Бадыров, Қ. Қуанышбаев,
Р. Қойшыбаева, Е. Өмірзақов,
С. Қожамқұлов, Х. Бөкеева.

Жаңадан құрылған музыка ұйымдары:
•    Қазақ мемлекеттік хор капелласы;
•    Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі;
•    Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі;
•    Қазақ Мемлекеттік филармониясы.

Көркемсурет жаңалықтары:
•    Қ. Телжанов: “Жамал”, “Атамекен”.
•    С. Мәмбеев: “Тауда”, “Киіз үй арасында”.
•    М. Кенбаев: “Шопан әні”, “Сұхбат”.
•    Ә. Қастеев: “Амангелді”, “Жаз”.

Жаңа сабақты бекіту:
«Келісемін, келіспеймін» ойыны арқылы.
1.    Қазақ КСР Ғылым академиясы қашын құрылды? (1946 жылы).
2.    Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті кім болды?
(Қ. Сәтбаев).
3.    «Абай жолы» романының авторы кім? (М. Әуезов).
4.    Ғ. Мүсіреповтың  романын ата? (Оянған өлке).
5.    1961 жылы қай институт ашылды? (Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары ашылды).
6.    Ә. Қастеев шығармаларын ата? (“Амангелді”, “Жаз”)

Бағалау:
Үйге тапсырма:
1.    Жаңа сабақ: §22. Мәдениеттің дамуы: Ғылым мен өнер.
2.    Берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
3.    Қазақ көркем әдебиетімен өнерін дамытушылар туралы деректер жинастыру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.