Алыстаған сайын биіктейді (әдеби-сазды кеш)

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 80 мектеп-гимназия
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жалмаганбетова Света Қолдасқызы

№ 80 мектеп-гимназиясында 2010-2011 оқу жылында ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың 80 жылдығына арналған «Алыстаған сайын биіктейді»  тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері бірлесе отырып өткіздік.  Кеште ардагер ұстаз Мангушева Кенжегүл апайымыз  қадірлі қонағымыз болды.  Сіздерге осы әдеби-сазды кешіміздің жүргізілуін жіберіп отырмын. Кешті І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі – Баданова Базаркүл бастап жүргізді, одан кейін кешті І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жалмаганбетова Света жүргізсе, жас маман қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Садықова Жанар жалғастырып, жас маман қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Тлеуова Гүлжан кешті аяқтады.  

Тақырыбы:  Алыстаған сайын биіктейді (әдеби-сазды кеш)
Мақсаты: ақиық ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерімен таныстыру, Мұқағали Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының және оның өлеңдерінің сыры неде екенін таныту, ақын шығармалары арқылы шындыққа, адалдыққа, әдемілікке, поэзияны сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ақын портреті, гүлдер, буклеттер.
Техникалық құрал: мультимедия
Барысы:
Күй ойналады. Мұқағали суреті. «Болашаққа арыз жазып кетейін» өлеңі бейнетаспадан оқылады.
Жүргізілуі:
Базаркүл апай («Поэзия» өлеңін оқиды)
Кіріспе сөз: Иә, поэзиямен егіз жаратылған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың көзі тірі болғанда, биылғы жыл 9 ақпанда 80 жасқа толған болар еді. «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – деп дана Абай айтып кеткендей, артына өшпес, өшірілмес сөз қалдырған Мұқағали атамыздың есімі тарих бетінен, халық жүрегінен әсте өшірілмек емес.
Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі ұстаздар, оқырман шәкірттер!
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, айшықтала түсуде. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен, бақытты халық. Мұқағали – ақиық ақын. Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш-қуат алған Мұқағали – қазақ  әдебиетінде, қаламдас достарының ішінде ерекше үнімен оқшау келген дара тұлға. Көзі тірісінде «жазылар естеліктер мен туралы» дейді Мұқағали ақын. Жарық дүниедегі аз ғұмырының мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты. Иә, ол туралы естеліктер жазылып жатыр. Ақын туралы ақиқат пен аңыз қатар жүр. Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы дараланып, биіктеп бара жатқаны анық. Оның поэзиясы – халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын. Бүгінгі ақын мұрасына арналған «Алыстаған сайын биіктейді» тақырыбындағы әдеби-кешімізге қош келдіңіздер!
Кешіміздің қадірменді қонақтарымен таныс болыңыздар.
1……………………………………..
2……………………………………..
3……………………………………..
Базаркүл апай: Жалпы, поэзия құдіреті – адамның рухын биіктетіп, жан дүниесін күнделікті күйкі тірліктің шаң-тозаңынан аршып алуға көмектеседі десек, бұл тұрғыда Мұқағали атамыздың әрбір өлеңі оқырманның жүрегіне жол тауып жатады. Оқырманын ойландырады. Рухани дүниесіне жарық түсіріп, ізгілік себеді, таратады, тағылым береді. Ендеше, ақынның жыр жолдарына кезек берейік.
«Жазылар естеліктер мен туралы», «Анкета», «Автограф», өлеңдерін 5-сынып оқушылары оқиды.
Ән: «Есіңе мені алғайсың»
Базаркүл апай:      – Сендер мені жоқтайсыңдар?!..
Алайда, мансап қуып, маубас болма, жарай ма?!
Қасиетті қара өлеңім өлмесе,
Халқым мені табары хақ қалайда! (Айтақын Әбдіқалов)
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен – қарапайым шаруа адамы, аздап ұсталығы да болған. Ақынды әжесі Тиын баққандықтан шешесі Нағиманды Нақа деп атаса керек. Табиғатына тартып туған ақынның асқар таулардай биіктігі, Шалкөде жайлауындай кеңдігі, Қарасаз шалғынындай шалқыма көңілі туған жердің қасиеттілігінен бе деп қаласыз?!
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің…деп жырлаған ақын туған жер туралы былай дейді.
«Қайран, Қарасазым-ай», «Асығып алыс күндерге», «Отаным саған айтам» «Отаным», «Қазақстаным»  өлеңі оқылады
Света апай: («Ал енді мен  ақыл айтам» өлеңін жатқа оқиды).  Ақын жыры – оның жан сыры, ішкі дүниесі. Ақын сол сырын қағаз бетіне өлең жолдарымен түсірді, яғни сол өлең жолдары арқылы оқырмандарына ішкі жан сырын шертті. Сырларының бір парасы арнау өлеңдерімен өріледі.
«Арнау», «Күн шуағым», «Қара өлең», «Ей өлең»,  «Тағдырмен бетпе –бет», «Жанашырыма», «Досыма хат», «Бабаларым, рахмет, сендерге!».
Бейбіт  Жұмалиннің әні «Бақыт әлде».   орындайтын Әбіл Маржан
Света апай:  – Өлең – өнер, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Ақынның өлеңдері, өзі айтқандай, талай болашақтарға көшеді. Ендеше сол мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда мәңгілік жаңғыратын жыр жолдары мынадай болмақ.
«Шындық туралы», «Үш бақытым», «Махамбеттер, Абайлар-ай», «Дәрігеріме»,  «Анау аспан, мынау бақ»
Света апай:  Ақын өз естелігінде былай деген болатын: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай. … Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын.
Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі.
Ақын жырлары сахнада былайша көрініс табады.
(Көрініс) «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісімен.
Жанар апай: ( «О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?» өлеңін жатқа  оқиды)
«Махаббатсыз дүние бос» деп ұлы ақын Абай айтқандай, Мұқағали да махаббат тақырыбына қаншама өлең шығарып, өшпес мұра қалдырды.
Аяқтап болып, махаббат дейтін сапарды,
Қозы мен Баян моласы, міне, атанды.
Қалауын қанша тапқаныменен, қара тас,
Қайырымсыз ата Қарабайдайын қатал-ды.
Жол түсіп, ұрпақ, Таңсыққа барсаң тегіңде,
Бір соқпай кетпе күмбезге сонау көрінген.
Қазақтың осынау қасқайып тұрған төрінде,
Бабаларыңның махаббаттары көмілген…
«Жанарым», «Ғашықпын, шын ғашықпын, сол адамға» өлеңі оқылады.
Ән: «Көзіме көрінбе сен»
Жанар апай: Мұқағали ақынның ғұмырлы  поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкте қалықтайды.  Оның сөзіне жазылған әндер қаншама. Әндері халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды. Кешіміздің өн бойында   Мұқағали атамыздың сөзіне жазылған бірнеше әндер орындалды десек, соның бірі – «Күрең күз» әні
Гүлжан апай:    Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы, – деп ақиық ақын өзі жырлағандай,  ақын өмірі туралы естеліктерге құлақ түрейік.
(Ақынның өз дауысындағы өлеңін бейнетаспадан тыңдау)
Презентациядан көрсету (ақын-жазушылардың ақынға берген бағасы)
«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын, күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған…»
Әбіш Кекілбаев
«Мұқағали Мақатаев – біздің заманымыздың ғажайып ақыны»
Әбілда Тәжібаев
«Әдебиет – ғаламат ғимарат, сұлаулық сарайы. Мұқағали соның талантты тас қалаушыларының бірі»                        Қадыр Мырза Әли
(Презентация арқылы анасы, жары, баласының естеліктерін оқып беру)
Анасы Нағиманның естелігінен:
“ Қарасаздың Шалкөде жағы саздау, сазда қаз жақсы өсетін еді. Менен екі қаз сұрап алып, почта машинасын айдайтын орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған әдебиеттерді алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып, белін буып дайындап қояды екен. Міне, Мұқағали осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген болатын. 10-сыныпты бітірген соң, өте сауатты, өткір болғандықтан ауылкеңеске хатшы ғып алды. Аталмыш қызметін атқарып жүргенде орыс тілінен мектепке мұғалім таппай, ауыл басшыларының өтінішімен орыс тілі пәнінің мұғалімі болып мектепке орналасты.”
Жұлдыз Мұқағалиұлы әкесі  туралы былай деп сыр шертеді:
«Бала күнін еске түсіру әкеме өте ауыр еді. Кәдімгідей мұңайып қалатын. Бізде балалық жоқ,  соғыс жалмап кетті дейтін. Әкем әжесі Тиынның қолында өскен. Ол кісі қайратты болған. Әкемнің ақындығы ең бірінші- табиғи дарын, сосын соның дамуына туған жері, Тиын әжеміз қатты әсер еткен. Өзі көп нәрсені әжемнен үйрендім дайтін. Әр адамнан тереңдік іздейтін, әңгімелескен адамы көңілінен шықпаса, кәдімгідей мұңайып, таяз екен дейтін»
Ақынның жан жары Лашынның естелігінен :
«Мұқағали өлеңді жеке бөлмесінде отырып жазатын. Көк шапанын жамылып, үстелге кеудесін тіреп отыратын еді. Жазып болғасын жайраңдап келіп, анамызға оқып беретін  де, Лашын,  қалай болыпты?- деп күлетін. Кейде бізге сырын айтып, өлең құрудың өзі тұнып тұрған математика. Математика амалға бағынса, өлеңнің де бағынатын өз заңдылықтары бар дейтін. Ол күз мезгілін айрықша ұнататын. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрған түндерде қолынан қаламын тастамайтын. Көктемде сайраңдадық, жасардық, күз – енді жазатын мезгіл деп әзілдейтін. Ол көп жағдайда  қолдау таппай қалатын. Бәріміз басу айтқан соң қайта еңсесін көтеріп ерсілі-қарсылы адымдап, әй, мені түсінгісі келген адам өлеңдерімді оқиды»
Гүлжан апай: Мұқағали мұрасы – сұлулық үлгісі – біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, оның маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтардың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы. Иә,  Зейнолла Серікқалиев ағамыз айтқандй, Мұқағалидың әдебиет әлемінде орны ойсырап тұрғандай. Көптеген ақындар, жолдастары, інілері Мұқағалидың арманына жете алмай кеткеніне күйініп, өз өлеңдерімен Мұқағалиды асқақтатты және келешеккте де асқақтата береді. Мұқағали – ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.Тәңіртаудың Хан тәңірісіндей болған. Мұқағали аға! Ендігі айтылар жыр жолдары мен сырлы сөздер сізге арналады.
Өмірден от болып өткен жалынды ақынға әр оқушы өз арнауларын оқиды.
Ән: «Көнеміз де,  қайтеміз»
Гүлжан апай: – Таулар алыстаған сайын биіктей түседі. Тарлан талант Мұқағали ақын да уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда. Мұқағали мұрасы – халық мұрасы. Мұқағали атамыздың рухани қазынасын ұлт игілігіне жарататын ХХІ ғасырдың жастары – мына біздер!
Мұқағали поэзиясын танытуға арналған кешіміз де аяқталуға жақын. Ақын өлеңдерін сүйіп оқитын, бүгінгі кеште бізбен бірге болған қонақтарымызға сөз кезегін беріп, лебіздерін тыңдаймыз.
(қонақтар сөз алады)
«Саржайлау» әні (хор)

Света апай:

Жүргізуші.
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер  жан еді дер өр тұлғалы.
….Жоқ жанды қиған емес жамандарға,
Сол үшін мын
І. «Поэзия минуты» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)
ІІ. «Мұқағали әлемі» (Мұқағали өмірінен естеліктер оқу)
ІІІ. «Білгенге маржан» (сұрақтарға жауап беру)
ІV. «Құлақтан кіріп бойды алар» (ақынның әндерін орындау)
V. «Ақынға арнау» (оқушылар шығармашылығынан)

Арыз жазып кетейін

«Бақыт жыры»
«Күрең күз»

Жүргізуші:

Ақынның жан жары Лашын Мұқағали өмірінің соңғы минуттары туралы естелігінде былай деген еді: «Мұқағали кірпігі әрең қимылдап ауруханада ақырғы сәттерін күтіп жатты. Әбден арыған, сөйлеуге шамасы жоқ, сол қалпымен жатып, ақырғы күшін жинап ақырғы рет тілге келді: – Лашын, такси әкел. Одаққа барайық… балаларым жас еді. Сөйтіп, Мұқаң өзінің сүйікті Жазушылар одағына әлдене айтқысы келіп жатып  жан тәсілім етті»

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім.
Света апай:  Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.
Гүлжан апай: Мұқағали – табиғатты сүйе білген, табиғатпен сырласа білген ақын. Ақынның табиғатқа деген сүйіспеншілігі, табиғатқа тіл бітіріп, мына өмірде болып жатқан тартыстарды, ақ пен қара, жақсы мен жамандықты, адам ғұмыры туралы күйзелісін өлеңдерінен байқау қиын емес.
Жапырақ – жүрек жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе, жас қайың?

——————- Табиғат туралы өлеңдер.
Жанар апай: Мұқағали ақындығына табынып, көшеде сәлем беріп, соңына ерген, ақыл-кеңес сұраған жастарды үйіне шақырған. Алыстан даңқын естіп, өлеңін оқып, өзін көруге іздеп келген таныс, байтанысқа есігін айқара ашып, төрін ұсынды. Жоқ жомарттың қолын байлағанымен ақкөңіл ақынның ағыл—тегіл ықыласын тұсай алмады. Тұрмыс тақсыретімен қоса өмірдегі, қоғамдағы әділетсіздік ақынның да, оның жарының да жанына қатты батты.
Ақынға не керек болды бұл өмірден? Өмірді соншалық сүйген жанның өмір жайлы толғанбайы мүмкін емес.

Жанар апай: Мұқағали Мақатаев тек өмірдегі бар нәрсені өлеңмен өрнектеп қана қойған жоқ. Өмірден түйгендерін күнделікке де түсіріп жүрген.
Презентация Күнделіктен үзінді

Жанар апай: Ақын қайтыс боларын бұрын сезіп, 1976 жылы 26 қаңтарында «Өзімнің есебімше» өлеңінде дәл айтқан екен. Соны білгендей ақын болашақ ұрпаққа, халқына көп нәрсені айқындап, аманаттап кеткен екен.
« Халқыма хат»,
Жанар апай: Мұқағали  ақындығы көзі тірісінің өзінде-ақ үлкен-кішінің бәрі мойындады. Мойындағысы келмегендерін талантына табындыра, дарынына жүгіндіре отырып еріксіз иіп әкеп мойындатты. Ақын өзі туралы ақтарыла сыр шертіп, туған халқына деген өтінішін айтып кеткен екен.
Оқушы өлеңі


 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше