Жалаң және жайылма сөйлем
Айдана Құрманғазы
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлем туралы туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, меңгерілген теориялық материалдарды қайта жаңғырту, Берілген тапсырмалармен өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қызметін белсендіру, ауызша сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорларын молайту. жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету
Дамытушылық: Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу. Өзін-өзі басқара білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: танымдылық
Сабақтың әдісі: ізденушілік, талдау.пікірлесу,зерделеу
Көрнекілік: тірек сызбалар,
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
-Ұйымдастыру кезеңі 2-минут-
-Үй тапсырмасын сұрау:
«Тәуелсіздік – тұғыры биік тірегім.» тақырыбында (репортаж) алуға әзірленіп, сұрақтар мен жауаптарын дәптерлеріне жазып келу.
* Жаңа сабақ
Оқушылардың сұхбаттарынан кейін мұғалім оқушылардың сөйлемдерінен тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін таптырады.
Топтастыру(Ауызша )
Анықтама слайд арқылы (Электронды оқулық)
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.
Жалаң сөйлем – тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем – тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Олар дос еді. Орман іші тыныш еді. Жасымнан жетік білдім түрік тілін. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
Жақты ма, жақсыз ба?
1.Мәскеуге барып келді.
2. Етікшіден құлаш қаш.
3. Бізге өнер – білім керек.
4. Ертең серуенге шығамыз.
5. Оның айтқанын түсініп болмайды.
6. Егер ісім өнсін десең, ретін тап.
7. Менің қарап отырғым келмейді.
8. Оның іші пысты.
Интернет-ақпарат
Төле би:
Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен?
Жеті атасын жетектеп жүрген бар ма екен?
Алмасың болса, мойным бар,
Асылың болса, қойным бар.
Бұл сөзімді ойлай бер.
Едіге:
Кигіз кімдікі болса, білек сонікі,
Ауыз кімдікі болса, сөз сонікі.
Бала шыққан жеріне қайтып сыймайды,
Сөз шыққан жеріне қайтып сыймайды.
Жарлық өзіңізден болғанда,
Жабдық та өзіңізден болсын… (Шешендік сөздер).
78-жаттығу
*Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру
*Едіге туралы интернет-ақпаратты талдап,түсіну
1 – тапсырма. Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырыңыз.
1.Қазақстан көптеген мөлшерде астық, ет, жүн
және басқа өнімдерді экспортқа шығарады.
2.Қазақстанда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.
3. Әлемдік тәжірибе қолданылады.
4. Мақта өңдейтін кәсіпорындар шоғырланған.
5. Қазақстанда аса ірі металлургия компаниялары
жұмыс істейді.
6. Қазақстанның оңтүстік аймағында мақта егіледі.
7. Қазақстанда қой шаруашылығы бұрыннан дамыған.
8. Республикада энергетика өнімдері мол.
Жақсы жыр жаттайық»
Ойынның шарты: Өлең жолдарында кездесетін жалаң сөйлемдерді есте сақтау.. Қазақ әдебиеті сабағында жаттаған өлеңдерді пайдалануға болады.
«Өзімді -өзім тексеремін» атты бақылау-білім беру диктанты. Мұндағы негізгі бағыт – оқушылардың өткен тақырыптарды меңгергендігін, білімін тексеру болып табылады
Шарты:
5 сөйлемнен тұратын өтілген тақырып бойынша диктант жазу (Өздері жазады,шығарма тәрізді)
Тест тапсырмалары
1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.
В) Тұрлаулы мүшелермен қатар, тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
С) Мазмұны толық берілген сөйлем.
Д) Бастауышы жоқ сөйлем.
Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем.
2. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ардақ еш уақытта мұндай қуанған емес.
В) Қартқожа сөйлеп тұр.
С) Жоғары қарады.
Д) Ауылға көз салды.
Е) Түн.Дала жым-жырт.
3. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сабақтан кешігуге болмайды.
В) Баяу ескен қоңыр жел.
С) Туған жерге туың тік.
Д) Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам.
Е) Оның елі- дүйім қазақ.
4. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мұрат, мені танимысың?
В) Орынсыз талаптарға көне беруге болмайды.
С) Өңінен ештеңені болжап болмайды.
Д) Баланы жаман үйретпеу керек.
Е) Лық толған халық.
5 Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз.
“…………………… оқып шықсын”
А) Тез
В) Ол
С) Оған
Д) Сенімен
Е) Қайратпен
6. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
А) Асқар – инженер.
В) Ол үйге кірді.
С) Алматы – Астана.
Д) Мал жайылды.
Е) Бала болашақ.
7. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
А) Талай сырды ақтардық.
В) Мен елдің елшісімін.
С) Рахмет күлді, қуанды.
Д) Біздің замандасымыз қандай екен?
Е) Қазақстанның осынысы ұнайды.
8. Жайылма сөйлемді табыңыз.
А) Қалың қар.
В) Қар жауады.
С) Бүгін жауады.
Д) Қар қалың жауады.
Е) Қар жауып тұр.
9. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен барамын.
В) Айдала.
С) Ол – сері жігіт.
Д) Үй жап – жарық.
Е) Сендер қараңдар.
10. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А) Қалың қар.
В) Қар жауады.
С) Қарлы тау.
Д) Қар қалың жауады.
Е) Қарлы боран.
Үйге тапсырма беру: Шешендік сөздер жазып келу
Шарты: Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату
Оқушыларды бағалау: Оқушылардың сабаққа белсенділігін ескере отырып бағалау.
Қорытынды:
Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек бағына.
Біле бер, қанша білсең де тағы біл,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле!
Ж.Баласағұн.
