Ақпараттық технологияларды өндірістік оқу сабақтарында пайдалану

Қызылорда облысы Қазалы қаласы
№8 кәсіптік лицейдің өндірістік оқу шебері
Ильясова Аяжан Қуандыққызы

Жоспар: І. Кіріспе.  Білім жүйесіндегі өзекті мәселе – тиімді жаңа технологияларды енгізу.
Баяндама презентациясын жүктеп алу: Ақпараттық технологиялар. (PDF)
ІІ. Негізгі бөлім.  2.1. Өндірістік оқу сабақтарында жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану.
2.2. Өндірістік оқу сабағында мультимедиалық тақтаны қолдану  2.3. Электронды оқулықтар – Өндірістік оқу сабағында.
ІІІ. Қорытынды. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дұрыс қалыптастыру.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Жаңа ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын көру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі.
Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, бұл жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендігі туралы айтылып, сол сияқты компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды бейімдеу қажеттілігі айқындалған. Мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті, электрондық поштаны қолдана білу тәсілдерін талап етеді.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.
Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару.
Қазіргі кезеңде мұғалімдердің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі – оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мұғалімдер оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алуы керек.
Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану, оқытудың мақсатына жетудің тиімді жолы екендігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.
Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз де керек. Сондай тиімді әдістердің бірі – электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады. Өз білімін көтеруге ұмтылады. Компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірибелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналды. Компьютер – бұл сабақта оқыту құралы мен сабақ берудің бұрынғы әдіс-тәсілдерін толықтырушы ретінде қызмет атқарады. Графикалық (сызба, кесте) диаграммаларды пайдалану, сурет, кино, геометриялық фигураларды көрсету мүмкіндіктері мол.
Өндірістік оқу сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану – білім мен тәрбиенің сапасын арттырудың тиімді жолы.
Мұғалімнің жетекші рөлі азайып, оқушының өз бетінше оқып үйреніп,  тапсырмаларды орындауда дербестігі мен ізденісі артады.
Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.
Интерактивті тақтамен оқытудың әдіс-тәсілдерін өндірістік оқу сабақтарында пайдаланған өте тиімді.
Мұғалім қолданатын   технологиялық құралдарға қарамастан, сабақты нәтижелі өткізудің негіздері бірдей. Ең алдымен сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жеткізетін нақты жоспары, құрылымы болуы керек.
Интерактивті тақтаны қолдану – мұғалімге жаңа материалды өте қызықты, қарқынды, көзге көрінетін визуальды ресурс, жаңа ойларын тартымды етіп көрсету үшін таптырмас құрал. Бұл тақтада жұмыс жасау материалдарды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады.
Интерактивті тақта көмегімен оқытудың, тек компьютермен және проектормен оқытуға қарағанда айтарлықтай үлесі зор, ой-өрісі кең құрал, оның бірнеше артық тұстары бар:
    көп уақытты шығындамай-ақ бейне көріністерді, сабақ барысында жасалған кез  келген жазуларды сақтауға, оны басып шығаруға болады;
    түрлі тартымды ресурстарды қолданудың арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады;
    ұжымдық жұмысқа араласу үшін үлкен мүмкіндіктер туғызып, дағдыларын қалыптастырады;
    сабақтың  жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді;
    өтілген материалдарды қайталау үшін, файлдарды сақтауға мүмкіндік береді;
    педагогтарды кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырады.
Кез келген білім барысының назарында мұғалім және білімге жетелейтін оқушы  тұр. Егер де оқушы  «керек» деген ынтадан «маған қызық, менің білгім келеді» деген ынтаға келсе, онда бұл жолдың жемісті нәтиже бергені. Бұл тұрғыдан төмендегідей талаптарды аңғаруға болады:
    оқушыларды еңбекке үйретуге политехникалық түсінігін қалыптастыру үшін оларға жалпы технология мен техникалық білім негізін меңгерту;
    әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін,  ынта-қабілеттерін  ескере отырып, белгілі бір өнерге баулу;
    ұлттық өнермен таныстырып, оқушылар білімі мен шеберлігін қалыптастыру;
    оқушыларды жалпы еңбекке, белгілі бір мамандыққа баулу, эстетикалық сезімін оятып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Өндірістік оқу сабағында оқу бағдарламасы бойынша Компьютерді жөндеу және қызмет көрсету тақырыбына 48 сағат берілді.
Бағдарламаны орындауда әр түрлі сызба, техникалық сурет, видео, сурет кесте, диаграмма  барлығын компьютер арқылы жасап, интерактивті тақтаны қолдана отырып, сонымен қатар Интернетке қосылып та көрсетуге болады.
Сызба – бұл көріністің негізгі түрі. Онда дербес компьютердің ішкі және сыртқы құрылыстарын үлкейте көрсетіп және сызу  ережесіне сай орындалады. Егер мәтіннің мағынасына сай негізгі бөліктерді көрсету керек болса, онда арабша нөмірленіп отырады.
Техникалық сурет – бір затты ойша қағаз бетіне түсіру. Ол нақты мөлшермен аксонометриялық проекцияда орындалады. Ол құрылғылардың  негізгі бөлшегін тілік түрінде бейнелеп көрсетеді.
Сурет – заттың нақты суреті беріледі, түрлі-түсті суреттер де пайдаланылады.
Кестеде масштаб қолданбайды, жұмыстың реттілігін жазуға болады, кестені схема, сызба түрінде де орындауға болады.
Диаграмма – графикалық бейнелеудің бір тәсілі. Пішініне қарай диаграмма жазықтық, сызықтық, үлкейтілген, яғни көлемді болып бөлінеді. Негізінен  сызықтық  диаграмма орын алады, ал жазықтық диаграммадан секторлы диаграмма көптеп кездеседі.
Оқушылар өндірістік оқу сабағында құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, міндетті түрде жаттығу жұмыстарын орындау керек.
Жаттығу жұмыстарын орындау мақсаты Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың жұмыс істеу шеберліктерін одан әрі шыңдау.
№79 «Компьютерлік құрылғыларына қызмет көрсетуші техник» тобына берілген жаттығу мынадай тақырыпта өткізілді:
«Компьютерді жөндеу және қызмет көрсету»
– Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларымен таныстыру
– Компьютерді жөндеу және қызмет көрсету
Компьютерді жөндеу және қызмет көрсету кезіндегі жұмыс барысы:
    Ақау кеткен жерін анықтау үшін жүйелік блоктың қорабын ашамыз;
    Шлейфтердің немесе шиналардың дұрыс орнатылғандығына көз жеткізу үшін оларды тексеріп шығамыз;
    Жанып кеткен құрылғы болса соны ажыратып жөндейміз
    Жөндеген құрылғыны орнына салып дербес компьютерді іске қосамыз.
Жаттығу жұмысына  жұмсалған қаражат.
№    Материал    Құны    саны    Барлығы
1    Шлейф    200 теңге    2 дана    400 теңге
2    Қоректендіру блогі    5000 теңге    1 дана    5000 теңге
Барлығы:    5400 теңге
Жаттығу жұмыстарына талдау жасау:
o    Практикалық  жұмыстың орындалуы
o    Құралдар мен саймандар
o    Материалдар
o    Сурет сұлбалары, сызбалар
o    Қосымша құрылғылар
o    Жұмыстың техникалық сипаттамасы
o    Жаттығу
o    Жаттығудың мазмұны
o    Жаттығудың мазмұны, жеткізілуі
o    Көпшілік алдында сөйлей білуі
o    Жаттығу жұмыстарын жасай білуі
o    Басқа білімдер (кеңестер, ауызша көмек)
o    Жаңалығы және толықтырылуы
o    Ұпай бойынша жалпы бағасы
o    Топтағы рейтингісі
o    Параллель бойынша рейтингісі
o    Қорғау мерзімі
Айта кететін бір жайт – №79 топ оқушылары 100 пайыз Интернет қызметін пайдалана алады. Өндірістік оқу барысында да керекті материалдарды Интернет желісіне қосылып таңдау арқылы қажеттілері алынды. Мысалы, шлейф, қоректендіру блогы, олардың түрлері мен техникалық сипаттамалары және бағасы, фирма, т.б мәліметтерді http://www.alser.kz/ – сайтынан алаламыз
Өндірістік оқу сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы біз оқушылардың ой-өрісін қалыптастырып, өмірге деген құштарлығын арттырамыз.
Тағы бір ескерілетін мәселе: ол – Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланылатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Интернет сөзі халықаралық желі (INTERnational NETwork) дегенді білдіреді, бұл оның ең нақты анықтамасы.
Білім беруде компьютерлік технологияның барлық мүмкіндіктерін интеграциялау оқушылардың өзіне және өз біліміне қатысты танымдық қызметін, шығармашылық талабын, белсенді бағыттарын  ынталандыруға көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    Жаримбетова Г. Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. Мектептегі технология № 9, 2008 ж. 3-4 б.
2.    З.Қиябаева Интерактивті тақтамен жұмыс әдістемесі. «Арман-ПВ» баспасы, 2011
3.    Р.Е. Игембекова  Жобаны орындау әдістемесі. Мектептегі технология № 6, 2006 ж. 10-11 б.
“Информатика негіздері” журналы №5, 2006 ж., №1, 2007 ж., №6, 2008 ж., №3, 2009 ж.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше