Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №14орта жалпы білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақболатова Лунара Төлегенқызы
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд-шоу
Барысы:
Жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін,егеменбін, дербеспін
Қайырлы күн құрметті оқушылар, ұстаздар! Тәуелсіздікке қолымыз жеткеніне биыл жиырма жыл болды. Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті, әлемге әйгілі саясаткер Н.Ә.Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді.
Біз бақыттымыз, өйткені дербес еліміз, тәуелсіз жеріміз, ана уызымызбен қанға сіңген қасиетті қазынамыз – ана тіліміз бар. Ендеше, ана тіліміздің рухын көтерер, тәуелсіздігімізді танытуға шақыратын бүгінгі біздің Тәуелсіздік күніне арналған кешімізге қош келдіңіздер.
«Отан» деген сөздің төңірегінде ой өрбітсек:
– Отан деген не? Отан отбасынан басталады, дейді. Отан дегеніміз – …. (оқушылар өз ойларын ортаға салады)
– Туған ел, Отан туралы өлеңдер. Оқитын: 7а сынып оқушылары.
Қазақстан Республикасының Әнұраны жіберіледі.
Мұғалім: 1991 ж 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жарияланды. Бұл еліміздің ешкімге тәуелсіз, дербес мемлекет екендігін дүние жүзіне әйгілі еткен аса қасиетті құжат.
20 жыл бұрын Картада – Қазақстан Республикасы деген ел пайда болды.
Тәуелсіздік шежіресі.
1991ж. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.
1992ж. Мемлекеттік Рәміздер бекітілді. Қазан айында тұңғыш ғарышкерТ.Әубакіров ғарышқа самғады.
1993ж Тұңғыш Конституция қабылданды. 12 қарашада төл теңге дүниеге келді.
1994ж. Мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30 маусымда ұшқыш Т.Мұсабаев аспан көгіне көтерілді.
1995ж. 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды.
1996ж. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997ж. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.
1998ж. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.
1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.
2001ж. Қазақстандағы Ресей жылы.
2002ж. Денсаулық жылы.
2003-2005ж. Ауыл жылдары.
2006ж. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
2007ж. Қазақ тілін қолдау жылы.
2008ж. Астанаға 10 жыл
2009ж. Қазақстанның Украинадағы жылы
2010ж. ЕҚЫҰ самммиті
– Тәуелсіздік жылдарын шолу жасай отырып, келесі кезегімізді байқауға берейік. Барыс, Тұлпар, Бүркіт топтары қатысады.
1-байқау. «Географиялық аукцион» деп аталады.
Шарты: Контур картаға белгіленген географиялық атауларды тауып жазу.
Барыс тобына: Байқоңыр, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Павлодар.
Тұлпар тобына: Қызылорда, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Балқаш.
Бүркіт тобына: Алматы, Ақтау, Семей, Астана, Орал.
2-байқау. «Жүзден жүйрік»
Шарты: Қазақ халқының асыл кені – мақал-мәтел десек. Байқау шарты бойынша, әр топқа 2-2-ден сөз беріледі. Сол сөздерді қатыстырып, мақал-мәтелдер ойлап табу.
3-байқау. «Біздің сүйікті мейрамдарымыз» . Берілген суреттерге қарай отырып, қандай мейрам, қай күні тойланатындығы туралы айтып беру.
4-байқау. «Бәйге» – берілген сұрақтарға тез-тез жауап беру.
1.Барыс тобына:
1.Қазақстан Республикасының астанасы?
2.Қазақстан солтүстігінде қандай мемлекетпен шектеседі?
3.Қазақстанның қандай облысында тұрамыз?
4.Қазақстандағы ең үлкен көл?
5.Мемлекетті кім басқарады?
6.Мемлекеттің ең басты заңы?
7.Қазақстан қанша мемлекетпен шекаралас?
8.16-17 желтоқсанда қандай мереке тойланады?
9.Мемлекеттік валюта?
10.Қазақтың ұлттық шекті аспабы?
2.Тұлпар тобына:
1.Қазақтың ұлттық тұрғын үйі?
2.Шаңырақ дегеніміз не?
3.ҚР-ның мемлекеттік тілі?
4.Тудың көк түсі нені білдіреді?
5.ҚР-ның тұңғыш ғарышкері?
6.Қазақ фольклорының, халық ертегілерінің күлдіргі кейіпкері?
7.ҚР-сы қай жылы тәуелсіз ел атанды?
8.Мұсылмандардың бағалы кітабы?
9. Елбасы кім?
10. Қазақстанның рәміздерін ата?
3.Бүркіт тобына:
1.Еліміздің туының авторы?
2.Астана Қазақстанның нешінші астанасы?
3.Қазақтың ұлттық киімдерін ата.
4.Ұлттық тағам түрлерін атаңыз?
5.Қазақстанда неше облыс бар?
6.Ұлттық ойын түрлерін атаңыз?
7.Мемлекеттік мерекелер.
8. Қазақстан қандай ұйымға мүше болды?
9. Ел қорғаны кімдер?
10.ҮІІ қысқы Азиада олимпиадасы қайда өтті?
– Байқаудың қорытындысы.
Ән: Атамекен
Орындайтын: 7,8,9-сынып оқушылары
Мұғалім: Тәуелсіз еліміздің іргетасын нығайтып, келешекке сеніммен қадам басу үшін өз тілімізді, әдет-ғұрпымызды, ділімізді бағалап, ұмытпайық оқушылар!
