Ертегілер елінде. “Ана тілге – құрмет”
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер елінде. “Ана тілге – құрмет”
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ойын ойнату арқылы, ертегідегі кейіпкерлердің атынан әр түрлі тапсырмалар беріп, орындату; тапсырмалар арқылы тез ойлау, дұрыс сөйлей білу қабілеттерін дамыту; Адамгершілікке, көмектесе білуге, сүйіспеншілікке, еліне жеріне деген махаббаты бойларына қалыптастыра отырып, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ертегі, баяндау, сұрақ-жауап, құрастыру, аудару,сәйкестендіру.
Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің, әр түрлі жеміс-жидек, көкөніс, аңдар, құстардың суреттері.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатыспаған оқушыларды түгендеу, күннің жадын сұрау
“Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!” –
деп Қадыр атамыз айтқандай туған тілімізге, Отанымызға деген сүйіспеншілік болмаса, біз ата-анамызды, бауырларымызды сүйе алмаған болар едік.
Оқушылар біз өзіміздің туған жерімізге деген махаббатымызды дәлелдеу үшін сабағымызды бастайық. Сабағымыздың тақырыбы – “Ана тілге – құрмет”.
Енді мынандай сұрақтарға жауап берейік:
1.Біздің Отанымыз қай республика? (Қазақстан)
2.Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз)
3.Қазақстан Республикасының ана тілі қай тіл? (қазақ тілі)
4.Біздің Президентіміз кім? (Н.Ә.Назарбаев)
Жарайды балалар, ары қарай ертегілер еліне саяхат жасайық, бір-бірімізбен жарысу арқылы білімдерімізді көрсетейік.
Сайысымыз “Бауырсаққа көмектесейік, балалар!” деп аталады.
Ерте, ерте, ертеде бір атай мен әжейдің терезесінің алдында тұрған бір бауырсақ домалап жерге түсіп кетіпті. Ол далада адасып әр түрлі аңдарға кездесіпті. әрбір аңға кездескен сайын олар бауырсаққа бір тапсырмадан беріп отырыпты. Аңдардың тапсырмаларын орындаса, бауырсақ қайтадан үйіне оралады екен. Балалар біз осы бауырсақты аңдардан құтқарып, үйіне келуіне көмектесейік.
Балалар енді екі топқа бөлінейік:
І топ – Ғажайыптар тобы ІІ топ – Сиқырлылар тобы
Қай топ тез әрі дұрыс жауап берсе, сол топ бауырсаққа көмектеседі.
Бауырсақ бірінші қоянға кездесті. Қоян былай деп сұрақ қояды. Қай топ маған көп мақал айтса, баурсақты соларға беремін,-дейді.
(Балалар мақал-мәтелдер айтады).
Міне, … топ бауырсақты қояннан құтқарды. Енді аюдың сұрақтарына кім дайын болар екен? Аю бауырсаққа төрт дыбыс беріп, осы дыбыстарға тез-тез сөздер құрастыратын болсаңдар бауырсақты әрі қарай жіберемін,-деп тұр. Көмектесеміз бе, балалар?
І топ – “ә”, “ң” ІІ топ – “і”, “қ”
Міне, балалар, сендердің тапқырлықтарыңның арқасында аюдан оңай құтылып кеттік. Ендігі кедергі – кірпі. Кірпі не дер екен? Балалар қараңдар кіп-кішкентай кірпінің тапсырмасы қиынырақ екен. Ол екі топқа екі сурет беріпті. Осы суреттерге кім жақсы сөйлемдер құраса, соларға бауырсақты босатып беремін дейді. (суреттерге қарап сөйлемдер құрайды).
Балалар бауырсақ қуанып сендерге алғысын айтып жатыр. Бауырсаққа қараңдар алдынан қасқыр шығыпты және бос келмепті тапсырмасын ала келіпті. Ал, балалар, орындап көрейік. Берілген асты сызылған дыбыстардың қайсысы сәйкес келетінін орналастырып жазыңдар:
І топ – жұлд ыұ з, а шщ ы, күлк үі
ІІ топ – тұ щш ы, құнд ыұ з, түлк үі
Бәрекелді балалар, қасқырды да жеңдік. Ең соңғы кедергі түлкіге де жеттік. Түлкі не айтар екен? Ертегіде түлкі бауырсақты жеп қоюшы еді. Біз түлкіге бауырсақты береміз бе, жоқ әлде құтқарып аламыз ба? Онда мына сұрақтарға жауап берейік. Түлкі біздерге әр түрлі суреттер ала келіпті, соларды қазақша аттарын тауып орысшаға аударып берсек бауырсақ құтылып шығады екен.
Жақсы, бауырсақты құтқардық, енді оны жеп қоямыз ба, жоқ әлде үйіне – атасы мен әжесіне жібереміз бе?
Балалар біз бауырсақты жібердік, бауырсақ бізге рақметін айтып, мынандай қанатты сөз беріп кетіпті. Енді осыны оқып, мағынасын түсінейік: “Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді”.
Яғни, ананың сүтін емген баланың бойы өседі, егер ана тілін көп білсең ойың, жан дүниең өседі дегенді білдіреді екен.
Әнұранмен аяқтау
ІІІ Үйге тапсырма: Отан, туған жер туралы мақал-мәтел жазып келу.
ІҮ Бағалау
