Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі туралы білімді тиянақтау

Ақтөбе қаласы, №40 жалпыға білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Досекешова Ляйля Рахмановна

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі туралы білімді  тиянақтау.
Сабақтың электронды нұсқасы: Тік төртбұрыштың, шаршының периметрі. (Flp)
Сабақтың мақсаты: 1) өткен сабақтар бойынша оқушылардың білімін пысықтау.  2) математика пәніне қызығушылығын, белсенділігін арттыру. 3) оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру арқылы еңбекке баулу, ынтымаққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын    Сабақтың түрі: ойын элементтері араласқан аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі суреттер.

Сабақтың барысы

1.    Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін аудару.

2.    Өтілгенді пысықтау.
«Тез есепте» ойыны.
Барлық қабырға тең екен,                                 Бұрыштары тік болса,
Өлшеп көрсем төрт екен.                                  Қабырғасы төртеуден.
Табуды біз үйрендік,                                         Ұзындығы 3 болса,
Периметрі нешеге тең?                                      Ені оның 2ге тең.
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?
Алдымда тұр үшбұрыш
Қабырғасы 4та 3.
Бұл есептің жауабын
Айтып берші, байқағыш?

«Кім тапқыр?» ойыны. Қандай сан жасырынып тұр?
+2 < 10-3                                  +10 = 40-20
+ 8 > 7+1                                  + 3 > 9-3
– 10 < 30+30                             – 7 = 6-3

1-есеп. Әр фигураның үйін тап.

2см
5см                              2см

2 см                                                     2см

1см
3см                                    3см

2см

4 см

*Сергіту сәті. Көгершінге ұқсайық,
Ұшып-ұшып алайық.
Ұямызға қонайық
Есептеуді бастайық.

2-есеп. а) Есептің шартын оқу.
– Шартында не туралы айтылған?
– Не белгілі?
– Әткеншек теуіп жүрген бала саны және әткеншектен түскен бала саны.
– Есеп бізден нені сұрайды?
– Қанша бала қалғанын.
1) 10-7=3                   2) жауабы: 3 бала қалды.

5-есеп. Мысалдар шығару.   9+9    9+8       9+7       9+6       9+5      9+4       9+3    9+2
8+8    8+7       8+6       8+5       8+4      8+3       8+2

3.    Қорытынды. Тест ұйымдастыру.
1.Шаршы дегеніміз не?
2.Төртбұрыштың неше бұрышы бар?
3.Қайсысы шаршы?

4.    Шаршының бір қабырғасы 3см болса, қалған қабырғалары нешеге тең болады?
4. Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше