«Ормандағы үйшік»
Ақтөбе қаласы МКҚК № 15 «Жидек» мектепке дейінгі ұйымының
қазақ тілі мұғалімі Тащенова Гульдар Нұрмұханқызы
Даярлық тобындағы ашық сабақ конспекті
Тақырыбы: «Ормандағы үйшік»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайта отырып, дұрыс әрі мәнерлі сөйлеуге үйрету. Сол арқылы балаларды ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу. Сахналық қойылым арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекі-құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер, желім, қағаз, сүлгі, табиғи материалдар.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбер. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
Мұғалім: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті.Балалар бізге шуағын төккен «күнмен», «қайырымды жер анамен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық.
Балалар: Армысыз қайырлы- Күн!
Армысыз мейірімді- Жер ана!
Армысыз қайырымды- Аспан ата!
Сәлеметсіздерме апайлар!
Мұғалім: Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші,қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын. (лента арқылы тілектер айтылады).
– Елім, аман болсын, бақытты болайық, нан көп болсын, аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.
– Ал, балалар, қараңдаршы, мына дөңгелек неге ұқсайды?
– Балалар – Допқа, шарға, айға, күнге, моншаққа т.б.
Тәрбиеші: – Енді, қолымызды ұстасқан бойымызда ленталарды жоғары көтерейік, енді неге ұқсайды?
Балалар: – Шаңыраққа.
Мұғалім: Ал, қолдарың уыққа ұқсайды. Иә, балалар. Балалар «Шаңырақ» дегеніміз киіз үдің төбесі. Бір үйдің адамдарын бір шаңырақтың адамы деп те атайды. Бізде топта бір шаңырақтың
астындамыз. Сол, шаңырақтың астында тату, дос болып тұрайық. (Балалар шеңбер бойында тұрып, ортаға түйісіп жиналып, қайта шеңбер бойына келеді).
Мұғалім: Балалар, осы шеңбердің ішінде мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Бұл ойынның аты – әдеби калейдоскоп. Енді ойынымызды бастайық. Ойынның шарты бойынша ортаға калейдоскопты лақтырады. Ойын барысында қоянның суреті түссе, балалар «Қоян» туралы тақпақты айтып, қимылмен көрсетеді.
Тәрбиеші: – Ал, мынау ненің суреті?
Балалар: Аюдың суреті.
Мұғалім: Аю қалай жүреді?
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық.
Қалтамызға салайық.
Бақа, бақа, балпақ.
Басың неге жалпақ.
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
Торғай, торғай, торғайсың.
Жақын келіп қоңғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аяздан тоңбайсың.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы- қырлы жерлермен.
Ытқып, ытқып жүгірді.
Суреттермен «Қыс» туралы әңгіме жүргізу.
-Ал, балалар есімізге түсірейікші жылдың қазір қай мезгілі?
– Қыс.
– Дұрыс. Қыста қандай өзгерістер болады?
– Қыс суық болады. Қар көп жауады. Ағаштардың басын қар басады.
– Ендеше, осы қыс өзгерістерін мына тақтаға жапсырып көрсетеміз.
Балаларды бір-бірден шақырып, мақтадан жасалған қарларды жапсыру, аспанда қар жауып тұрғанын жапсырып көрсету.
– Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?
– Аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз.
– Ал, ендеше маған «қыс» туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Қыс келді, қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Жол аппақ түске енді,
Аралап қайтайық.
Ақ күміс бақтарды.
Аралайды бақшаны.
Үзілмейді жақсы әні,
Гүлденеді бақшалар.
Жаусын-жаусын ақша қар.
Мұғалім: Өте жақсы. Қыс туралы жақсы білесіңдер. Ал, енді бізге және бір сыйлық келіпті. Осы сыйлықты ашып көрейін, ішінде не бар екен?
Ішінен хатты алып көрсетеді.
– Ал сол хаттың ішінен балаларға арналған «аққаланың» сыйлығы екен.
– Аққаланың сөзі: – Сәлеметсіңдер ме, балалар мен сендердің достарың – аққаламын. Сендер мені ұмытқан жоқ шығарсындар. Сендерге жаңа жылда қонаққа келгенмін.
– Ертегі жақсы көресіңдер ме?
– Мен сендерге, сыйлыққа «Ормандағы үйшік» ертегісіндегі достарымды жібердім. Көріп тамашалаңдар. Мұқият тыңдаңдар.
– Осы кезде, топқа «Ормандағы үйшік» ертегісінің кейіпкерлері кіріп, балалар сахналап қойылым көрсетеді.
(Тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю кейіпкерлерін көреді).
Мұғалім: Өте жақсы, балалар қандай ертегі тыңдадыңдар?
– « Ормандағы үйшік».
– Қандай аңдар бар екен?
– Қоян, түлкі, бақа, тышқан аю.
Сергіту сәті: Орман жаққа шықтық тық-тық,
Біреулер жүр тық.
Түлкі екен деп қалдық тық.
Үйге қарай зыттық тық.
– Осы ертегіні түсінсек, мына тақтаға жапсырып айтып көрсетейік. (3-4 баладан шығарып, суреттерді жапсыра отырып ертегіні қайталайды).
– Осы ертегіні жапсыру сабағында жалғастырамыз. Жұмыс барысын түсіндіру.
– Ал енді, балалар әрқайсымыз орнымызға отырып, жұмысымызға кірісеміз.
– Мына үстелдің үстінде мақта, салфетка, желім, таяқшалар тұр.
– Қағаздың жоғарғы бөлігіне мақтамен аспанды бейнелейміз.
Астыңғы бөлігіне, жердегі қарды жұлмалау әдісімен жасалған салфетканы пайдаланып, жапсырамыз. Ортаңғы бөлігіне үйшігімізді орналастырамыз. Үйшікті таяқшадан құрап, жапсырамыз.
Балалармен жұмыс.
Балалардың жұмыстарын талдау.
