О дыбысы мен әріпі

Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 19 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Айман Қайратқызы

Пәні: Сауат ашу  Тақырыбы: О дыбысы мен әріпі
Мақсаты: Оқушыларға   О дыбысы    мен әрпін   таныстыру; сөздерге  дыбыстық     талдау   жасауды  меңгерте  отырып,   дауысты , дауыссыз  дыбыстарды  ажырату; буын, сөз, сөйлем   ұғымдарын  меңгеруге   төселтумен  бірге  балаларды  үлкенді  сыйлауға, көркем жазуға  тәрбиелеу Сабақ көрнекілігі:  Оқулық. суреттер, О әрпінің баспа жазба түрі ; кеспе әріптер.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту.     Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап
Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі : ( амандасу, оқушыларды түгелдеу)
Психологиялық дайындық:          Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Мінеки, менің қолым
2.Өткен сабақты қайталау.
Ойын: «Кім жылдам?»
1.Берілген сөздерді оқу: ай,шай, айна, айран, ағай, Айнаш, Ғайша.
2.Оқыған сөздерге сөйлем құрастыру
3.Өткен сабақты  бекіту.
3.Жаңа сабақ: О дыбысы мен әрпі.
Жаңа сабаққа деген қызығушылығын    ояту.
Орынай  мен  Орынгүл
Орынай  мен  Орынгүл  ауыл  сыртындағы  көгалға   гүл   теруге   шықты .Әдемі   қызғалдақ,сарғалдақ  гүлдеріне  қызыққан  екі  қыз  ауылдан    ұзап   кетті.Сөйтіп  гүлдерді   қызықтап  келе   жатып   алдында  жатқан  кірпіні   көрген  Орынай   қатты    қорқып   айқайлағанда «О  – о –о»-деген  әріп   естіліпті. Дауысы  еркін,  қатты  шығыпты .  Оны  естіген  Орынгүл   Орынайдың   қасына  жүгіріп   келсе,  кірпі   өз  жолымен  кетіп бара  жатқан    еді.
Қыздар   кірпіні   қарап  қызықтап   ұзақ  тұрды. Міне,   сөйтіп   гүл  теруге  шыққан  Орынай  мен  Орынгүл  «О» – әрпін  бізге  сыйға   тартыпты.
Біздің   бүгінгі   өтетін    әрпіміз  О дыбысы  екен.
–    О әрпін хормен айтып көрейікші. О қандай дыбыс? Не себепті?
Отан – жерім , Отан –  суым
Отан –  қуат   нәр   береді .
Отан –  ұран, Отан –   туым.
Отан   мәңгі    гүлденеді.
О әрпінен   басталатын   сөздер   айтамыз. (От,  ошақ,  орақ,   орындық,   оймақ, ою,  орамал.)
Сөздерді   буынға   бөлеміз. Сөйлем   құрау
Сергіту сәті
Иіп беліңді
Соғып қолыңды.
Жүгіріп шынығып
Өсір бойыңды
Талдау
Т О Ғ А Й
Буындық талдау жасау. (ашық, тұйық, бітеу)
Берілгені: тоғай сөзінде барлығы қанша дыбыс, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін бізден сұрайды?
Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті:
Қане қанат қағайық
Көгершінге ұқсайық
Ұшып-ұшып алайық
Әдемі етіп жазайық.
Тақтаға жазып көрсету
Ауада жазу
Дәптерге жазу
Қорытынды
– Қандай дыбыспен таныстық?
– О қандай дыбыс?
Үйге: о әрпіне қатысты сөздерді буындап оқу
Сабаққа қатысқан оқушыларды атап өту.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше