Бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулық

БҚО. Теректі ауданы. Подстепное ауылы,
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің
бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Бердібеков Дамир Жұмантайұлы

                                                       ” Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет ”
Н.Ә.Назарбаев.

Мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – бүгінгі күннің талабына айналғаны сөзсіз. Сол себептен қазіргі таңда  электронды оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді.

Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту, яғни жаңа ақпараттық технологиялар  – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi.

Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi термин сөздер бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.

                Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, ақпараттық ізденіс қабілетін дамытуға, сонымен қатар шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

                Осындай мақсатты алға қоя отырып бейнелеу пәні мұғалімдеріне (5-6 сыныптар), оқушыларға және жас суретшілерге арналған электронды оқулығын жасауды қолға алған болатынмын. Электронды оқулық негізінен мектеп бағдарламасына арналған оқулықтар бойынша дайындалды. Электронды оқулық Macromedia Flash, Adobe Fotoshop және CorelDRAW бағдарламалары көмегімен жасалды.

Мұнда оқушылар жалпы бейнелеу өнер саласын танып білуі қарастырылады. Бұл электронды оқулық бойынша бейнелеу өнерінен оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Онда баланың ой-өрісін дамытып, еңбекке деген ынта-ықыласын  нығайту және мамандықты саналы түрде таңдай білуге үйретеді. Оқушыларға есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салдыру арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын тереңдетуге мүмкіндік туғызады. Затқа қарап сурет салу барысында оқушылардың байқағыштық қабілеттерін шыңдап, үйлесімдік шешім табуға, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді.

    Бұл оқулықтың жалпы мазмұнына қысқаша тоқтала өтсек:

 –  Түрлері бөлімі бойынша бейнелеу өнерінің кескіндеме

    (кескіндеме түрлері), графика (графика түрлері), мүсін өнері

    (мүсіндеу  түрлері), сәулет өнері (сәулеттік өнер түрлері), дизайн 

    және халықтық  сәндік қолданбалы өнері (қолөнер түрлері)

    жайында материалдар қарастырылған;

 –  Бейнелеу жолдары бөлімінде бейнелеу саласының негізгі 

     ережелері  сызықтық бейнелеу, реңдік бейнелеу, орналастыру,

     үйлестіру, затқа қарап сурет салу, елестетіп салу және

     перспектива заңдылықтары туралы;

  – Шығарманың ең бір басты және жалпы ерекшеліктеріне,

     мазмұнына қарай бірігуіне байланысты жанрлық құрылым

     кірістірілген (натюрморт, пейзаж, портрет, батальды жанр 

     және анималистік жанр);

  – Бояулар әлемі бойынша түрлі түсті қарындаштар, акварель,

     гуашь, пастель, майлы бояу және түстер үйлесімділігі жайлы

     түсінік беріледі;

  – Суретшілер бөлімінде Қазақстан халық суретшілерінің қысқаша 

     өмірбаяны мен шығармаларын, сонымен қатар қазақтың бейнелеу

     өнерімен танысып өтіледі;

  – Тапсырма бөлімі бойынша өзіңіз қалаған кез келген еркін

     тақырыпта компьютер арқылы сурет салуға және электронды

     тест тапсыруға мүмкіндігіңіз бар. Қолданушы электронды

     оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып, белгілі

     тақырыпқа берілген тест сұрақтарына жауап береді және сурет

     салады;

  – Термин сөздер. Бейнелеу өнеріне қатысты терминдерінің қысқаша

     түсіндірме сөздігі. Қолданушы түсiнбеген сөздi термин сөздер  

     бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне болады;

  – Авторы. Толықтырулар мен енгізулер болса осы бөлімде

     автормен байланыс мекен-жайы қарастырылған.

Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше