Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның география пәні мұғалімі
Дюсалиева Диана Ержановна
Сынып: 8 а Күні: 18.02.11.
Тақырыбы: № 39 Сарыарқа
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты – Қазақтың ұсақ шоқысының географиялық орнын анықтай алуға, картадан көрсетіп сипаттай білуге, геологиялық құрлысын, ондағы пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын, климатының ерекшеліктерін, ішкі суын, жер бедерін, табиғат байлығының арасындағы байланысты аша білуге дағдыландыру;
Дамытушылық мақсаты — Өз бетімен білім алу қабілеттілігін дамыту. Оқушылардың тақырыпқа байланысты көзқарастарын, дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты – Табиғатты аялап, қорғау қажеттілігін көздейтін экологиялық тәрбие беру. Оқушыларды табиғат әсемдігін сезіну мен сүюге баулу негізінде сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: оқыта-үйрету, деңгейлеп, саралап оқыту әдісін қолдану, сұрақ- жауап баяндау.
Сабақ көрнекілігі: Слайд – фильм, Қазақстанның физикалық, климаттық картасы.
Сабақтың жоспары: I кезең — ұйымдастыру (2 мин)
II кезең — үй тапсырмасын тексеру (15мин)
III кезең – жаңа тақырыпты меңгерту (20мин)
IV кезең – білім мен икемділікті бекіту (5мин)
V кезең – үйге тапсырма беру ( 3 мин)
VI кезең – бағалау кезеңі
VII кезең – қорытындылау
Сабақтың барысы:
I кезең — ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II кезең — үй тапсырмасын тексеру. Тест, географиялық диктант, карточка.
I — нұсқа
1. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының қандай бөлігі енеді?
Д) Оңтүстік шығыс
2. Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр төмен жатыр?
Е) 132
3. Наурызым қорығы қай жазықта орналасқан?
Б) Солтүстік Қазақ жазығында
4. Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзендері?
А) Ертіс, Есіл, Тобыл
5. Қара топырақты зона Қазақстанның аймағында тараған
А) Солтүстік
6. Қазақстанның дала зонасының жылдық жауын-шашын мөлшері (мм) :
B) 220-310
7. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шөл зонасының өсімдігі:
E) Дермене жусаны
8. Қазақстан аумағы табиғат зоналарында орналасқан
D) Орманды дала, дала, шөлейт, шөл
9. Орманды дала зонасында өсетін ағаштар
В) Қайың, көктерек
II -нұсқа
1.Қазақстан аумағының % дала зонасы алып жатыр
В) 29
2. Шөлейт зонасының негізгі топырағы
А) Ашық қара қоңыр
3.Қазақстан аумағының 44%-н алып жатқан табиғат зонасы
D) Шөл
4.Каспий маңы ойпаты осы аймақтың құрамына енеді:
D)Шығыс Еуропа жазығы
5.Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы:
C)Мұнай, газ
6.Сарыарқа мен Мұғалжар аралығында орналасқан:
A) Торғай үстірті
7.Тұран жазығының климаты:
E) Құрғақ континентті
8. Табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан аумағы табиғат аудандарына бөлінеді
А) 9
9.Каспий маңы ойпаты кіретін жазық
А) Шығыс Еуропа
Географиялық диктант
1) Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығыс бөлігі енеді.
2) Тұран жазығы құрамындағы Торғай үстірті ғана дала зонасын кесіп өте алады.
3) Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі төрт ауданға бөлінеді.
4) Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы мұнай мен газ.
5) Наурызым қорығы Солтүстік Қазақ жазығында орналасқан.
6) Қарақия ойысы Тұран жазығында орналасқан.
Карточка
1. карточка а) Каспий маңы ойпатының негізгі байлығын ата?
б) Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр төмен жатыр?
в) Қазақстан аумағы табиғат зоналарында орналасқан
2. карточка а) Орманды дала зонасында өсетін ағаштар?
б) Қара топырақты зона Қазақстанның аймағында тараған?
в) Наурызым қорығы қай жазықта орналасқан?
III кезең – жаңа сабақ. Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.
Сарыарқа
Жоспар: 1.Географиялық орны
2. Геологиялық құрылысы, жер бедері
3.Пайдалы қазбалары
4. Климаты
5. Өзендері мен көлдері
6. Табиғат зоналары
7. Өсімдіктері мен жануарлары
1. Географиялық орны. Сарыарқа – өзіндік табиғи бітім-болмысымен дараланатын, кесек тарихы, оқшау ерекшелігі бар, уақытпен бірге жаңғырып-жасарған мекеннің бірі. Бұл өте байтақ мекен, бай мекен. Егер Қазақстанның географиялық картасына зер салсақ, оның орта тұсынан мыңдаған шақырымға созылған адырлы аймақты көреміз. Солтүстігінде Батыс-Сібір ойпатынан басталып, оңтүстігінде Тұран ойпатымен, шығысында Сауыр Тарбағатай тауы жүйесімен, батысында Торғай жазығына дейін созылған, алып жонды ертеден-ақ халқымыз Сарыарқа деп атаған. Қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа» атты күйі бар. Бұл күйде алтын даланың суреті бейнеленіп қана қоймай, Сарыарқада еркіндік ізденген қазақ халқының жаны бар.
Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері толық, Солтүстік Қазақстан (оңтүстік бөлігі), Павлодар, Шығыс Қазақстан (батыс бөлігі), Қостанай облыстарының біраз жері кіреді. Батыс бөлігінің ені 900 шақырымнан астам, шығыс бөлігінің ені 400 шақырымға жуық. Сарыарқа – аласа таулы, төбелі, қырқалы, шоқылы, бұйратты жазық.
Батыстан шығысқа 1200 шақырымға созылып жатыр.
2. Геологиялық құрылысы, жер бедері. Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген. Облыс аумағының геологиялық дамуы күрделі және ұзақ болды, сондықтан ол тектоникалық күрделігімен және құрылым элементтерінің жастық алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл бөліктегі ең биік тау – Қызыларай, оның ең биік нүктесі Ақсораң (1565м).
Қызыларай тауы Қазақстандағы кен көлемде мекен ететін арқарлардың жері. Одан солтүстікке қарай Қарқаралы тауы, оның ең биік нүктесі Жиренсақал (1403 м).
Қарқаралы территориясында Қарқаралы атты ұлттық саябақ бар.
Егерде тарихқа сүйенсек «Қарқаралы» деген атау, «Қарқары» деген ертедегі қазақ қыздарының бас киімінен шыққан.
Одан кейін Кент тауы, оның ең биік нүктесі Шаңкөз (1460м),
Одан әрірек Баянауыл (950м). Баянауыл территортясында Баянауыл ұлттық саябақ орналасқан. Шығысында Шыңғыстау тауы орналасқан (1300м). Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Сарыарқаның территориясында тегіс және ойыс жерлер көп. Мұндағы ірі ойыс – Теңіз Қорғалжың қазаңшұнқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатыр: Бурабай және Ұлытау (1134м).
3.Пайдалы қазбалары. Сарыарқа – пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өңдірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қонырат және Саяқ кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жезқазған, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі метталлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Ақсуда ас тұзы өндіріледі.
4. Климаты. Сарыарқа Еуразияның орталығында орналасқан. Оған айтарлықтай дәрежеде радияциялық факторларға тәуелді шұғыл континенттік, ылғалдығы жеткіліксіз климат, сондай-ақ оңтүстікке қарай тез өсіп отыратын қуаңшылық тән.
Сарыарқаның солтүстігінде қаңтардың орташа ауа температурасы -22°, оңтүстігінде-150, шілдеде тиісінше 20° және 25°. Қысқы минимум температура -50° дейін болады, ал жазғы максимум температура 40°-тан асады. Ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы 35°-тан артады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 300-350 мм, оңтүстігінде 150-200 мм. Аласатаулы алқаптар ылғалды желдердің бір бөлігін ұстап қалады және сондақтан Көкшетау мен Қарқаралы алқаптарында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері көпжылдық есеп бойынша 400 мм-ден артады. Жауын-шашынның басым бөлігі солтүстігі мен орталық бөлігінде жылы кезеңге, ал оңтүстігінде қыс мерзіміне келеді. Солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы қарашаның орта кезінде, ал оңтүстігінде әдеттегідей желтоқсанда түседі. Булану барлық жерде жауын-шашынның мөлшерінен асып тұрады.
5. Өзендері мен көлдері. Басты өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу, Тоқырауын т. б. Өзендері қар суымен қоректенеді, көктемде тасып, жазда құрғап кетеді. Негізгі көлі Бурабай.
6. Табиғат зоналары. Сарыарқа жері дала, шөлейт, шөл зоналарына кіреді.
Қорғалжын қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған.
7. Өсімдіктері мен жануарлары. Сарыарқаның жануарлар әлемі далалар мен аласа таулы өлкелерді, сондай-ақ, көптеген тұрақты және уақытша су көздері — өзендер мен көлдерді мекендейтін түрлерге бай. Орманды-далалы өңірлерде кеміргіштерден түрлі тышқандар; жыртқыштардан сілеусін, түлкі, қасқыр; қояндардың ақ және сұр түрлері; тұяқтылардан елік пен бұлан кең тараған. Кәсіптік-аңшылық мәні бар құстардан бұлдырық пен шіл, құр көп болса, жыртқыш құстардан қаршығалар мен мола бүркіті жиі кездеседі. Далалық өлкелерде кеміргіштерден суыр мен саршұнақ; жыртқыштардан дала күзені; құстардан бозторғай; қанатты жыртқыштардан дала бүркіті мен тұрымтай көбейе түседі. Сарыарқаның оңтүстігіне қарай құм тышқаны мен қосаяқ, шөлейт қасқыры мен шөлейт аккісі, әсіресе рептилиялардан сұр геккон, дала агамасы, жүйрік кесіртке сияқты шөл мен шөлейт жануарлары кеңірек тарайды. Өзен-көлдерде шортан, аққайран, табан, т.б. көптеген балық түрлері бар.
IV кезең Бекіту сұрақтары.
1. Сарыарқаның ең биік тауы? (Қызыларай)
2. Сарыарқа қандай аудандармен шектеседі? (Солт. Қаз. ж., Тұр., Тор., Сауыр)
3. Сарыарқа өлкесі қандай таулардан тұрады? (Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау)
4. Қарқаралы тауының шығу тарихы? (Қарқара қазақ қыздарының бас киім)
5. Сарыарқа өлкесінде қандай пайдалы қазбалар бар? (Тас көмір, мыс, темір, марганец)
6. Сарыарқаның негізгі өзендері? (Есіл, Нұра, Сарысу)
7. Сарыарқада қандай жануарлар мекендейді? (Қасқыр, түлкі, киік, дала тышқаны)
8. Сарыарқада 1968 жылы құрылған қорық? (Қорғалжын)
V кезең Үйге тапсырма: № 43 Сарыарқа. Пайдалы қазбаларын кескін картаға түсіру.
VI кезең – бағалау кезеңі
VII кезең – қорытындылау
Географиялық диктант
1) Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының ……………. ………….
бөлігі енеді.
2) Тұран жазығы құрамындағы ………… ………… ғана дала зонасын кесіп өте алады.
3) Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі …….. ауданға бөлінеді.
4) Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы ………… мен …….
5) Наурызым қорығы …………. …………….жазығында орналасқан.
6) Қарақия ойысы …………. жазығында орналасқан