Ақтөбе қаласы, №40 жалпыға білім беретін мектебі
Физика пәнінің мұғалімі Қолғанатова Әлия Жүгінісқызы
Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстағы, техникадағы күштерді есептеу
Cабақтың FLP нұсқасын жүктеп алу:
- Тұрмыстағы, техникадағы және тұрмыстағы жылу құбылыстарын есептеу. (flp)
- Тұрмыстағы, техникадағы күштерге есептер шығару. (flp)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың күш туралы білімдерін бекіту және күш түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. 2. Есептеулерде формуланы тиімді қолдануға, есеп мазмұнына сәйкес тақырып формуласын таңдай білуге қалыптастыру. 3. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, Жауапкершілікке және жүйелі ойлауға баулу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы Сабақтың типі: Сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, пирамида, ту, Азиада ойындарының суреті.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, жоқ оқушыларды түгелдеу. Кезекші міндетіне көңіл бөліп, оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№ Физикалық сұрақтар Формула
1 Ауырлық күші дегеніміз не?
2 Үйкеліс күші дегеніміз не?
3 Серпімділік күші дегеніміз не?
4 Салмақ дегеніміз не?
5 Денеге қарама-қарсы күштер әсер етсе, тең әрекет күші қандай болады?
6 Денеге бір бағытта күш әрекет ететін болса, тең әрекет күші қандай болады?
7 Үйкеліс күшінің түрлерін ата.
ІІІ. Негізгі бөлім:
«Пирамида» ойынында деңгейлік тапсырмалар бойынша есептер шығару.
№ 1. Суреттік есептер. (75-76 беттер).
Динамометрлерге әсер етуші күштің мәнін есептеңдер.
№ 2. І топ: Ит жеккен шананың қар үстімен қозғалған кездегі жұмсайтын ең үлкен күші 0,5 кН. Егер үйкеліс коэффициенті 0,1 болса, жегілген иттер массасы қандай жүк тиелген шананы сүйрей алады?
№ 2 ІІ топ: Ауыр жүк тартатын жылқы жарысында массасы 240 кг жүкті
жеткізді. Аттың тарту күші 1,2 кН деп есептесек, үйкеліс
коэффициентін табыңдар.
№ 3. І топ: Бөлмеге ілінген шам төбеге 60 Н күшпен әсер етеді. Шамның
массасы қандай?
№ 3. ІІ топ: Серіппеге массасы 2 кг дене ілінгенде, серіппе 2 см-ге ұзарды.
Серіппе қатаңдығын есептеңдер.
№ 4. І топ: 320 Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 8 мм-ге
сығылды. 1800 Н күш әсерінен жүктемеде сол серіппе қанша
милиметрге сығылады?
№ 4. ІІ топ: Динамометрдің серіппесі 4 Н күштің әсерінен 5 мм-ге ұзарды.
Осы серіппенің 12 мм-ге ұзаруына әсер еткен күшін
есептеңдер.
№ 5. І топ: Массасы 70 кг адамның Жердегі және Марс планетасындағы
салмақтарын есептеңдер.
№ 5. ІІ топ: Массасы 60 кг адамның салмағы 96 Н болса, адам қайда
болған?
IV. Қорыту: Топ басшылары ортаға шығып, топ намысын қорғайды.
Азиада ойындарындағы мәнерлеп сырғанау кезіндегі үйкеліс
күшін және шаңғымен қар арасындағы үйкеліс күшін есептеу.
№ 6. І топ: Массасы 45 кг спортшы мұз бетімен мәнерлеп сырғанады. Болат
мұз бетімен сырғанау үйкеліс коэффициенті 0,015 болса, үйкеліс
күшінің мәнін есептеңдер.
№ 6. ІІ топ: Массасы 55 кг спортшының шаңғымен қар үстіндегі қозғалысы
кезіндегі үйкеліс коэффициенті 0,01 болса, үйкеліс күші
қанша болады?
V. Үйге тапсырма: Тұрмыстық, техникалық есептер құрастыру.
VI. Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысымы және белсенділіктері
ескеріліп бағаланады.