Ақтөбе қаласы, № 40 орта мектебінің технология
пәнінің мұғалімі Колганатов Болатбек Жугинисович
Сабақтың тақырыбы: «Тауық сирақты үйшік»жасау.
Сабақтың мақсаты: 1. Тауық сирақты үйшік жасау технологиясы туралы түсінік беру. 2. Теориялық білімдерін практикалық жағдайда тиімді Қолдануға дағдыландыру. 3. Оқушыларды ептілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың типі: практикалық
Көрнекіліктер: сызғыш, қалам, 10мм шегелер, 0,4,6 нөмірлі қағаздар, 801 ПВА желімі, балға, ара, 8 мм-лік фанера, бөрене ағаш, лак, бояу, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгелдеу, кезекші міндетіне көңіл бөлу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2. Жаңа сабақ:
а) Ой толғау: Оқушылар сызбаға өздерінің ойларын түсіреді.
домбыра баспалдақ
нан салғыш үйшік
бесік
ә) Теориялық бөлім:
шеге түрлері қауіпсіздік ережелері
ағаш түрін таңдау желім түрлері
зімпара қағаздарының түрлері
1. Қауіпсіздік ережелері
Өндірісте еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Жарақат алудың, жайсыз жағдайлардың санын азайту үшін жүйелі түрде қауіпсіздік ережесін меңгеріп, күнделікті орындалған, жоспарланған жұмыстарды бақылауға алып және жұмыс орында инструктаж жүргізіп тұру керек.
Жұмысқа қатысушы әрбір адам қауіпсіздік ережесін білуі және орындауы қажет.
2. Ағаш өнері
Көркемдік жұмыстардың ішінде халқымыздың ең көп тараған өнердің бірі – ағашпен жұмыс жасау. Көшпенділер ағаштан тұрмысқа, мал шаруашылығына қажетті әр түрлі бұйымдар жасаған. Ағаш оюшыларды – ағашшы, ағаш шебері деп атаған. Ағаш шеберлері ағаштан азық-түлік салатын ыдыстар, төсек, бесік, қымызға арналған тостағандар, т.б. жасады. Ағаш бұйымдарының ішінде сандық, жүкаяқ, күбілердің орны ерекше болған. Ағаш – қазіргі кезде шеберлердің көп қолданатын материалы. Ағаш материалымен жұмыс жасағанда қолданылатын ағаш түрін таңдау және жарамдылығы ескеріледі. Сызатсыз, бұтақсыз, шірігі жоқ, жақсы кепкен дайындаманы өңдейді. Іс жүзінде барлық ағашты (қатты ағаш, жұмсақ ағаш) өңдеуге болады. Ол үшін әрбір ағаштың қасиетін білу керек. Ағаштан жасалатын бұйым түріне қарай ағаш түрі таңдалады. Жұмыс жасарда мынадай жағдайлар ескеріледі: жұмыс сызбасымен, технологиялық мәліметтерімен танысқаннан кейін дайындаманы жасауға кіріседі.
Технологиялық мәлімет картасы
Операция түрі Орындалуына сілтеме
1. Дайын білеушеге ойықтар салу Көрсетілген өлшем бойынша дөңгелеу білеушелерді егеу, кесу
2. Қабырғаларға дөңгелек білеушелерді белгілеу және дайындау Екі шетінен 10 мм шегініп білеушелердің дөңгелек егеумен ойып керту
3. Үйшік тұрғызатын қабырғаларды құрастыру Қабырғаларды бұранда шегелер арқылы бекіту
4. Үйшік тұрғызатын тауық аяғын дөңгелек білеушеден дайындау Еденге бұранда шегемен бекіту
5. Тауық аяғының басын құрастыру Құрастырғанда желіммен немесе шеге арқылы бекіту
6. Шатырдың қабырға бөлігін дайындау Үшбұрыш тәрізді екі дана жасау
7. Шатырдың үстіңгі бөлігін өңдеу Төртбұрыш тәрізді екі дана жасау
8. Еден өлшемін аралау және бекіту нүктесін белгілеу Еденді қабырғаға желіммен немесе шегемен біріктіру
9. Соңғы қорытынды саты Бұйымды зімпара қағазымен тегістеу және сырлау
ІІІ. Практикалық бөлім:
Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, оқушылар техникалық құралдармен тауық сирақты үйшік бөлшектерін дайындайды.
IV. Қорытынды:
Оқушылар жасаған жұмыстары бойынша талдап, өздерінің қорытынды ойларын айтады.
V. Үйге тапсырма: Техникалық мәлімет картасын дәптерге түсіру.
VI. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысымы, белсенділіктері ескеріледі.