Шынайы махаббаттың қос шынары
ШҚО Семей қаласы, Новобаженово ауылы,
Айткеш Ибраев атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі Бейсембаева Нұргүл Тоғызбайқызы
9-сынып. Әдебиет.
I.Сабақтың мақсаты: Шынайы махаббаттың қос шынары.
II.Мақсаты: Ескінің құрбаны Қозы мен Баян-пәк, таза махаббаттың мәңгілік бейнесі екендігін ұғындыру. Екеуінің бойындағы бір-біріне деген адалдықты, сүйіспеншілікті насихаттау, оқушы жүрегіне жеткізу.
Дамытушылық мақсаты: »Іңкар махаббатты аңсаған Қозы мен Баянның қасиеттерін қазіргі жастарға, болашақ ұрпаққа уағыздау арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке,адалдыққа, төзімділікке, өлмес махаббатты қадірлей білуге баулу.
III.Әдіс –тәсіл:Баяндау, сұрақ-жауап.
IV.Сабақтың түрі:пПікірталас, сұрақ-жауап, аралас сабақ.
V.Көрнектілігі: Сұрақ-жауап жазылған плакат, суреттер көрініс, графопроектор.
VI.Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасы
3.Жырдан үзінді. Көрініс
4. «Шынайы махаббаттың қос шынары» пікірталас.
1.Оқушылыарды өзіме қаратуы үшін, Абай атамыздың мына өлеңімен бастаймын .
Ақырын үнтаспадан күй естіледі.
Кейде есер көңіл құрғырың,
Махабат іздеп талпынар.
Ішем деп бейнет сусынын,
Асау жүрек алқынар.
Тартқан бейнет, өткен жас,
Жүректің отын сөндірмес.
Махабат-өмір көркі рас,
Өлген соң ол да ,үндемес
дегендей, шынайы махаббат сүйіспеншіліктің иелері Қозы мен Баянның адал махаббатын насихаттау мақсатында, халық өзінің асыл арманының ескерткіші ретінде оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,біздің заманымызға жеткізді.
Сондықтан оқушылар ой- толғасын ортаға салу арқылы махаббатты қадірлеуге баулу.
Үй тапсырмасы.
Оқушылардың жырды оқығанын білу үшін жырдан келтірілген, салынған суреттерді оқушыларға көрсету арқылы білімдерін тексеру.
1-сурет.С арыбайдың өліп жатқан кезі.
2-сурет. Қарабай мен Сарыбайдың уәделесіп отырғаны.
3-сурет.Айбастың Қодарды аттың үстінен жұлып алған суреті.
4-сурет.Қозының таз кепті шешіп жатқан суреті.
Көрініс .Жырдан үзінді
Қозы мен Баян бойындағы қасиеттерді мына екі модельдер бойынша талдау
Аңғал
көрікті Намыскер
Айлакер Қозы Бірбеткей
Батыр
Махабатқа тұрақты
Күшті
Өжет Көрікті,сұлу, ақылды
Махаббатқа берік Қайратты
Осы екі модуль бойынша оқушылар ойын ортаға салды
Пікірталас тудыратын сұрақтар:
1.Өз көрмеген, білмеген жанға Қозы неге ынтазар ?
2.Қозы мен Баянның бойындағы қасиеттерді қазіргі жастардан көре аласыңдар ма?
3.Қазіргі жастардың өздеріңе ұнайтын қасиетін ата?
Осы пікірлерден кейін оқушыларға тест-интервью жүргіземін.
Оқушылардың қолында 1,2,3 деген белгілер болады. Тест сұрағы тақтаға жазылады.
I. Қозының қай қасиеттері өзіңе ерекше ұнайды?
1.Махаббатқа беріктігі.
2.Алған бетінен қайтпауы.
3.Ата-дәстүрді сыйлауы.
II.Баянның қай қасиеттерін ерекше бағалайсың?
1.Ақылдылығын.
2 .Өжеттілігін .
3.Махаббатқа тұрақтылығын.
III. Баян мен Қозының бақытты бола алмауына себеп не?
1.Қозының әкесінің қайтыс болуы.
2.Қарабайдың қоныс аударуы.
3.Қодардың Баянды иемденуі.
Қорытындылау мақсатында Қозы мен Баянның бейітінің суретін көрсету арқылы мынадай сұрақтар қойылады:
1.Қозы мен Баян туралы қандай аңыз бар?
2.Бейіті қай жерде орналасқан?
VII. Үйге тапсырма: Қозы мен Баянға мінездеме жазу.
VIII. Бағалау.
