Щ дыбысы мен әрпі

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп,  Бастауыш сынып  мұғалімі
Қамысбаева Роза Дауылқызы

Сабақтың тақырыбы:  Щ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі:  Щ дыбысының жазба, баспа түрімен    таныстыру, оны дұрыс дыбыстату.
Дамытушылығы: Сөздерге дыбыстық талдау жасату мақсатында, оқушылардың сөздік қорын, ойлау, сөйлеу  қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтастыру.
Көрнекілігі: Тірек-сызбалар, Щ дыбысының баспа және жазба түлері, щёткалар, суреттер.
   Сабақтың жүрісі:
I.    Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң достым
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн бізге
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Сабаққа сегізде келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Әліппені 5-ке оқып,
Білімді оқушы боламыз дегенбіз.
II.    Ой шақыру стратегиясы.
–    Кеше қандай әріппен таныстық.
–    Э дыбысы мен әріпі
–    Қане, сол Э дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші
–    Экран, экспресс, экипаж, элеватор, электр.
–    Э дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
–    Дауысты.
Қане, балалар дыбыс дегеніміз не?
Дыбысты естиміз, айтамыз.
–    Әріп дегеніміз не?
Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.
–    Олай болса балалар мен сендерге қазір жұмбақ айтамын, мұқият тыңдап, жауабын шешеміз.
Түймесін басқан
Сәулесін шашқан.
(Электр шамы)
III.    Үй тапсырмасын тексеру
–    Ендеше, үйге қандай тапсырма берілді?
–    «Электр» өлеңін жаттап келу.
(2-3 оқушыдан сұрау)
–    Ендеше, оқушылар біз қазір «Сөз ойла, тез ойла» ойынын айтамыз. Ол үшін қазір біз сөзжұмбақ шешеміз.
Тақтаға жаздыру.

IV.    Жаңа сабақ.
«Топтастыру» стратегиясы.

«Ой қозғау стратегиясы»
–    Жуынғанда қандай құрал-жабдықтарды пайдаландық?
(Оқушыларға атату).
Тіс жуу үшін не қажет?
–    Тіс пастасы, тіс щёткасы
Аяқ киімімізді тазалау үшін нені пайдаланамыз?
–    Щётка.
–    Қане барлығымыз маған қараймыз.
Щётка түрлерін әкеліп көрсетемін. Әр щёткаға байланысты сұрақ қойып, жауаптарын тыңдаймын.
–    Қане, осы «щётка» сөзін буынға бөліп көрелік.
Щёт – ка    (2 буын, 5 дыбыс).
–    Таныс емес қандай дыбыс естіледі?
–    Щ щ (айттыру) Щ қандай дыбыс?
–    Щ дауыссыз дыбыс, ол кедергі арқылы айтылып тұр.
–    «Щётка» сөзінде щ дыбысы сөздің қай буынында?
–    1-буында, басында.
Щ дыбысы көбінесе орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Мысалы: щётка, борщ т.б.
–    Интерактивті тақтадан Щ щ дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп қою.

Өзім тақтаға Щ щ дыбысын жазамын.
–    Щ дыбысы бұрын өткен қай дыбысқа ұқсайды?
–    Ш дыбысына.
–    Айырмашылығы қандай?
–    Щ дыбысының аяғы бар.

Оқулықпен жұмыс.
–    Суретті слайдтап көрсету;
–    Сурет бойынша сөйлем құрату.
–    Қане, балаға ат қояйықшы?
–    Ол не істеп жатыр?
Щётка – дыбыстық талдау жасату.
5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз
3 көк текше, 2 қызыл текше.

1)    Экрандағы сөздерді өзім оқып беремін.
–    Сөздерді буынға бөлдіру, мағынасын аштыру.
Борщ – орамжапырақ, дәрумендер қосылып жасалатын сорпа.
Ащы – жуа ащы, бұрыш ащы.
Тұщы – ішетін суымыз тұщы.
Өзенсуы тұщы, ал теңіз, мұхит суы – ащы болады.
Осы біздің Маңғыстауда өздерің қандай теңізді білесіңдер?
–    Каспий теңізі.
–    Міне, балалар, осы Каспий теңізінің де суы ащы.
–    Біз бүгін осындай үлкен көлдің бірі – Балқаш көлімен танысамыз, яғни бүгінгі мәтіннің тақырыбы «Балқаш».
а) Слайдтан Қазақстанның физикалық картасынан Балқаш көлін көрсету;
б) Балқаш көлінің суреті;
с) «Алабұға» балығын көрсету.

1)    Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру;
2)    Оқушыларға тізбектей оқыту;
3)    1 оқушыға тұтас оқыту.
Мәтінге талдау жүргізу (сөйлем санын анықтату).
Мәтінде щ әрпі бар ма?
(оқушыларға таныстыру).
Сергіту сәті
Тазалық сақшысы                                    Айнаға қараймыз
Иіс сабын, орамал                                   Шашты да тараймыз
Қасында пастасы                                      Ас ішіп болған соң
Щёткасы тағы бар.                                   Мектепке барамыз.
(Әуенімен айту)

Интерактивті тақтадан:
«Щёткалар» өлеңін суретімен шығарып қоямын.

1)    Өзім мәнерлеп оқимын
2)    2 рет хормен оқыту
3)    Оқушылардан сұрау.
Жазу жолындағы сөздерді оқыту.                 (2 оқушыға).

–    Олай болса, балалар енді дәптермен жұмыс жүргіземіз.
–    Барлығымыз дәптерімізді ашамыз.
Бүгінгі өткен Щ  дыбысын ең бірінші ауада жазамыз.
(Өзім жазып көрсетемін).
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Бүгінгі өткен әріпті
Көркем етіп жазайық.
Дұрыс отыру ережесін еске салу, айту.
Дәптерді мадақтау.
V.    Сабақты қорыту.
–    Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
–    Ол қандай дыбыс?
–    Щ дыбыстан келетін сөздер атату.
Оқушыларды мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше