«Тәуелсіздік қасиетті Ұлы ұғым, Елің азат,сенің ғажап ғұмырың»

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылы
№25 орта мектептің Қазақтілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Нұрымбетова Назгүл Әділханқызы

Мақсаты: Жас ұрпақты ұлтжанды, елінің жерінің азаматы болуға дайын, белсенді тұлға ретінде қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып,оқушыларды Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Тәуелсіздік жолында құрбан болған жерлестерімізге тағзым етіп, олардың жасаған ерліктеріне бас иіп,үлгі тұту, мақтан ету. Болашақта Отанымызды өркендетуге тәрбиелеу.
Көрнекілік:  Көрнекі жазылған тақырып, Тәуелсіздігіміздің  20 жылдығына шығарылған буклеттер, желтоқсан құрбандарының суреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, бейнетаспа
Кеш барысы:

1-жүргізуші:
Республика ерлікті ел Қазақстан,
Келді ақыры көптен күткен жыл алыстан.
Келеді алыстан аңсап,армандатып,
Торды бұзған мен де бір нәз арыстан.
2-жүргізуші:
Армысыздар бар ма қауым халайық!
Көрерменмен сәлемдесіп алайық!
Тыңдаңыздар рұқсат болса сіздерден ,
Кешіміздің шымылдығын ашайық.
Тақырыбы деп атадық:
«Тәуелсіздік қасиетті ұлы ұғым
Елің азат,сенің ғажап ғұмырың»
Сын тақпаңыз болса егер бізде біраз толқу іс.
Балалардың даналығы болсын бізге қорғаныс.
Армысыздар ардақты ағайын, көрермен қауым!
Қазақтың ғасырлар бойы аңсап армандаған, жанкешті соғыстармен, есепсіз қырғындармен, орны толмас құрбандықтармен қол жеткізген тәуелсіздік күні құтты болсын.
Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай  ұйымдастырылған кешімізге қош келіпсіздер.
«Тәуелсіздік қасиетті Ұлы ұғым,
Елің азат,сенің ғажап ғұмырың»
атты салтанатты  кешімізді  бастаймыз.
Салтанатты кешімізді  ашу үшін сөз кезегі беріледі.
1-жүргізуші:
20 жыл болды, қалды артта тартқан азап,
Азат қазақ, бұл күнде азат қазақ
Нұрлы күні жарқырап көк аспанда ,
Күйге енді бостандықта әсем ғажап.
Монолог:
орындайтын « Менің Отаным -Қазақстан» атты монолог оқу сайысында ерекше көзге түскен оқушымызды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік бостандығың елің де,
Желбіреді көк тұлпарың көгіңде
Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге,
Теңестің халқым терезесі тең елге.
1-жүргізуші:
Тарихқа көз жүгіртсек,қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсың.Жүгі нарда,қазаны теңде болып көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап,қадірлеген.
Олар елі мен жері және ана тілі.
2-жүргізуші:
Ал, енді біз желтоқсанда тәуелсіздік үшін күрескен тұлғаларға тоқталайық.Өз елінің Тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар» деген күнә тағылды.
Көптеген студенттер Оқу орындарынан шығарылып, түрмеге қамалды , қаншама жастарымыз қыршын кетті десеңші.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлов, А.Асанова.,Е.Сәтбаев,С.Мұхамеджанова сынды қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
2-жүргізуші:
Өсер елдің әрқашанда бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзқа жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
1-жүргізуші:
Құр дүрлік емес, алаңға шығып талаптарын айта білген әрбір жас жайында бүгін толғанып әңгімелесек артық болмайды.
1-оқушы: «Құрбандарым»
2-оқушы: «Ләззат  Асанованы анасының жоқтауы»
3- оқушы. «Қайрат Рысқұлбековке»
Көшесінде бой түзеген бұрқақтары,
Ән салатын бозторғай шырқап тағы.
Тыныш  күйді толғана сөз етеді,
Тәуелсіздік төл тума ұрпақтары.
Ән:  «Туған жер»
2-жүргізуші:
Қоңыраулы  күлкіңмен сыңғырла  да,
Би билеген арулар мың бұрала.
Сыр құйылған өнерге адам түгел,
Таңдай қағып таңдансын байтақ дала.
Би: «Жібек жолы»  5-6 сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Желбіре, көгілдір ту, көк аспанды,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға .
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбарың айтсын сөзді адасқанға.
Хор: «Атамекен» орындайтындар 5 сынып оқушылары
1-жүргізуші:
Жастық жалын әлі маздап алаулар,
Боздақтарды,еске алғанда жасқа толар жанарлар.
Құрбан болған құрбандықтың жолында,
Ата алмаған әлі талай боздақтар
Естен оны шығармаңдар ей,адамдар.
Көрініс:  «Қайда барсам да, еліммен біргемін»
9 сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Бабаларым төкпей қан жаным үшін,
Тыныштыққа арналды барың-ісің
Тәуелсіздік дегенде тасты жарды,
Жүректегі кішкентай сағынышың
Қыздар хорының орындауында «Желтоқсан желі» әні
1-жүргізуші:
Қазақпыз деп тудың мынау өмірге,
Кәсіп істе жалқаулыққа берілме.
Керек емес күншілдік пен надандық,
Керек елге тазалық пен адалдық.
Көркем сөз :  «Тәуелсіздік –тірегім»                                                                                                                                                       атты ақындар мүшәйрасында  1 – ші орын иемденген оқушымыз «Тәуелсіздік тәңір берген тәтті сый» тақырыбында өз өлеңін оқиды.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егмендік ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын, қуаныш!
Қорытынды:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің  мәңгілік сақталады.
«Біздің бабаларымыз Қазақстанның кең байтақ жерін, төл тума мәдениетін бізге мұра етіп қалдырды. Еліміздің келешегі, Қазақстанның ертеңі біздің  қолымызда. Соны дамытатын жүзеге асыратын мына тұрған бізбіз!» Тағы  да тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын деген тілекпен
«Тәуелсіздік қасиетті Ұлы ұғым,
Елің азат,сенің ғажап ғұмырың»
атты  кешімізді  осымен аяқтаймыз.
Хош, сау болыңыздар

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше