Қадірлісің салт-дәстүр, Қымбатты асыл қазынам
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылы
№25 орта мектептің Қазақтілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Нұрымбетова Назгүл Әділханқызы
Тақырыбы: « Қадірлісің салт-дәстүр, Қымбатты асыл қазынам»
Мақсаты: 1) Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет- ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;
Көрнекілігі: Ұлттық бұйымдар, ұ лағатты сөздер, шарлар
Барысы:
Сәлеметсіздер ме құрметті жиналған қауым! Сіздерді Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Осы басты тақырыбымыз болып табылатын Тәуелсіздік туралы қысқаша айтып өтетін болсақ, тәуелсіздік таңы оңайлықпен атқан жоқ.
Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз тәуелсіздік пен еркіндіктің таңын аңсап келген.
Кәзіргі таңда құдайға шүкір сол көксеген арманға қол жеткіздік . Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, қос білектің күшімен қорғаған бабаларымыз бен кешегі желтоқсан көтерілісінде ерлік көрсетіп қыршын кеткен қазақ жастарының арқасында қол жеткіздік. Міне содан бері 20 жыл! Осы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай өткізіліп жатқан «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖИЫРМА ШЫҢЫ» – 20 жұлдызды күндер аясында өткізілетін іс-шарамыздың бүгінгі күні «Дәстүр» деп аталады.
Осы ойды негізге ала отырып, біз бүгінгі 6-8 сынып оқушылары арасында
« Қадірлісің салт-дәстүр,
Қымбатты асыл қазынам» атты
халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында сайыс өткізгелі отырмыз.Әділ-қазылар алқасы бізде жоғарыда отырған апайларымыз. Құрметті апайлар бүгінгі сайысты бағалау, саралау сіздердің құзырларыңызда. Бүгінгі сайысымыз топтық түрінде өтеді. Яғни біздің оқушыларымыз үш топтан құралған. Олар 6 сынып оқушыларынын құралған «Қыран» тобы,7 сынып оқушыларынан құралған «Атамекен » тобы, 8 сынып оқушыларынан құралған « Көмбе» тобы. Бірінші кезең «Танысайы кәнекей» деп аталады. Кәнекей топтар өздерін таныстырып өтсе сөз кезегі өздеріңізде:
1) 6 сынып оқушыларынын құралған «Қыран» тобы
2) 7 сынып оқушыларынан құралған «Атамекен » тобы
3) 8 сынып оқушыларынан құралған « Көмбе» тобы.
1- бөлім: «Танысайық кәнекей» Топтар өздерін таныстырады
Мұғалім:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен кіші балдырған -демекші қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттердің ең бастысы -өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы, ұрпақ тәрбиелеу.Ол жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтың салт-дәстүрлерінің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Күнделікті өмірде «Қазақ халқының салт- дәстүрі мен ғұрыптары» деген сөздерді біз жиі естиміз.Оның аясында ұлттық болмыс, ұлттық тәрбие жатқаны түсінікті. Осы салт, дәстүр, ғұрып деген сөздердің негізгі түсінігі не, ол бір-бірінен несімен ерекшеленеді деген сұрақтарға жауап беру мақсатында біз әр топқа тапсырма бергенбіз.Ендеше топтар тапсырманы қаншалықты орындады екен көрелік.
2) Ал, кәнекей бірінші болып 6 сынып оқушыларынана құралған « Қыран » тобына кезек береміз.
Дәстүр
Ол халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім – тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.Ендеше біз қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек:
1) Базарлық( дәстүр)
2) Байғазы( дәстүр)
3) Тілашар (дәстүр)
4) Тыштырма (дәстүр) көрініс
Енді құрметті « Қыран » тобы сіздерге берілген тапсырма бойынша осының ішіннен бір дәстүрді көрініс түрінде тамашаласақ.
Екінші топ: 8 сынып оқушыларынан құралған « Көмбе » тобы
Сіздерге « ғұрып» туралы тапсырмасы берілген болатын.
Ғұрып
Қазақтың өмір салты, өрен салтын т.б қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
1) Ат қою(ғұрып) көрініс
2) Айдар (ғұрып)
3) Кекіл (ғұрып)
Енді құрметті « Көмбе » тобы сіздерге берілген тапсырма бойынша осының ішіннен бір ғұрыпты көрініс түрінде тамашаласақ.
Үшінші топ: 7 сынып оқушыларынан құралған «Атамекен» тобы
Сіздерге «Қазақтың салттары» тапсырмасы берілген болатын
Салт
Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне , тұрмыс тіршілігіне , ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған салттар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтетін болсақ:
1) шілдехана (салт)
2) Кіндік кесер (салт)
3) Бесіке салу (салт)
4) Қырқынан шығару (салт)
5) Тұсау кесер (салт) көрініс
Енді құрметті « Атамекен» тобы сіздерге берілген тапсырма бойынша осының ішіннен бір салтты көрініс түрінде тамашаласақ.
3 кезең
Бүгінгі сайысымыз қызықты өту үшін келесі кезекті танымдық ойынға береміз. Мына қоржында түрлі-түсті асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржынана кез-келген бір асықты алып шыққан санға байланысты сұрақ қоямыз, кәне кім жылдам жауап береді екен…. Бастаймыз.
сары
қызыл
көк
3 3 3
сары
қызыл
көк
4 4 4
сары
қызыл
көк
7 7 7
сары
қызыл
көк
5 5 5
Сары 3 асықтың сұрағы: Үш мақсатты ата?
1) Жол мақсаты-жету
2) Дау мақсаты-біту
3) Сауда мақсаты-ұту
Қызыл үш асықтың сұрағы: Үш арсызды ата?
1) Ұйқы арсыз
2) Күлкі арсыз
3) Тамақ арсыз
Көк 3 асықтың сұрағы:Жігіттің үш жақын жұртын ата?
1) Ағайын жұрт
2) Нағашы жұрт
3) Қайын жұрт
Сары 4 асықтың сұрағы: Төрт түліктің пірін ата?
1) Түйе атасы –Ойсыл қараша
2) Жылқы атасы- Қамбар ата
3) Сиыр атасы- Зеңгі баба
4) Қой атасы- Шопан ата
Қызыл 4 асықтың сұрағы: Төрт қымбат не?
1) Алтын ұяң Отан қымбат
2) Құт-береке атаң қымбат
3) Мейірімді анаң қымбат
4) Бәрінен де ұят пен ар қымбат
Көк 4 асықтың сұрағы: Төрт қонақты ата?
1) Арнай қонақ
2) Құдайы қонақ
3) Қыдырма қонақ
4) Қылғымы қонақ
Сары 5 асықтың сұрағы: Бес дұшпанды ата?
1) Өсек
2) Өтірік
3) Мақтаншақ
4) Еріншек
5) Бекер мал шашпақ
Қызыл 5 асықтың сұрағы: Бес асылды ата?
1) Талап
2) Еңбек
3) Терең ой
4) Қанағат
5) Рақым
Көк 5 асықтың сұрағы: Бес байлықты ата?
1) Әуелі байлық денсаулық
2) Екінші байлық –еркіндік
3) Үшінші байлық-тіл байлық
4) Төртінші байлық-қайрат күш. Ақ жаулық
5) Бесінші байлық- балаңыз
Сары 7 асықтың сұрағы: Жеті жұтты ата?
1) Құрғақшылық
2) Мал жұтау
3) Оба
4) Өрт
5) Соғыс
6) Жер сілкіну
7) Сел, тасқын
8) Қызыл 7 асықтың сұрағы: Жеті қазынаны ата?
1) Ер жігіт
2) Сұлу әйел
3) Ілім-білім
4) Жүйрік ат
5) Құмай тазы
6) Қыран бүркіт
7) Берен мылтық
Көк 7 асықтың сұрағы: Жеті жетімге нелер жатады?
тыңдаусыз қалған сөз-жетім
Киюсіз қалған бөз жетім
Иесіз қалған жер жетім
Басшысы жоқ ел-жнтім
Аққу қазсыз ел-жетім
Елінен айырылған ер-жетім
Замандасы қалмаса ,бәрінен де сол жетім.
4 кезең
Мұғалім:
Ата дәстүр абырой көтергенге
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал-мәтелдерге.
Қазақта «Сөздің көркі –мақал» деген ұғым бар. Ендеше мақалдап сөйлеу жарысына кезек берелік.
Тапсырма бойынша « Атамекен » тобы мен « Көмбе » тобына осы мақалдап айтысу тапсырмасы берілген болатын. Екі топты ортаға шақырамыз.
(Ортаға екі топтың оқушылары шығып мақалдап айтысады)
Мұғалім:
Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ақ көз жеткізген боларсыздар. Енді біздің тағы да бір тобымыз құр қалмасын деген ниетпен бұл топқа да дайындаған тапсырмамыз бар. Ол мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастыру керек.
1) Ұяда…. ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны көрерсің)
2) Ата……. бала (Ата бәйтерек, бала жапырақ)
3) Ер….ез (Ер бір өледі, ез мың өледі)
4) Өле….бөле (Өле жегенше, бөле же)
5) Таяқ…… сөз (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)
6) Сүйіндіреді…. күйіндіреді (Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)
7) Мектеп….. білім Мектеп кеме, білім теңіз)
8) Оқу…..білім
9) Еңбек….. жеңбек (Еңбек бәрінде жеңбек)
10)Әдепті…….әдепсіз (Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала)
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі сайысымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып,саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұлан болашақта халқын да сүйетін,еліне адал қызмет ететін, тілінің, салтының жанашыры болатындығына сенімдемін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар деген қанатты сөздермен бүгінгі сайысымызды аяқтағалы отырмын. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!
Әділ-қазылар алқасы жеңген топты анықтап марапаттайды.
