Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылы
№25 орта мектептің Қазақтілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Нұрымбетова Назгүл Әділханқызы

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің  білімді  ұрпақтары»
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Компьютер, проектор, компьютерлік презентация, кесте,бейнесұрақ.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар  алдымен сайысымызды бастамас бұрын, сіздерді бұл сайыстың  маңызымен таныстырып өтейін. Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 20 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, батырлар беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.        Міне содан бері    20  жыл!    Осыдай ерлікпен қол жеткізген  тәуелсіз елдің мәртебесін асқақтататын жастар сендерсіңдер. Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі өткелі отырған «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары » атты
интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге  біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласұғын данамыз айтқандай қай уақыттада ең бірінші адамға білім қажет.
Қазір біз,  балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді,  білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Сайысқа төрелік ететін мұғалімдер:
1.
2.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен  қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
-дей отырып кезекте амандасу рәсімі және топтың атын қорғау
1 – ші кезекте  «Талай сынды бағындырар қырандар» тобы.
2- ші кезекте «Жарқ еткен  жас жұлдыздар» тобы
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау» – дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейін.
І. «Мақал -сөздің мәйегі»
ІІ. Кім жүйрік
ІІІ. Тәуелсіз ел жетістіктері
ІV. Жорға
V. Біз біргеміз
VІ. Ал, кәнекей топ басшылар
1 кезең: «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталады

Шарты: Бұл кезеңде «Отан оттанда ыстық….» тақырыбымен отан туралы мақал-мәтелден сайысамыз. Топтар бірін-бірінің мақалын қайталамау керек.

2  кезең:
«Кім жүйрік» деп аталады.
Ал шәкірттер алды артын аңдасын
Шешілмеген сұрақтары қалмасын
«Кім жүйрік» бөлімінде
Танымдық пен білгірлікпен жауаптары таңдалсын.
Ойын шарты:Сіздерге әріптер беріледі.
(Сұраққа таңдап алған әріптен басталатын жауап айту керек)
А,Б,С,Ж, Қ

І топ:
1. Сенің ұнататын түсің?
2. Бүгін қай күн?
3. Ұнатпайтын жануарыңды ата?
4.Сенің ұнататын кәсібің қандай?
5.Қазақстан қаласын ата?
6.Адамның басты байлығы?

ІІ топ:
1.Анаңның аты ?
2.Сенің апайлардан естігің келетін ұнамды сөзің?
3.Сүт тағамдары?
4.Сен қандай оқушысың?
5. Сенің жақсы көретін сабағың?
6. Өзің ұнатпайтын құсты ата?

-Жақсы, балалар, сіздер өздеріңіздің тапқырлықтарыңызды көрсеттіңіздер. Рахмет.
3 кезең: «Тәуелсіз ел жетістіктері» деп аталады.
Шарты: Сіздерге тақтада Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі жылдар берілген. Осы жылдарда біз қандай жетістікке жеттік  арнайы берілген уақытта,  тақтаға жауабын жазамыз.

Ендеше ең басты бағытымыз «ТӘУЕЛСІЗДІК» шежіресіне көз жіберейік
1.    1991 жылы Ел Тәуелсіздігін алды
2.    1992 жылы Ел рәміздері бекітілді
3.    1993 жылы Төл теңгеміз айналымға түсті
4.    1994 жылы Елде жаңа Парламент өз жұмысын бастады
5.    1995 жылы Еліміздің Ата Заңы Конституция қабылданды
6.    1996 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны 1991 жылы Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді
7.    1997 жылы Елордамыз Астанаға көшірілді, «татулық пен құғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды
8.    8. 1998 жылы Халықтар бірлігі мен сабақтастығы жылы
9.    9. 1999 жылы Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы
10.    10. 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы
11.    11. 2001 жылы Тәуелсіздік пен достық жылы
12.    12. 2003-2005 жылы Ауыл жылы
13.    13. 2007 жылы Сазгер Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды
14.    14. 2008 жылы Қазақ тілін қолдау жылы
15.    15.  2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ (Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық  Ұйымы)  төрағалық етті.
16.    16.2011 жылы  Ақ Азиада ойындыры өтті
17.    17.2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы тойланады
ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ӘРБІР ЖЫЛ ЖЕТІСТІККЕ  ТОЛЫ  БОЛСЫН !!!
– деген тілекпен 3 кезеңді аяқтаймыз.
4 кезең:             Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін аларыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » – деп  «Жорға» деп аталатын 4 кезеңді  бастаймыз.
Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұрақтарға жауап бересіңдер
Мына сызбаға назар аударыңыздар. Мұнда бірінші тақырып таңдап, сонан соң ұпай сандарын таңдаймыз. Сұрақ  күрделенген сайын ұпай саны жоғары. Бастаймыз.

Жорға. 5 кезең. Тақырып таңдау.
Ертегілер елінде    5    10    15
«Тіл-ұлттың жаны»    5    10    15
Математика ғылым атасы    5    10    15
Табиғат және денсаулық    5    10    15
1.    Ертегілер елінде.
5 ұпай:  Ертегілердің түрлерін ата және арыстан, қасқыр, қоян,түлкі аю қандай ертегілердің кейіпкерлері?
Жауап: Хайуанаттар ертегілеріне жатады.
10 ұпай:  «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата?
Жауап: Қазанғап, әйелі,Кендебай, Керқұла ат,бала, малшы, хан қызы, ақырған арыстан, қара би, алтын құйрықты құлындар,бұлт, жеті басты дәу, Мергенбай батыр, т.б
15 ұпай: Ертегіде  Ер Төстіктің  бейнесі  қалай бейнеленген және аңыз дегеніміз не?
Жауап: «Бір айда бір жастағы баладай,екі айда екі жастағы баладай, үште үш жастағы баладай, бір жаста он бестегі жасөспірімдей, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын алып бала»
Жауап: Олар халық тариханда болған, қоғам өмірінде елеулі орын атақаратын тарихи адамдардың іс -әрекетін бейнелеу
«Тіл-ұлттың жаны»
5 ұпай: Синоним дегеніміз не?
10 ұпай: Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын анықта?
1)Қас пен көздің арасында (лезде)
2)Төбе шашаы тік тұрды(шошыды)
3)Көзге түртсе көргісіз (тас қараңғы)
4)Тонның ішкі бауындай (тату)
15  ұпай: Антоним сөздердің сыңарын тап?
Жұмсақ-қою,сұйық-қатты,сараң-арық,
мырза-семіз,кел-бай,
арзан- кет,кедей-қымбат,
аласа-жарық,қараңғы-ащы,
биік-тұщы

3.         «Математика ғылым атасы»
5  ұпай: Мектептегі сайыста Айнаш басынан санаса да,
соңынан санаса да 5 – ші орында тұрады.
Сайысқа неше адам қатысқан?   9
10 ұпай:   Есепті шығар 5 5 5 5 = 30
15 ұпай:  Логикалық есеп:
Аулада тауықтар мен қояндар жүр.
Олардың барлығы 15 бас, ал аяқтарының
саны 50 болса, аулада неше тауық,
неше қоян бар?
4.         Табиғат пен денсаулық
5 ұпай: Жанғыш пайдалы қазбаларды ата? Жауап: (көмір,газ, мұнай)
Қазақстан еліндегі теңіздерді ата? Арал, Каспий
10 ұпай:   Адам денсаулығына әсер ететін зиянды әдеттерді ата?
Денсаулық туралы  мақал -мәтел айт?
15 ұпай:  Жұмбақ:
Елдер мен қаласы,
Теп-тегіс тақтайдай
Тоғай мен тауы бар
Ойпаты мен даласы
Өзені де ақпайды
Бұл не өзің тауып ал.
Жауап: (Карта)
Қазақстан – бай өлкем шарықтаған,
Толастамай көгінде қалықтар ән
Қазақстан – мекені қайсарлардың,
Қазақстан- Алатау алып далам!

Келесі 5 кезең: «Біз біргеміз» деп аталады.
Оқушылардың тілін және жылдамдықтарын сынау мақсатында «Сөзден сөз құра» топтық жұмысына  кезек береміз.
Екі топқа «Қазақстан» сөзі беріледі. Осы сөзден бірнеше сөз құралуы тиіс. Сіздерге
1 минут уақыт беріледі. Мыс: Қаз, ақ, қазақ, сан, тақа, сақа, тас, сақ,, Ақан, зат т.б
«Білім деген биік шың
Бақытқа сені  жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» – деп келесі
«Ал, кәнекей топ басшылар!»  кезеңін бастаймыз….
Бұл сайыста топ басшыларының топтарын қалай қорғап шығады екен. Кәне байқайық!

І топ басшысына берілетін сұрақтар:
1.  Әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны           / алфавит, әліпби/
2. Республикамыздың рәміздері               (ту, елтаңба, әнұран)
3. Көне заттарды сақтайтын орын           (мұражай)
4. Қасиетті тағам      (нан)
5. Мұсылман діні     (ислам)
6. Ең үлкен бір таңбалы сан?  /9/
7. 1 метрде неше сантиметр бар?   /100 см/
8. Қой пірі ( Шопан ата)
9. Асықтың ең үлкені (сақа)
10. Натурал сандар нешеден басталады? 1

ІІ топ басшысына берілетін сұрақтар:
1. Игерілмеген жер (тың)
2. Жылқы пірі (Қамбар ата)
3. Бір килограммда неше грамм бар.     (1000 грамм)
4. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе,  Жер үлкен бе?     /Жер/
5. Адам алғашқы құралды неден жасады? (тастан
6.  Үш кемеңгер биді ата?   (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
7. Жылдан құр қалған жануар?  /түйе/
8. 1 тәулікте неше сағат бар   /24 сағат/
9. Тұңғыш қазақ ғарыщкері       (Тоқтар Әубәкіров)
10. Екі кісінің сөйлесуі (диалог)
Қорытындылау:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысымызды аяқтай келе сіздердің көңіл сәулелеріңізге нұр шашқандай болдық  деген сенімдеміз. Қазақстан- біздің сүйікті атамекеніміз. Тәуелсіздік алған күн  тарихтағы ұлы күн болып саналады. Міне, бүгінгі таңда осы тәуелсіздігіміздің арқасында көгімізде көк байрағымыз желбіреп тұр. «Отан-өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу»,-деп Ахмет Байтұрсынұлы ағамыз айтып өткендей, туған жерді сүю, тәуелсіздігімізді бағалай білу, әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Болашақтың іргесін қалайтын ,
Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар  сендерсіңдер.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз! – деген ризалық сөзбен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше