Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылы
№25 орта мектептің Қазақтілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Нұрымбетова Назгүл Әділханқызы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты: 1. Оқушылардың «Сөз мәйегі-мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету; 2. Көп ұлтты еліміздің татулығы мен туысқандығын, тілі мен мәдениетін, сөз өнері арқылы дүниетанымын құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Өту барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біздің мектебімізде «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр, себебі 19 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі басталды. Ол ең алдымен тілге, сол арқылы жасалатын мәдениет пен өнерге деген қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі. Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өміріңде өзгеше орын алған мереке – ұлт тілдеріне құрмет көрсетілетін ортақ мейрам. Қыркүйек айының 22 күні «қазақ тілі-мемлекеттік дәрежесін алған күн» болып саналады. Сіздерді осы Халықаралық тілдер күнімен және елімізде тойланып жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойымен құттықтаймын.
Бүгінгі біздің сайысқа мектебіміздегі «Жас ұрпақ» бірлестігінің алқалары қатысады. Бірлестікте бес алқа жұмыс жасайды. Олардың өзінің жоспары, мақсаты атқаратын қызметтері болады. Бүгінгі сайысқа қатысатын алқалар:
1. «Қаламгер» алқасы
2. « Дарын» алқасы
3. «Қабілет» алқасы
Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:
Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген –ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз, оқушының білімге дегенен құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйретуболып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.
1-тур: Мақал-мәтел сайысы.
«Кім көп біледі?»
Қатысушы жұптар мақал-мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар таңдаған тақырыптары бойынша қанша мақал айтса ұпай саны да соған қарап қойылады.)
2-тур: Мақал- сөздің мәйегі
(Тақтада мақалды-мәтелдің басы беріледі,қатысушы жұптар мақалды жалғастырады)
3-тур: Кім тапқыр?
– Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады.
Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады,
жауабын айту керек,
сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң,
жауабына сәйкес мақал айту керек)
Шыңдары шырқау,
Көшіп жүр бір тау.(Түйе)
Мақалшы:
Көрмес түйені де көрмес.
Жұмбақшы:
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.( Қар)
Мақалшы:
Қалауын тапса қар жанар.
Жұмбақшы:
Желден желігеді
Судан шегінеді (От)
Мақалшы:
Отан оттанда ыстық
Жұмбақшы:
Жылт-жылт етеді
Жылғадан өтеді(Су)
Мақалшы:
Судың да сұрауы бар
Жұмбақшы:
Өзімнен өзгенің бәрін көремін.(Көз)
Мақалшы:
Көз қорқақ, қол батыр
Жұмбақшы:
Сылдырдан қорқады, шшошынып жортады (Қоян)
Мақалшы:
Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді
Жұмбақшы:
Білімнің нәрін
тереді, балаға тәлім береді.(Ұстаз)
4-тур: Білімді болсаң, биік шыңға шығарсың
Шарты: Бұл кезең сіздердің қазақ әдебиетінен білімдеріңіз қаншалықты екенін байқау үші қойылып отыр.Сіздерге үш тақырып беріледі , бірінші тақырып,сонан-соң санды таңдап сұраққа жауап бересіңдер.
5-тур: Даналық ойдан дән ізде
Шарты: Жұптар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал – мәтелді таңдап, талдайды
1 ұяшық: Көп қорқытады, терең батырады
2 ұяшық: Көптен дәме еткен, аздан құр қалар
3 ұяшық: Шешінген судан тайынбас
4 ұяшық: Апама жездем сай
6- тур: Не деу керек мұндайда?
( Топтар кезекпен өздері дайындаған жағдаятты сахналайды. Келесілері осындай жағдайда айтылатын мақалдарды жазып отырады.)
1- топ. Ертеде Одағай деген өтірікші болцыпты. Ол баласын өтірікке баулыпты. Бұған әбден машықтанған баласы өтірік айтпаса отыра алмайды екен.Бір жиында әкесінің қасында отырған ол:
– Аспанда ит қыңсылайды ғой – депті.
– Ит ұшатын ба еді? – депті біреу.
– Бағана бір құс күшік көтеріп кетіп еді,әлі өлтірмеген екен ғой – депті Одағай. Сонда бір қария. – Апыр-ай, -. деп өкінішпен басын шайқаған екен.
2-топ.Сырым Бөкен биге сәлем беруге барса, қарт: – Қай баласың?- депті. – Даттың баласымын- депті Сырым.
– Қой баға алмайтын жаманнан да қолақпандай ұл туады екен-ау – дейді Бөкен.
3- топ. Қарындасым бірде даладан жүгіріп келіп: – Құбыжық,құбыжық деп – айқайлап үйді басына көтерді.
– Не болды? – Қайда? – Ол не? – десіп шуласып қалдық.
– Аулада. Ағашқа асылып бері қарап тұр – дейді ентігіп. Бәріміз үрпиісіп қалдық. Әжем сыртқа кеткен.
Бір мезетте сөйлей кірді: – Ай, алла- ай, зәремізді алдың ғой.
7-тур: Біз білмейтін бір мақал
1.Қараңғыда тапқаныңды ханға берме,
Жарықта тапқаныңды жанға берме.
Мағынасы: еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа.
2. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,
Кісі болмас баланың болып келер іші тар.
Мағынасы. Болашақта жақсы азамат болатын бала кішкентайынан көпшіл, кеңпейіл болып келеді.
3. Өзін -өзі сыйлаған ер бақытты,
Өзін – өзі билеген ел бақытты.
Мағынасы: Адам әуелі өз қадірін білсе ғана ел мен жер қадірін де біле алады.
4.Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.
Мағынасы: Қандай жағдай болса да өз – өзіңді сабырлы ұстап үйрен.
Осымен сайысымыз аяқталды
– Сөз кезегі қазылар алқасында …
Жеңген топты марапаттау.
Ата-салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.
– Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін сендерсіңдер, сондықтан сендерге үлкен сенім артамыз.

өте жаксы