Қош келдің , Жаңа жыл!

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қожабақы ауылы
№25 орта мектептің Қазақтілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Нұрымбетова Назгүл Әділханқызы

Тақырыбы: «Қош келдің , Жаңа жыл!»
(Жаңа жыл мерекесінің бағдарламасы)
Алдар көсе:
Мен Алдармын, Алдармын
Шайтанды да алдармын
Алдау деген түк емес,
Мыстанды да алдаймын
Еее… Ту  сонау мектепте болайын деп жатқан Жаңа жыл мерекесіне қалай жетсем болады екен әә? Мыстанның алдап сыпыртқысын алып қашу керек. Оны қалай алдасам екен а…..?
(Осы кезде Мыстан сыпырғышымен ұшып келеді)
О, Өзі де келді бәрекелді!
Мыстан : Сенсің бе, Алдар?
( Алдар екі қолын қосып ішіне қарап тұрады)
Алдар: Мыстан кемпір мазалама мені
Мыстан: Не болды? Не істеп тұрсың?
Алдар: О, Мына тесіктен сонау мектепте болып жатқан Жаңа жыл мерекесін көріп тұрмын
Мыстан: Ей, Алдеке мені Жаңа жылға ешкім шақырған жоқ, берші маған мен де көрейін!
Алдар: Жарайды көрсең көрші Мә қоймадың ғой…….
(Алдар қолындағы бұйымын Мыстанға беріп оның сыпырғышына мініп қашып кетеді)
Мыстан: Ей, Алдар көсеее. Мені алдап кеттің ау! Мен саған көрсетемін (Ашуланып кетіп қалады)
І – жүргізуші:
Жаңа жыл туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл шуылдаған жаңа ормандар
Ал мынау –мәңгі бақи жаңа дүние
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар
ІІ– жүргізуші:
Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік
Баратын болашаққа білек түріп
Біз бүгін Жаңа жылға қол соғамыз
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып
І -жүргізуші:
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
2 жүргізуші бірге қосылып:
Ауыл да нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!
ІІ – жүргізуші:
Қош  келдіңіз  бүгінгі  Жаңа  Жыл  кешімізге
Жаңа табыс  тілейік  ісімізге
Келе  жатқан  Жаңа жыл  құт  әкелсін.
Мына  отырған  барша жан бәрімізге
Ел ісіндей жақсы істердің жанашыры болып жүрген,бүгінгі мерекенің өтуіне ұйтқы болып отырған, ағайымыз бен апайымыз бүгінгі мерекеміздің құрметті қонағы.Ендеше, ұлыстың ұлы күнінде өз ұландарына,өз еліне шынайы мерекелік тілегін айтып, мерекемізді ашу үшін ———————————— сөз береміз.
(Сөз кезегі болған соң)
ІІ – жүргізуші:
Келесі ән сіздің құрметіңізге арналады.  Қабыл алыңыз!
Ән: «Жаңа жыл» әні орындалады.
І – жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны
Шашылар шашу жыр әні
Мынау әсем шыршаға
Аңдарымыз келіп қалыпты
Армысыздар ардақты ағайын, құрметті қонақтар! Біздің Жаңа жылдық шыршамызға қош келдіңіздер!
ІІ – жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Бармысыздар жас достар, ұландар. Сіздерді аңдар патшалығындағы жаңа жыл мерекесін тамашалауға шақырамыз.
І– жүргізуші:
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады.)
( Ортаға Қар қызы  қасына қарларын ертіп келеді)
Қар қызы:
Асу-асу таулардан
Белес –белес жолдардан
Қыс қызығының сәні болып
Біз келеміз қырлардан
Қардан шашу шашамыз
Аппақ құшақ ашамыз
(Осы кезде қасындағы қар қыздар шашырап би-билеп қолдарындағы қарларын талдарға , шыршаларға жабыстырып билеп жүреді.)
Музыка әуенімен ортаға шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Қоян:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян:
Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді.
Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Түлкі
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян:
Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Мен сияқты қызыл түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі
Осы кезде орталарына кipni келеді
Kipni:
Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi:
Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ биің!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр:
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық!
Бәpi:
Жаңа жыл құтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!
«Аңдар » биі биленеді
(Алдар көсе сыпырғышымен ұшып келеді)
Алдар:
Мен  Алдармын алдармын
Шайтанды да алдадым
Алдау деген түк емес
Мыстанды да алдадым
І – жүргізуші:
Алдеке қош келдіңіз! Кімді алдадым дейсіз?
Алдар көсе:
Оу, мыстанның өзін алдап, сыпырғышын алып ұшып келдім. А. Айтпақшы мыстан әжей өте ашулы «Жаңа жыл шыршасына ешкім шақырмады» дей ме білмеймін әйтеуір қаһары қатты…
І – жүргізуші:
Сіз мыстанды алдап ашуландырыпсыз. Оның кесірі бізге тимейме?
Алдар:
Ол жағын білмеймін Мен өзім Жаңа жыл мерекесін тамашалауға келдім. Бастайық!
ІІ – жүргізуші:
Бастасақ бастайық!
Мыстан кемпір:
– Тоқтат, тоқтатыңдар, думанды,
Қара мына қызықты
Мені кімдер ұмытты?
Ха-ха-ха! Бәрін шақырған. Көңіл көтермекші бұлар. Біз ше? Мені ұмыттыңдар ма . Тоқтатыңдар шуды.  Мені алдап соққан Алдар қайда?  Қайда тығылды екен…..
Алдар көсе:
Мыстан апа ашуланбаңыз Жаңа жылды бізбен бірге қарсы алыңыз!
Қар қызы:
Мыстан әжей мен Қар қызы жүрегі мұздан, көңілі аязды желден жаралса да менің өзім де бүгінгі мерекеде жүрегімде шаттық орнап достық мерекесін жасауғы ат салысып отырмын. Бүгінгі мерекеде жаман ой, қараңғы пиғылға жол берілмейді. Бүгінгі мерекенің ұраны сондай!
Сондықтан сізде  өз жүрегіңізге шаттық ұялатыңыз. Қосылыңыз бізге.
Мыстан кемпір:
Ай……. бұл менің қолымнан келе қояр ма екен. Маған тек қараңғылық ұнайды. Сондықтан бұған қосыла алмаспын.
Қоян:
Жоқ-жоқ әжетай …
Сіз олай ойламаңыз. Біздің мерекеміздің шырайлы көркі әсем шыршамыз жарқырағанда сіздің жүрегіңізде де сәуле нұры құйылады.
Мыстан кемпір:
Ондай керемет кімнің қолынан келер екен. Сен де айтасың-ау қоянжан…..
Аю:
Ондай керемет тек қана біздің аппақ пәк, жүректі Қарша қызымыз жасайды.
Түлкі:
Куланып….
Ендеше барлық жүрекке шаттық ұялатар біздің мерекенің ең тамаша сәтіне куә болайық!
Ортада кішкентай қар қыздары шығып таяқшаларымен:
Қыздар бірге:
Қуан шаттан алақай,
Шыршаны жақ балақай,
Бір, екі, үш
Шам жарқырай түс!
Мыстан кемпір:
Шынымен де көздің жауын алған мына әдемі сәулелер менің жүрегіме нұр болып құйыла бастағандай!
І– жүргізуші:
Мыстан әжей бұл шыршаның шырайы бүгінгі мерекенің шынайы келбеті Аяз Ата мен Ақша қар келген кезде толысады ғой.
ІІ– жүргізуші:
Иә, ендеше думанды мерекемізді шынайы қыздыру үшін ортамызға негізгі қонақтарымызды Аяз Ата мен Ақшақар қызымызды шақырып қарсы алайық!
Аяз Ата, Ақшақар……  (Аяз Ата мен Ақша қар келеді )
Аяз Ата:
Амансыңдар ма,балаларым! Сәлеметсіңдер ме, мені қарсы алуға  жиналып отырған ұландарым!
Күні кеше ғана Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойын тойлаған қазақ елі бүгін тағы да мерейлі мереке құрметіне жиналып отыр екен.Біздің осындай ашық аспан, бейбіт заманда әр мерекені қуанышпен қарсы алуымыз осы тәуелсіздігіміздің арқасы және осындай бақытты да, баянды күндер үшін ат салысып жүрген ел басымыздың,ел ағаларымыздың арқасы.
Балалар, әр жылдың әр адамға артар салмағы,сыйы бар екенін білеміз. Сол сияқты келер жылдың сіздерге қуаныш сыйлауымен қатар үлкен міндетін де арқалай келері белгілі. Сендердей білімді де, мейрімді ұланы бар, өзіндік бағыты   қалыптасқан қазақ елі талай Жаңа жылдарды зор деңгейде қарсы алатынына сенемін.
Ақша қар:
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Денсаулықтарың мықты болсын!
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Аяз Ата:
Ау, жарандар! Бүгінгі біздің мерекеміздің үлкен құрметі жаңа жылды қарсы алуға арналады ғой? Ел болып, халық болып үміт еткен Жаңа жылымыз қайда жүр екен, қайда екен?
Ақша қар: Ия Аяз Ата ол үшін Жаңа жылға өз орнын беріп тарих қойнауына аттанатын ескі жылды да ортаға ортаға шақыру керек қой!
Аяз Ата:
Бұл ойың да дұрыс-ақ қызым….
Ендеше жүнді, ақ мамық қояным қайдасың?
(Ортаға қоян шанасын сүйреп шығады)
Қоян:Ата мен мұндамын……
Мен тарих қойнауына аттанар тұста өз орныма яғни жыл төріне шығар Жаңа жылды сіздердің орталарыңызға  алып келдім.
І – жүргізуші:
Бәрекелді ескі жыл Ендеше аппақ арман тілектерді тілей отырып Жаңа жылды қарсы алайық
-Кел,төрлет,Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім
(Қораптан ұлу жылы шығады)
Ұлу сөзі:
Мен Жаңа жылмын, еңселеніп еніп тұрмын,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен келіп тұрмын.
Ойымдағы бар мейірім, қуанышты,
Балдырғандар өздеріңе беріп тұрмын.
Жаңа жылмын білім нұрын шашып тұрмын,
Намыс, жігер бақыт гүлін ашып тұрмын,
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұрмын»
Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз,
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Қоян:
Ал Жаңа жылым қош келдің! Мен иелік еткен биылғы жыл қазақ елі үшін өз тарихында айшықты орны бар берекелі жыл болды. Яғни қазақ елі өз Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойын тойлады.Болашағынан үміт күттірер жастары бар бірлігі мен тірлігі тасыған қазақтай ұлы елдің келесі сенің жылыңда да берекелі, мерекелі күндердің куәсі бол  атынына сенемін. Ал енді мен сіздермен қош айтысып тарих қойнауына енемін. Қош сау болыңдар!
(Қоян шығып кетеді)
ІІ – жүргізуші:
Келген сайын көңілді өсірерсің,
Ұлы болсын ,бастаған осы көшің.
Төгіп-шашпай, тасытып кетсең екен,
Қазақ деген халықтың несібесін! Дей келесі кезекті биге береміз!Қарсы алыңыздар!
Қарша Қыз:
Ау халайық! Ескі жылды қимастықпен шығарып салған жүрегімізді тағы да бір шаттыққа толтырайықшы!

І – жүргізуші:
Мұндай шаттық сыйлау тек қана Қар қызымыздың қолынан келеді. Ендеше Қар қызымыздың әсем әніне кезек берелік.
ІІ – жүргізуші:
Жас достар! Қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жыл, құтты  болсын! Бұл жылы да елімізге тыныштық болып, ырыс-құтымыз азаймасын! Ал , балалар Жаңа жылымыз қасымызда, аңдар патшалығымызда , Аяз Ата Ақшақарымызда ортамызда. Не тұрыс? Ендігі кезекті өнерпаз, білімді, талантты бүлдіршіндерімізге берелік! Әдемі әнімізді,бұралған биімізді,күмбірлеген күйімізді Жаңа жылға шашу ретінде шашайық.Аяз ата қалтасындағы сыйлықтан да құр қалмайық! Осынау мерекені қыздыра түсу үшін,балдырғандардың өздеріне сөз кезегін берейік.
Музыкалық бағдарлама қойылады

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше