Алтын кірпік, ай қабақты арулар
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы №25 орта мектептің
Қазақтілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Нұрымбетова Назгүл Әділханқызы
Тақырыбы: «Алтын кірпік, ай қабақты арулар»
Мақсаты: Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көрнекі жазылған тақырып, қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер, плакаттар, шарлар,үнтаспа.
Барысы: «Қыздарға әсемдік жарасады» әні ойнап тұрады. Екі жүргізуші
ортаға шығады.
I жүргізуші:
Келді ғой көктем, құдірет біткен ғажайып.
Құрметтеп оны жұмыла қарсы алайық.
Ауылда, қырда, Қыз сыны тойы дүрілдеп,
Алаулатып біз бүгінгі кештің отын жағайық.
II жүргізуші:
Құрметті қонақтар,ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Міне
көктем айы да келіп жетті.Көктемнің ең алғашқы айы аналары-
мыздың салтанатты мерекесімен басталады емес пе?
I жүргізуші:
Ия, бұл күн тек аналардың мерекесі емес сонымен қоса өмірге нәр беретін, тал шыбықтай бұралған қыз-келіншектердің де мерекесі .
Қар астынан бәйшешек бой көтергенде көктемнің хабаршысындай болып,
8 наурыз мейрамы да келеді емес пе?
II жүргізуші:
Ендеше көктемгі гүлдей жарқырап,күндей құлпырған мерекелеріңіз
құтты болсын!Бүгінгі «Ай қабақты , алтын кірпік арулар…» атты
қыз сыны байқауын тамашалауға келіп отырған барша қауымға қош келдіңіздер!
I жүргізуші:
Ал,ендеше шалқытып ән салайық,
Өнерпаз аруларға тамсанайық.
Дәстүрін халқымыздың қастерлеген,
Аруларды құрметтеп қарсы алайық!
Арулар ортаға шығады.
1. 10 сынып аруы
2. 9 «ә» сынып аруы
3. 9 «а» сынып аруы
4. 8 сынып аруы
5. II жүргізуші:
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі – дей келе алдымен біздің ару қыздарымызға қоятын талабымыз бар.
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау;
-Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы;
-Киім киісі, жүріп-тұрысы;
-Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Мінеки осының барлығы сынға алынып,әділ-қазылар алқасымен бағаланады.
I жүргізуші:
Барлығыңыз тыңдаңыздар,
Өнерлерін сыйлаңыздар.
Алға шыққан қыздарға
Әділ баға сыйлаңыздар,- деп арулардың өнері-білімін әділ бағалап, төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.
II жүргізуші:
Байқау шарттары:
1.Сәлем- сөздің анасы (таныстыру)
2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)
3.Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)
4. Қыздарға әсемдік жарасады (ұлттық киім үлгісі)
5. «Адамның жан сұлулығы»
( Үй тапсырмасы бойынша қатысушыларымыз кейіпкерлерді сомдайды)
6. Шебердің шыңы ( Қол өнері қазақтың ою -өрнектерін ою)
7. Жанкүйерлер сайысы
Құрметті ару әсем қыздарымыз орындарыңызға бара берулеріңіз сұралады. Сіздерге сәттілік тілейміз!
I жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші.
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазы алқасына әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші деп бүгінгі аруларға сәттілік тілей
отырып, сайысымызды бастамас бұрын аналар мерекесіне арнап «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар!
II жүргізуші:
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
1. Сәлем- сөздің анасы (таныстыру) – деп аталады. Арулар бір-бірден шығып ортаға өздерін таныстырады.
I жүргізуші:
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ару кезектесіп,
Өз өнерін көрсетіп өтсе дейміз.
2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)-деп аталады. Бұл кезеңде арулар өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.
II жүргізуші:
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әр бір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап,сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
3.Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)-деп аталады. Бұл кезеңде жылдамдықты талап етеді.
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша мың бұралған бишілерге берелік.
«Жібек жолы» биі биленеді.
1. «Тәуелсіз демократиялы және құқықтық мемлекет» -деп жариялады . Қай жылы ,қай айда?(1991 жыл 16 желтоқсан)
2. Ана-көркі көгімнің,
Ана –нұры жерімнің-деген өлең шумақтарын әрі қарай жалғастыр!
3. Жиен ел болмайды,
Желке ас болмайды» деген мақалдаға «жиен» дегеніміз кім?
4.2002-2005 жыл аралығы елімізде қандай жыл болып жарияланды?(ауыл жылы)
5.Туғаннан «құлыным» деп аймалаған
Өзіңдей қамқор адам қайда маған.
Дүние аналармен көрікті ғой.
Анасыз бұлбұл құста сайрамаған – деген өлең шумақты күліп,жылап, ұрысып жеткізу.
6. «Ер Тарғын» жырында өзінің сұлулығымен ғана емес, ақыл-парасатымен
де , қайрат жігерімен де көрінген Тарғынның сүйгені кім? (Ақжүніс)
7.Төл теңгеміз қай жылы, қай айда дүниеге келді?(1993 жылы 12 қараша)
8. Ана туралы өлең шумағын айтып бер?
9. Қандай жілік қыз балаға берілмейді?(кәрі жілік)
10. «Мәдениетті қолдау» жылы қай жылы болды?(2000 жыл)
11. Ана туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің?
12. «Төрт аяқтыдан бота тату,
Екі аяқтыдан «бажа» тату деген мақалдағы «бажа» дегеніміз кім?
I жүргізуші:
Сымбатына сын киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларды қызығып қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын бөлімінеде кезек келді.
4.Аруларымыз ұлттық киім үлгісін көрсетеді.
II жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Сахнада көрсетеді әйел кейпін,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
5. Үй тапсырмасы. Бұл кезеңде арулар әдеби шығармалардағы әйел бейнесін сол шығармадан үзінді келтіре отырып образды түрде өт-
кізеді. Мысалы , Жібек, Баян, Еңлік,Бегім сұлу т.б
Келесі кезекті әнге берелік «Кешір ана»
II жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Ас пісіріп нан салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Арулар аянбай –ақ жан салыпты
6.Шебердің шыңы (қазақы ою-өрнек ою) Бұл кезеңде қыз балалардың қол өнерлері сыналады.
I жүргізуші:
7. Жанкүйерлер сайысы
Әзіл –қазылар алқасы өз қорытындысын шығарамын дегенге дейін «Ана туралы жыр» әніне кезек береміз. Қабыл алыңыздар!
Қорытындылау : Қазылар алқасының қорытындысы.
Марапаттау
