Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
№16ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
Қоғабекова Әсем Тургинбековна

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Жас ұрпақтың мәнерлеп оқуын жетілдіру. Оқушыларға ұлтжандылық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, суреттер.
Өтілу барысы: I жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген оқушылар!
II жүргізуші:
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
I жүргізуші:
Мектебіміздің білімді оқушылары арасында өткелі отырған «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты мәнерлеп оқу сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
II жүргізуші:
Ал халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Биден шашу шашайық.

Байбилдина Жанеркенің орындауында қазақ биін тамашалыңыздар.

I жүргізуші:
Сан ғасырлар тарихы мол кешегі,
Туған жердің шежіресі кешегі.
Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан,
Болашағы бізбен бірге өседі, – дей келе тәуелсіз елдің талантты, дарынды жастарын ортаға шақырайық.
(сайыскерлерді ортаға шақыру)
II  жүргізуші:
Әділ қазы- ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда әрдайым,
Сарапқа сап әділдікпен шеш дәйім – деп сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысайық.
1. Култасова А. Ж. (оқу ісінің меңгерушісі)
2. Шингисова А.И. (тәрбие ісінің меңгерушісі)
3. Торгаева А.И. (қазақ тілінің пәнінің мұғалімі)

I жүргізуші:
Уа, халайық!
Мұнда назар салайық.
Сайысты біз бастайық.
Сайыскерлерге сөз берейік.
1.    Таныстыру
2.    Өлеңін мәнерлеп оқу
3.    Сахнада өзін-өзі ұстауы
II  жүргізуші:

Шаймағанбетова Жасмина атты бишімізді ортаға шақырамыз.

Қорытынды
I жүргізуші:
Тәуелсіздік-11әріп құраған,
Сан ғасырлар бар қазаққа бол арман.
II жүргізуші:
Тәуелсіздік- қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек жан-тәніңмен ұғып біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал талдайын, жеткіншекке қызыл тіл.
Т- әріпі білдіреді теңдікті.
Ә-әріпі әдептілік, әділдікті.
У-әріпі уайымсыз уақытты.
Е-әріпі егемендік, елдікті.
Л-әріпі дейді лағып лепірме.
С-әрпі сенімділік секілді.
І-әріпі ілтипат пен ізет қой.
З-әріпі зиялылық тілек қой.
Д-әріпі шақырады достыққа.
І-әріпі іркілмей тек шындықты айт.
К-әрпі дейді күн бол көктегі.

Біздің күйші қызымыз Дариғаны ортаға шақырамыз.

I жүргізуші:
-Иә, сонымен, Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?
– Өз алдында дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімге тәуелді болмай, ішкі, сыртқы саяси мәселелерді өзі шеше алатын мүмкіндігі бар елді Тәуелсіз мемлекет деп атаймыз.

Матабозова Тансұлудың түрік биін тамашалайық.

II жүргізуші
Осымен сайысымыз аяқталды.
Сөз кезегі қазылар алқасында –деп әділ қазыларға сөз береміз.
(Сайыстың қорытындысын жасап, мақтау қағаздарымен марапаттау)

Барлыбаева Әнелдің өнерін тамашалайық

I жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болып келе берер.

II жүргізуші:
Осымен «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше