Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы
№16ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі
Қоғабекова Әсем Тургинбековна
Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты: 1) ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал- мәтелдерді оқушыларға үйретіп ұғындыру;
2) ой белсенділігін, сөздік қорын молайту;
3) Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу;
Барысы: Жүргізуші: Құрметті ұзтаздар, оқушылар, сайысққа қатысатын ұландар, бүгін өтетін «Мың бір мақал, жұз бір жұмбақ» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысққа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейін.
(I айналым 2 тапсырмадан тұрады. 1 тапсырмада әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады. 2 –тапсырмада мақалдың алғашқы жолын жүргізуші оқиды, ал ойыншы жалғастырады.Жалғастыра алмаса көрермен жалғастырады.)
I айналым
1тапсырма. Дайындап келген мақалдарын айту.
2-тапсырма. Мақалды жалғастыру.(жалғастыра алмаса көрермен жалғастырады.)
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.
Ұлдың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
Ақыл –тозбайтын тон,
Білім- таусылмайтын кен.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
II айналым
Жұмбақ шешу сайысы. Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады.
(1- тапсырмада өздері дайындап келген жұмбақтарын бір –біріне айтып шешуін айтады. 2- тапсырмада жүргізуші жұмбақ айтады,ойыншылар жұмбақтың шешуін табады.)
1-тапсырма. Өздері дайындап келген жұмбақтарын бір- біріне айтып, шешулерін айту.
2- тапсырма. Жүргізуші жұмбақ айтады, шешуін табады. Шеше алмаса, көрермендер шешеді.
Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар. (Пияз)
Асқар тауда
Қалың орман,
Оны кейде
Шөптей орған. (Шаш)
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (Кітап)
Көше бойлап аяндайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
Күмбір-күмбір күйі бар
Құлағына құйып ал! (Домбыра)
Тақылдатып таңдайды
Уақыттан бір қалмайды. (Сағат)
III айналым
Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады. Жұмбақшы шешуін табады. Ал мақалшы жұмбақтың шешуіне байланысты мақал айтады.
Баласымын даланың,
Туғаннан дақсыз қарамын.
Қыс келсе жұртты жылытып,
Үйді-үйге барамын. (Көмір)
Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң- шешен,
Ақылы асқан көсем. ( Кітап)
Кітап- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың. (Аққу)
Аққуды атуға болмайды,
Достықты сатуға болмайды.
Төңкерілмейтін күбі,
Көтерілмейтін күбі.
Шүпілдеп-ақ тұрса да
Көрінеді түбі. (Құдық)
Оқу инемен құдық қазғандай.
Қорытынды. Жеңіскке жеткен топты анықтап, марапаттау.

……………… шаласынан от шаласы жаман